211
«оның мүшелерiне
орасан зор ерiктiк берiледi, олай болса, олардың
арасындағы қайшылықтар да өмiр сүредi», – деп қорытады И.Кант.
И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкiл адамзаттың құқықтық-
азаматтық ахуалына қарай дамып келедi,
бiрақ оған толығынан бұл
дүниеде жету мүмкiн емес. «Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы
мәдениетi оның моральдық жетiлуiне қарағанда анағұрлым тез дамып
келедi. Бұл адамзат алдында тұрған
үлкен үрей
», – деп есептейдi
ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан
кейiнгi уақыт бұл кiсiнiң
ойының негiзсiз емес екенiн ашық көрсеттi: тек өткен ХХ ғ. өзiнде-ақ
екi дүниежүзiлiк соғыста миллиондаған адамдар соның құрбаны болған
жоқ па ?!!
Сондықтан И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды,
халықтар арасындағы алауыздықты қалайша жою керек, адамзат
өмiрiнде «мәңгiлiк бейбiтшiлiктi» қалай
орнату керек деген сияқты
көкейтестi сұрақтарға жауап беруге тырысты.
«Бүгiнгi таңда халықаралық қатынастарда үстемдiк жасайтын
құқық емес, тек қана зорлық-зомбылық», – деп қорытады ұлы ойшыл.
Соғыс – адамның өз-өзiне мақсат еткенiн аяққа басады, сондықтан «ол
болмауы қажет».
Соғыс болмауы үшiн мемлекеттер арасында тек қару-жарақ болып,
олар өздерiн өзара қорқытып ұстауы қажет, я болмаса болашақта бүкiл
адамзатты бiр ғана дүниежүзiлiк мемлекеттiң аясында бiрiктiру қажет
деген кең тараған пiкiрлерге И.Кант үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. Оның
ойынша, мемлекеттер арасындағы қару-жарақ, күш
теңдiгi ертелi-кеш
әрқашанда бұзылады, ал бүкiл дүниежүзiлiк мемлекет халықтардың
бостандығын аяққа басар едi.
И.Канттың ойынша, тек қана бүкiл жер бетiндегi мемлекет-
тердiң ерiктi федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси
дербестiгiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк бередi. «Ол
халықтар одағы
болар едi, бiрақ ешқашанда халықтардың мемлекетi болмауы керек», –
деп ойлайды И.Кант. Сөйтіп, ол ұлттық мемлекеттiң өмiр сүру құқын
осылайша қорғайды.
Бүкiл адамзаттық-азаматтық ахуалды жақындату үшiн, халы-
қаралық келiсiмдер қатаң сақталып, мемлекеттiң iшкi iстерiне басқалар
араласпай, халықтар арасында сауда-саттық, мәдени байланыстарды
дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың
бұл саладағы негiзгi
идеялары өз заманын басып озып, бүгiнгi уақытта да өзектiлiгiмен
байқалады.
И.Канттың философиясы дүниежүзiлiк философия тарихында өзiнiң
өшпес iзiн қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына қарағанда, И.Кант
ХIХ ғ. немiс философиясының негiзiн ғана қалап қоймай, ХХ ғ. көп
философиялық толғауларға өзiнiң әсерiн тигiздi.