Серік Мырзалы философия оқу құралы


Д.Юм және оның сындық скептицизмi



Pdf көрінісі
бет167/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
Д.Юм және оның сындық скептицизмi
Давид Юм
(1711-1776 жж.) – ағылшын философы. Негiзгi еңбегi – 
«Адамның табиғаты жөнiндегi трактат»
. Бұл еңбегiнде Д.Юм барлық 
ғылымдардың iргетастарының тұрақсыздығын және бiлiмi бар оқыған, 
білімді адамдардың сол кездегi философияға қанағаттанбайтынын 
көрсетедi. Ал оның негiзгi себебi, Д.Юмның ойынша, адамның 
табиғатының терең зерттелмегенiнде.
Адамның дүниетаным мүмкiндiктерi қандай? Д.Юм қайсыбiр 
философияның негiзгi мәселесi осы болуға тиiс деген пiкiрге келедi. Ол 
дүниетануда бiрiншi және екiншi сапалар қағидасының құндылығын 
мойындамайды. Тек қана сезiмдiк қабылдау адамның дүниетанымының 
негiзiнде жатыр. Олай болса, ол – философиядағы сенсуализм бағы-
тының өкiлi. Бiрақ Д.Юмның ерекшелiгi – ол сезiмдiк танымнан 
метафизикалық, яғни ең жалпы дүние жөнiндегi қағидаларды тудыруға 
болмайды деген пiкiрге келуiнде.
Егер өзiнiң философиясының негiзiн Д.Беркли Құдайға әкелiп 
тiреген болса, Д.Юм, «материя» ұғымы сияқты, Құдай идеясының 
өзiн бiз дәлелдей алмаймыз деген ойға келедi. Бiзге берiлген – тек 
қана түйсiктер мен олардың әртүрлi байланыстары. Олай болса, 


190
философияның негiзгi мақсаты – түйсiктердiң өзара байланыстары 
арқылы берiлетiн идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана.
Демек, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар – 
әділетті өмiр сүрiп жатқан «мән», я болмаса тәжiрибеге дейiн берiлген 
«идея» (apriori) емес, өзiнiң эмпириялық, яғни тәжiрибеден шығатын 
мазмұны бар байланыстар. Мысалы, таныс адамның суретi өзiнiң 
ұқсастығымен ол жөнiндегi бiздiң идеяларымызды оятуы мүмкiн.
Екiншiден, ол – кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi қатар пайда 
болатын байланыстар. Мысалы, егер үйден бiрнеше шақырым ғана 
алшақта болсақ, жақындарың жөнiндегi байланыстар мыңдаған 
шақырым алшақтықтан гөрi анағұрлым айқын.
Үшiншiден, танымдағы көп кездесетiн байланыстар себептiлiкке 
негiзделген. Себептiк, Д.Юмның ойынша, дүниедегi заттардың 
арасындағы қарым-қатынастан пайда болады. Себептiк iс-әрекеттен 
алда болуы қажет. Бiрақ ол себептiктiң iс-әрекеттi тудыратынын 
мойындамайды, оны бiз дәлелдей алмаймыз. Сонымен, Д.Юмның 
ойынша, себептiк – тек қана бiрiнiң артынан бiрi келетiн сезiмдiк 
әсерлер, алдыңғысын бiз себеп, соңғысын iс-қимыл деймiз.
– Осылайша қоғамның моральдық саласына да қарауға болады. Ол 
да күнделiктi өмiрде қалыптасатын байланыстарға негiзделедi. Солар 
арқылы бiз жанымыздағы адамдардың жан дүниесiн сезiнiп, оның 
қайғысын, я болмаса қуанышын бөлiсемiз, – дейдi ағылшын ойшылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет