152
ол өз заманы емес, бүкіл адамзат тарихында болған шығармашылық
мүмкіншілігі ғажап адам еді. Оны біз тіпті жан-жақты дамыған
адамның мұраты деп атасақ, артық болмас.
Ол өзінің әйгілі «Джокондасымен» (Мона Лиза) я болмаса «Құпия
кешкі отырыс» суреттерімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-
анатомиялық, физиологиялық зерттеулерімен, неше түрлі техникалық
жобаларымен (қазіргі танкті, мата тоқу станогін, әуе ұшағын,
парашютті, гидротехникадағы шлюздерді ойлап шығарған) тарихта
мәңгі қалды. Ол өз заманында механика, физика, астрономия, геология,
ботаника, анатомия және физиология мәселелерімен айналысты.
Өзінің философиялық қөзқарастарында Л. да Винчи адам мен
табиғатты салыстырып, адамның дүниедегі барлық тіршіліктен жоғары
екенін, ал ол жасаған мәдениет туындылары табиғаттың «жасаған» зат-
тарынан анағұрлым биік екенін көрсетті.
Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып, Леонардо да
Винчи эмпиризмнің алғашқы нышандарын жасады. Тәжірибе арқылы
ғана ақиқатқа жақындауға болады. Ары қарай тереңдеу үшін мақсатқа
лайықты тәжірибе-эксперимент керек. Бірақ табиғат тәжірибеден тыс
қалған көп себептерден де тұрады. Сондықтан ақиқатқа жетудің соңғы
жолы – теория. «Ғылым қолбасшы болса, нақты іс-қимыл – әскер», –
дейді Л. да Винчи.
Адам айнала қоршаған дүниені тек қана ғылыми жолмен танып қана
қоймайды. Өнер – ол да танымның ерекше жолы.
Егер ғылым дүниенің сандық жағын ғана зерттей алатын болса, онда
өнер дүниенің сапалық, қайталанбайтын, әсем, нақтылы жағын көрсете
алады. Бұл жағынан ұлы суретші өнер ғылымнан биік деген пікірге
келеді. Расында да, Л. да Винчи шығармаларын алып қарасақ, онда
адамның дене құрылысының өлшемдері анатомия ғылымына сәйкес, ал
бет-әлпеті мен жан дүниесін ол терең психолог ретінде көрсете білген.
Достарыңызбен бөлісу: