Серік Мырзалы философия оқу құралы


сөзімен халықты елдің заңдарын бұлжытпай  орындауға бағыттауы қажет; алтыншыдан, елбасының  денсаулығы



Pdf көрінісі
бет110/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

сөзімен
халықты елдің заңдарын бұлжытпай 
орындауға бағыттауы қажет;
алтыншыдан, елбасының 
денсаулығы
, дене күші жақсы болуы 
керек; ол оған соғыс жүргізген кезде әсіресе қажет болады; 
Әл-Фараби ел басшылығына лайықты, осы көрсетілген қасиеттердің 
бәрі бойында бар тұлғаның сирек кездесетінін атап өтеді. Сондықтан 
бұл қасиеттер екі тұлғада жиналса, онда олар бірігіп басқарсын дейді. 
Ал екі адамның бойынан табылмай, 4-5 адамнан табылса, олар бірге 
қосылып басшылық жасауы керек. 
Сонымен қатар елбасына керек негізгі қасиет – ол даналық. Егер 
белгілі бір уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда 
елдің бірінші басшысы тіпті болмай-ақ қойсын, ондай қалаға қауіп 
төнетінін ескертеді ұлы ойшыл.
Біздің бүгінгі қоғамдағы қиындықтарды жеңу үшін, үкімет 
басындағы саяси дегдар топтың биік дәрежеде болуы – қажетті нәрсе.
Оларды Әл-Фараби қалдырған өсиеттермен салыстырсақ, онда 
жетістіктерімізді және кемшіліктерімізді көруімізге болады. Біздің 
саяси дегдар топ аз уақыттың шеңберінде дүниеде жиналған қоғамды 
жаңарту жөніндегі 
білімді
тез игеруде. 
Тапқырлық
көрсетіп, шет 
елдерден экономикаға инвестициялар тартып жатыр; 
көрегендіктен
де кем емеспіз – қандай қиындықтарды басымыздан өткізіп жатсақ 
та, қазақ елі 2050 жылға қарай қандай дәрежеге көтерілуі керек – оны 
да ойлыстырып қойдық; дүниежүзілік заң шығару дәрежесіне сай 
етіп біршама 
заңдарды
да тудырдық; саяси дегдар топқа талантты 
жастарды
тартып жатырмыз.
Соған қарамастан, жеткен нәтижелер аздау. Оның негізгі себеп-
терінің бірі – даналықтың жетіспеуі. Жалғыз 
технократизм
(білім 
билігі), нақтылы жағдайды, тарихи тәжірибені ескермейтін, арсыз 
саясатқорлыққа әкеліп, Әл-Фараби айтқан надан қалаға жеткізуі 
мүмкін. Сондықтан саяси дегдар топқа зияткерліктің дәрежесін көтеріп, 
саяси шешімдерді солардың сараптауынан өткізіп отыруы қажет қой 
деп ойлаймыз. 


129
Міне, осыдан 1000 жыл бұрын өмір сүрген бабамыз Әл-Фараби 
даналығы – оның қалдырған терең ойларының бүгінгі біздің өмірі-
мізге сай келіп, алдымыздағы қиын мәселелердің шешімін табуға 
көмектесіп жатқандығы болса керек. Жалпы, кең түрде, философия 
тарихы, осы жағынан алғанда, ешқашан, қандай көне заманда пайда 
болса да, ескірмейді, ондағы жиналған ойлар біздің шабытымызды 
оятып, жаңа көзқарастардың дүниеге келуіне, олардың өткен тарихпен 
сабақтастығының тереңдеуіне әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет