Серік Мырзалы философия оқу құралы


жекелiк , я болмаса  қауымдастық



Pdf көрінісі
бет221/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

жекелiк
, я болмаса 
қауымдастық
негiзiнде дамуы керек пе? – деген 
сұраққа жауап ретiнде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмiр 
сүру – Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың 
шеңберiнде ғана рухани бiрлiк бар. Қоғамның дамуының негiзiнде 
бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керiсiнше, адамды сүю, достық, 
өзара көмек беру жатуы қажет. 
«Бiз сүйiп сенемiз, олай болса, өмiр 
сүремiз» 
деген нақыл сөздiң астына әрбiр славянофил өз қолын қойған 
болар едi.
§ 2. В.С.Соловьевтiң «бәрiнiң бiрлiктегi» философиясы
Владимир Сергеевич Соловьев 
(1853-1900 жж.) – аса дарынды орыс 
дiни философы. Адамның әлеуметтiк-мәдени және дiни қажеттiліктерiн 
өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық 
дiндегi бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын 
бiрiктiрiп, дiни көзқарасты ғылымдағы ашылған ең жаңа деректермен 
толықтыру қажеттiгiн айтты. 
В.С.Соловьевтiң философиясының негiзгi идеясы – 
дүниедегi бәрi-
нiң бiрлiгi.
Ол оны, славянофильдер сияқты, халықтың бiрлiгiне 
теңемейдi, оған ғарыштық, яғни 
онтологиялық
мән-мағына бередi. 
Оның ойынша, болмыс, өмiр сүргеннiң бәрi – бiрегей, бiр-бiрiн қамтып 
жатыр. Болмыстың төменгi деңгейi жоғарыға өтуге, жоғарыдағы 
төмендi бойына қамтуға тырысады. Дүниенiң бiрлiгiнiң негiзiнде Құдай 
жатыр. Ол – Жаратқан мен жаратылғанның бiрлiгi. Бiрақ В.С.Соловьев 
Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пiкiр айтады. 
Оның ойынша, Ол – «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде 
iс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.
Бiздi айнала қоршаған ортаны кемелiне келiп, еш мiнсiз жаратылған 
дүние деп айтуға болмайды. Оның негiзгi себебi – Құдай – 


254
Абсолюттiң өзiнiң 
iштей қайшылығы
. Дүниедегi барлығын қамту 
үшiн көптiк қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан 
мән-мағынаға бөлiнiп, Аристотельдiң терминiмен айтсақ, әртүрлi 
заттардың энтелехиясын, яғни iшкi мақсатқа лайықтылық дамуын 
қамтамасыз етедi. Ал дүниедегiнiң бәрiн бiрiктiрiп, рухани күш-
қуат беретiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет