Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет122/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

қарым-қатынасқа 
түсуге
, құштарлықтан деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз «өрлеу» 
дегенде 
ары қарай даму, жетілу
мағынасына ие боламыз. 
Міне, «Қайта өрлеу» деген ұғым осыны көрсетеді. 
§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам 
мәселесіне жаңаша бетбұрыс
Адам мәселесі – бүкіл философияның – сонау Конфуций, Будда, 
Сократтан бастап, Ортағасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті 
философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта өрлеу заманында бұл 
мәселе жаңаша қарала бастады. Ортағасырдағы бұл мәселенің шешімі 
адамның қайшылықты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан, 
адам – жан дүниесі, рухы бар пенде ретінде әрқашанда аспанға 
ұмтылған, басқа тіршіліктен оқшау тұрған Құдайға жақын тұлға. 
Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға 
құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, күнәға баты-
рады, тіпті кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам хайуанның 
деңгейінен де төмен түсіп кетеді. Ал Қайта өрлеу дәуіріне келер болсақ, 
ондағы негізгі жаңалық – ол адамның рухы мен жан дүниесін ғана емес, 
сонымен қатар оның 
тәнін, денесін де ақтау
, оның 
керемет әсемдігін
көрсету, адамның 
дүние-сезімінің 
телегей-теңіз тереңдігін анықтау 
болды. 
Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін салған 
Джаноццо Манетти
(1396-
1459) болды. Өзінің «Адамның абыройы мен артықтығы туралы» деген 


142
еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған дүниесінің сұлулығына 
тоқталып, сонымен қатар сол жаратылған дүниенің ең биік шыңы – 
ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі басқа 
дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, 
әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай 
ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айна-
лыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани денеден тұратын 
адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың Өзін өзіне ұқсатып 
түсінеді. Егер Құдай бүкіл дүниені жаратса, адам өзін қоршаған 
мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады. 
Сөйтіп, адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың Өзімен парапар-
лығы – Қайта өрлеу заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының 
біріне айналды. 
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ой-
шыл – 
Лоренцо Валла
(1407-1457) болды. «Ләззат алу жөнінде» деген 
еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік 
іс-әрекеті арқылы ғана болатыны туралы пікірге келеді. Табиғаттың 
тіршілікке берген ең негізгі заңы – «өзінің өмірі мен денесін сақтап, 
оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару» сезімдік іс-әрекетсіз бол-
майды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат 
алуға тырысуы керек. Ләззат – «жан мен дененің рақатқа батуы» 
ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың ортағасырлық тақуалыққа 
қарсы бағытталғанын байқау қиын емес. 
Жастай өмірден кеткен талантты ойшыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет