Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет121/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

жеке адамдардың 
іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар 
өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай суретші, мүсінші, дәрігер, 
жазушы, сәулетші т.с.с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, 
сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой өрісіне қарсы сезімдерді 
туғызады, өйткені олардың ой-санасы, дүниетанымы, шығармашылық 
ізденістері діннің шеңберінен шығып, жаңа қөзқарасты талап етеді.
Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі – Ортағасырдағы 
уни-
верситеттер
мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола 
бастауы. Олар 
«Studіa Humanіtatіs»
(гуманитарлық пәндерді зерт-


141
теу) деп аталды. Сөйтіп, Қайта өрлеу заманының өшпес нәтижесі – 
гуманистік ағымның сол кездегі қоғам мәдениеті саласында пайда 
болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым 
философиялық ой-санаға ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық 
нормаларға, әдебиет пен көркемөнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын 
тигізді. Негізгі идеясы жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын 
өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. 
XIV ғ. екінші жартысынан бастап, көне классикалық грек және 
латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам 
өсе бастайды. Олар мәдени саладағы маңдайалды үлгі, білім алғысы 
келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалана бастайды. Гуманистік 
әдебиет білім мен ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. «Қайта 
өрлеу» деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық 
мәдениетке деген құштарлықтан шығаруға болады. Алайда бұл талпы-
нысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде 
қайта оралу деп түсінсек, ол қате болар еді. Оны біз қайта оралу, көне 
мәдениетке 
баға
беріп, өз заманынан 
бөлу
, сонымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет