151
еске салсақ, Кальвиннің бұл қағидасы алғашқы іскер адамдарға
өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді.
Батыс Еуропадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адам-
гершілік бағыт берген – көбінесе, Ж.Кальвиннің тақуалық ілімі. Егер
сенің
істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәкаппарланба,
керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кемтарларға көмектес, байлығыңды
шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш т.с.с.
Сонымен, кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне,
кәсіби іскер-
ліктің Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар
өте
жауапты іс екендігіне, Жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын
анықтауға атсалысты.
Бүгінгі Қазақстан қоғамында өтпелі дәуірдегі нарықтық эконо-
мика, жеке меншіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. Біз
басқа елдердің өмір салты, деңгейі,
тұтынатын тауарлары, мәде-
ниеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің адамдар «көпшілік
мәдениеті» атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жайында
«безендірілген», көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады.
Сондықтан жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын
халық ізгілігіне жұмсаудың (жаңа жұмыс орындарын ашу,
мәдениетті
қолдау, кемтарларға, карылерге көмектесу т.с.) орнына, дереу үлкен
сарай салып, астына шетелдегі байлар сияқты қымбат машина мінеді.
Осы тұрғыдан қарағанда, қазір біздің де сонау Қайта өрлеу заманында
болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде
енгізуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: