Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет184/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
парыз
бен 
бақытты
бiр-бiрiне қарсы қояды. Егер мен 
басқа адамға жақсылықты оны сүюдiң, жақсы көрудiң негiзiнде жаса-
сам, онда ол iс-әрекет өзiнiң моральдық жағын жояды. Моральдық 
жолда адам тек қана парызды басшылыққа алуы қажет. И.Канттың 
ойынша, тек қана «Парызды орындадым» деген ой ғана адамды 
өзiн бақыттымын деген сезiмге әкеледi. 
«Парыз, сен сәулеттi, ұлы 
сөзсiң!» 
– деп қорытады И.Кант.
Әрине, адамдардың қарым-қатынасында, олардың iшкi ойлары мен 
сезiмдерi үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бiрақ 
нақтылы жасалған iс-әрекеттi де естен шығармаған жөн. Нақтылы 
күнбе-күнгi өмiрде бiз бiреудi сүйемiз, екiншiнi жек көремiз, үшiншiнi 


209
сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезiм тебiренiсінсiз ешқандай қарым-қатынас 
жоқ, олай болса, мораль саласынан адамның сана-сезiмiн алып тастау 
тек қана дерексіз теорияда ғана болса керек.
Ерiктiк мәселесi
И.Канттың ойынша, адам ерiктi түрде үзілді-кесілді қатаң талап-
тарды мүмкiндiгiнше толық орындауы керек. Зорлықтың негiзiнде 
атқарылатын моральдық талаптар жоқ. Бiрақ бұл теорияда ғана. 
Ал нақтылы өмiрде, құбылыстар әлемiнде, адам көбiнесе бол-
жамды талаптарға кездеседi. Бұл жағдай оның жан дүниесiнде үлкен 
қайшылықтар тудырады.
Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант қатаң талап шынайы 
өмiрде толығынан емес, тек соның талабына шексiз жақындау арқылы 
шешiледi деген пiкiр айтады. «Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете 
ала ма?» – деген сұраққа ол былайша жауап бередi: «Мораль бiздің 
өзiмiздi қалайша бақытты етуіміз керектігі туралы iлiм емес. Ол бiздің 
қалайша бақытқа сай болуымыз керектiгiн көрсетедi».
– Бақытты адам деп бiз өмiрден ләззат алғанды, иә болмаса барлық 
нәрсе соның еркi мен тiлегi арқылы орындалғанды емес, тек қана өзiнiң 
өмiрдегi парызын орындап, iс-қимылына қанағат еткендi айтамыз, – деп 
қорытады ұлы ойшыл.
И.Канттың ойынша, ешкiм және ешқашан тек қана парыз 
идеясының негiзiнде өмiр сүре алмайды. Жоғарыда айтқандай, тек 
қана трансценденттiк шексiздiктiң аясында ғана қатаң талаптың толық 
орындалуына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет