Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет178/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

өзгерту керектiгi
жөнiнде тамаша ойларды 
философияға енгiздi. Ол үшiн олар философияға диалектиканы, яғни 
даму тұжырымдамаларын өмiрге енгiздi.
Немiс философиясының келесi ерекшелiгi – Л.Фейербахтан басқа 
барлық немiс ойшылдары – идеализм бағытының өкiлдерi. Егер француз 
ағартушыларының көбi материалистiк атеистiк бағытта болса, И.Кант, 
Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы философтарды бiз материалистiк бағытқа 
жатқыза алмаймыз. Бұлар, керiсiнше, адамның санасы, рухының 


203
құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар олар рухтың тарихи 
дамуын, ақыл-ой мен зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн, 
рухани өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк пен әсемдiктiң дүниедегi ең 
биік тамаша құндылықтар екенiн көрсете бiлдi. Ендi әңгiменi нақтылай 
түсiп, сол немiс классикалық философиясының көрнектi өкiлдерiнiң 
шығармашылық жолын сараптайық.
§ 1. И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы
Иммануил Кант
(1724-1804 жж.) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг 
(қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп, бар өмiрін сол жерде 
өткізген. Жастайынан әлсiз бала болып, өзiнiң денсаулығына мұқият 
қарауға мәжбүр болған. Өмiрiнiң аяғына шейiн қатаң тәртiптiң негiзiнде 
өмiр сүрiп, денсаулығын сақтап қалу үшiн тiптi отбасын құрудан да бас 
тартқан.
И.Кант 1745 ж. жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жараты-
лыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына 
дейiн философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн 
зерттеушiлер «сындық кезең» деп атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл 
уақытта жарыққа шығарған негiзгi үш еңбекгi «сын» деген сөзден 
басталады. 
«Таза зерденi сынау»
, негiзiнен, дүниетаным мәселелерiне 
арналған, 
«Практикалық зерденi сынау»
мораль мәселелерiне, 
ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет