Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауының



Pdf көрінісі
бет169/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

«Римдiктердөрлеуi мен құлдырауының 
себептері»
деген еңбегiн жазады. Мұнда оның тарих философия-
сын байқаймыз. Ол тарихты дiни жолмен түсiну (христиандық прови-
денциализм), я болмаса оны неше түрлi кездейсоқтық уақиғалардың 
жиынтығы ретiнде қараудан бас тартады. Оның ойынша, «әрбiр 
мемлекеттiң өрлеуi мен құлдырауының, күшеюi мен әлсiреуiнiң жалпы 
рухани және физикалық себептерi бар».
Көне замандағы римдiктердiң өрлеп, күшеюiн Монтескье азаматтық 
құндылықтардан, адамдардың өздерiнiң жеке мүдделерiнен гөрi, 
қоғамның жалпы мүддесiн жоғары қойып, соны жан-тәнiн салып 
қорғауға тырысқанынан көредi. Ал мұндай патриоттық, азаматтық 
құндылықтардың өзi саяси бостандықтың, республикалық басқару 


192
жүйесiнiң болуымен байланысты.
Монтескьенiң 
«Заңдардың рухы жөнiнде»
деген еңбегiнде 
ойшылдың әлеуметтiк-философиялық көзқарастарын байқаймыз. 
Қоғамның өмiр сүруi мен дамуын Монтескье заңдардың сапалығымен 
байланыстырады. Егер белгiлi бiр қоғамның ерекшелiгiн түсiнгiңiз 
келсе, онда сол елдегi қабылданған заңдарды зерттеңiз. Қоғам жөнiндегi 
мұндай түсiнiктi жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас» деп атап кеттi.
Монтескье қоғамдағы заңдарды екiге бөледi. Бiрiншiден, ол – 
«табиғи заңдар», олар адамның биологиялық табиғатынан шығады. 
Екiншiден, әлеуметтiк заңдар.
Табиғи заңдардың негiзгiсi – өмiр сүру, ол үшiн азық табу керек. 
Егер Т.Гоббс ол үшiн адамдар тартысқа түсiп, «бәрi бәрiне қарсы 
соғысатынын» айтса, Монтескье, керiсiнше, жалғыз адам әлсiз 
болғандықтан, басқалардан көмек iздейдi, басқалармен бейбiт өмiр 
сүруге тырысады деген пiкiрге келедi. Сонымен бiз Монтескьенiң 
адам алғашқы сатысынан бастап, әлеуметтiк пенде болды деген ойда 
болғанын көремiз.
Қоғам өмiрiндегi қайшылықтардың пайда болуының негiзiнде 
адамның басқалардың есебiнен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның 
өзi адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтiру керектiгiн 
туғызып, дүниеге мемлекет келедi.
Монтескье құқықтың үш түрiн анықтайды. Бiрiншi, халықаралық 
құқықтар – мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке 
келтiредi.
Екiншi, саяси құқықтар – мемлекеттегi басшылар мен халықтың 
арасындағы қатынастарды ретке келтiредi.
Үшiншi, азаматтық құқықтар – адамдардың өзара қатынастарын 
ретке келтiредi.
Монтескье мемлекеттi басқарудың үш түрiн анықтайды. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет