Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет111/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Ибн-Сина мен Ибн Рошд
Әбу-Әли Ибн-Сина
(980-1037 жж.) Бұхара төңірегінде дүниеге 
келіп, 1037 жылы Хамаданда қайтыс болды. Ұлты – тәжік. Еуропа 
халықтарына 
Авиценна
деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде 
«Логика», «Риторика», «Поэтика», «Физика», «Жан туралы», «Метафи-
зика» т.с.с. атауға болады. 
Авиценна дүниежүзілік ағарған қауымға өзінің шығармашылы-
ғының екі жағымен таныс.
Біріншіден, Ибн-Сина – үлкен ғалым-дәрігер болған адам. Ол өзінің 
артына әртүрлі ауруларды жазатын шөптердің қосындыларынан жаса-
латын 1000 дарынің рецептін қалдырған. Оның «Ғылым тізбегі» деген 
еңбегі Батыстағы ортағасырлық университеттерде 400 жыл бойы негізгі 
оқулықтардың бірі болған. 
Ал енді оның философиялық көзқарастарына келер болсақ, өзінің 
болмыс ілімінде Ибн-Сина неоплатонизмнен қалған эманация идеясын 
кеңінен қолданып, дүние Алланың-бірінші себептің (өзіне-өзі қажетті 
барлық) ағып-тасуынан пайда болды деген пікір айтады. 
Сөйтіп, өзіне-өзі жеткілікті, сонымен қатар өзіне сыймай тасып 
аққан алғашқы себеп сатылы түрде орналасқан ақыл-ой, жан-дүние, 
аспан әлемдерін тудырады. Оқырманның байқағанындай, Ибн-Синаның 
ілімі, бұл жағынан алып қарағанда, Әл-Фарабидің көзқарасына өте 
жақын. Тек Ай астындағы әлемді Әл-Фараби он бір сатыда орналас-
тырса, Ибн-Сина он сатыда деп есептейді. 
Ибн-Синаның Болмыс ілімінде «өмір сүру» мен «мән-мағынаға» көп 
көңіл бөлінген. «Өмір сүру – нақтылы, мән-мағына – дерексіз. Мысалы, 
нақтылы адам мен итті алсақ, олар өмір сүріп жатыр. Ал олардың мән-
мағынасы – адамгершілік, хайуандық – дерексіз, олар нақтылы адам 
мен иттің алдында өмір сүрген», – дейді ұлы ойшыл. Нақтылы адам-
дар, жануарлар т.с.с. дүниеге келеді, кетеді, ал олардың мән-мағынасы – 
мәңгілік, өз-өзіне жеткілікті, болу я болмаумен, қажеттілік, я 
мүмкіндікпен байланысты емес. 


130
«Дүниеде нақтылы өмір сүріп жатқан нәрселерді біз болуы мүмкін 
дейміз, өйткені олардың өз-өзіне негізделетін болмысы жоқ. Олар 
белгілі бір себеп пен кездейсоқтықтың негізінде дүниеге келеді, басқа 
жағдайда дүниеге келмеуі де мүмкін еді. Ал қажетті барлықты ала-
тын болсақ, ол бар және оның болмауы мүмкін емес, өйткені ол өзін 
негіздей растай алады. Ол, әрине, Алла тағала, Ол бұл дүниедегі болуы 
мүмкін және болып жатқан нәрселерден бөлек», – деген пікірге келеді 
ұлы ойшыл. 
Ибн-Сина өзінің онтологиялық ілімінде діндегі «Құдай жоқтан 
барды тудырды» деген пікірге қарсы шығады. Егер дүние жоқтан пайда 
болса, онда дүниенің пайда болуының іс-әрекеттік себебі Құдайдың 
жаратуға дейін іс-әрекеттік себебі болмаған екен ғой деген ойға әкеледі, 
онда Құдайдың ол қасиеті қажетті емес, оның терең мән-мағынасынан 
шықпайды. Олай болса, ол өзгереді, ал оның өзі оның кемеліне келме-
ген, жетілмегендігінің көрінісі Құдайдың абсолютті жетілген алғашқы 
себептігіне қайшы келеді. 
Ибн-Сина Құдайды, діндегі сияқты, табиғатқа оның Жарату-
шысы ретінде қарсы қоймайды. Құдай дүниедегі барлықтың алғашқы 
себебі болғаннан кейін, материалдық дүние Құдайсыз, ал Құдай бұл 
дүниесіз өмір сүре алмайды деген пікірге келеді. Сөйтіп, Ибн-Синаның 
болмыстық көзқарасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет