Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет182/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

антино-
мия
дейдi, өйткенi бiрiншi тұжырым мен оған қарсы бағытталған 
тұжырымның екеуi де тең дәлелденедi. Осының әсерiнен зерде шешiл-
мейтiн қайшылыққа келiп тiреледi.
И.Канттың төрт космологиялық идеясын осы жерде келтiрейiк:
1. Әлемнiң басталған уақыты 
мен кеңiстiктегi шеңберi бар. 
Ол шектелген.
1. Әлемнiң уақыттық шеңбер-
дегi басы және кеңiстiктегi 
шеңберi жоқ. Ол – шексiз.
2. Әлемдегi қайсыбiр күрделi 
субстанция тұрпайы бөлшек-
терден тұрады.
2. Бiрде-бiр күрделi зат тұрпайы 
бөлшектерден тұрмайды. Дү-
ниеде бiрде-бiр тұрпайы нәрсе 
жоқ.
3. Дүниедегi құбылыстардың бә-
рiн шығаратын табиғаттың 
заңдылықтарының негiзiндегi
себептiлiк жалғыз емес. Кей-
бiр құбылыстарды түсiну 
үшiн ерiктi себептiлiктiң бар 
екенiн мойындау қажет.
3. Дүниеде ешқандай ерiктiк 
жоқ. Дүниедегiнiң бәрi тек 
қана табиғи заңдылықтардың 
негiзiнде өмiр сүредi.
4. Дүниеге оның бiр бөлшегi, я 
болмаса себебi ретiнде жата-
тын сөзсiз қажеттi мән болуы 
керек.
4. Еш жерде абсолюттi қажеттi 
мән – дүниеде де, дүниенiң 
сыртында да – себеп ретiнде 
жоқ.


207
Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетiлген антиномияларында iргелі 
философиялық мәселелер көтерiлген. Антиномияларда қарама-қарсы 
жатқан тұжырымдар өте өткiр түрде берiлген, сондықтан оларды 
диалектикалық тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн 
болашақта Г.Гегель диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады.
Сонымен, Жаңа дәуiрде И.Кант Қайта өрлеу заманындағы ғалым-
дардың iлiмдерiн жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың 
маңыздылығын әлемге паш еттi.
Моральдық мәселелер
Ендi И.Канттың теориялық зердесiнен өтiп, оның практикалық 
философиясына көшуге уақыт келдi. «Практикалық зерде» деп ол 
моральдық салаға әртүрлi принциптер мен нормалар беретiн зерденiң 
қабiлетiн айтады. И.Канттың ойынша, «Ерiктiктiң негiзiнде болуы 
мүмкiннiң бәрi практикалық зердеге жатады».
И.Кант өзiнiң философиясында моральдық саланы ғылыми салаға 
қарағанда анағұрлым жоғары қояды, өйткенi моральдық сала өз-өзiне 
жеткiлiктi, автономиялық ахуалда өмiр сүредi. Мораль адамды дүниеде 
болып жатқан емес, 
болуға тиiс
биiктiктерге итередi. Адамның әртүрлi 
сезiмдерiнен шығатын тiлек, өзiме ғана болсын деген ойдан шығатын 
iс-қимыл, пайдакүнемдікті көздейтiн әрекет – мұның бәрi де моральдық 
салада есепке алынбауы керек, өйткенi оның бәрi де күнбе-күнгi күйкі 
өмiрлiк тәжiрибеден пайда болады.
Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзiне моральдық 
принциптердi ұсынады: біз өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен 
шығатын нормаларды басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет