188
Күндердiң бiр күнiнде барлық аралар моральдық жолға, iзгiлiкке
бетбұрыс жасайды. Сол сәтте ұяда таңғаларлық өзгерiстер пайда бола
бастайды. Байлық пен той-думан келмеске кетiп, ұя бiрте-бiрте әлсiреп,
соңында құриды.
Бұл ертегiден шығарған Б.Мандевильдiң қорытындысы: бiр
жағынан, жақсы өмiр сүрiп, екiншi жағынан, адал болу мүмкiн емес.
Оның негiзгi себебi – адам өзiнiң терең табиғатына сәйкес өзiмшiл, тек
өзiне болғанын қалайды. Әрине, мұндай идеяны Б.Мандевиль тарихта
бiрiншi болып айтып отырған жоқ, оның алдында Т.Гоббс та осындай
пiкiрде болған. Бiрақ, оның ойынша, адамның моральдық тұрғыдағы
терiс жақтары қоғамның өмiр сүруiне кедергi емес, керiсiнше, оны
күшейтiп бiрiктiредi. «Бiздiң бұл дүниедегi зұлымдық дегенiмiз,
моральдық, я физикалық тұрғыдан алсақ, шынына келгенде, – ұлы
принцип, соның арқасында бiз әлеуметтiк пенделермiз, егер зұлымдық
күндердiң бiр күнiнде жойылса, онда қоғам күйреп, тiптi ыдырап кетуi
мүмкiн», – деп қорытады Б.Мандевиль.
Егер А.Шефтсбери моральдың қайнар көзiн адамның табиғатынан
шығарса, Б.Мандевиль, керiсiнше, «мораль – қоғамның туындысы, ал
моральдық құндылықтарды тудырған – ұлы тұлғалар» деген пiкiрге
келедi. Олар адамдарды өздерiнiң құштарлықтарына тосқауыл қоюға,
қоғамдық жалпы мүдделердi биiк дәрежеде ұстауға үйреттi.
«Моральдық құндылықтардың пайда болуы туралы зерттеу» деген
еңбегiнде Б.Мандевиль қоғамға әлдебiр зұлымдықтың қажеттiгi мен
пайдалылығынан гөрi, оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнiн баса айтып,
моральдың пайда болуының қайнар көзiн содан көредi. Әрине, оның
мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ ойшылдарға өзiнiң
зор әсерiн тигiзiп, әртүрлi пiкiрлердi туғызды.
ХVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистiк және
материалистiк бағытына қарсы шығып, идеализм жолын қорғаған епи-
скоп
Достарыңызбен бөлісу: