Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет322/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

«экзистенциалдық вакуум»
деген ұғыммен бередi. Өз 
болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбiр адамдар 
рухани жүдеулiктен арылу үшiн «Құдайды iздеу» жолына түссе, 
екiншiлер нашақорлық пен iшiмдiктiң сағымында жүреді, үшiншiлер 
қоғамдағы тәртiпке қарсы бағытталған қылмыстық iс-әрекеттерге, 
төртiншiлер суицидке (өз-өзiн өлтiру) дейiн барады. Өзiнiң гуманистiк 
көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмiрдегi ахуал қандай қиын болса 
да, тiптi жазылмайтын сырқат, өлiмнiң өзi болмасын, адам өз өмiрiнiң 
мән-мағынасын жоғалтпауы керек, – деген терең ойға келедi. Өзiнiң 
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi Бухенвальд концлагерiнде болған 
экзистенциалдық тәжiрибесiн сараптай келе, В.Франкл өз өмiрiнiң 
мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, 
ал өмiрдiң мән-мағынасын жоғалтқан көпшiлiктiң «малға ұқсайтын 
тобырға» айналып құрығанын айтады.
Әрине, реформа барысындағы бүгiнгi қиын-қыстау жағдайларда 
бiршама адамдар бұрынғы ұстаған жан дүниесiндегi құндылықтардан 
айырылып, сонымен қатар жаңа құндылықтарды қабылдай алмай, 
экзистенциалдық вакуумде жүргендерi баршамызға аян. Мұның өзi 
неше түрлi «әлеуметтiк ауытқудың» түрлерiн туғызып, реформаның 
ары қарай өрлеуiне өзiнiң кеселiн тигiзiп отыр. Мұндай қиын жағдайда 
экзистенциализм iлiмiнiң «әлеуметтiк ахуалға» сiлтегеннен гөрi, жеке 
тұлғаның ерiктi iс-әрекетiнен шығатын таңдауға, ал оның өзi белгiлi бiр 
жаңа ахуалды тудырып, өмiрдiң жаңа арнасын ашуының мүмкiндiгiн 
көрсетедi деген құнды пiкiрiне оқырманның назарын аударғымыз 
келедi.
§ 6. ХХ ғасырдағы дiни философия
ХХ ғ. ғылым мен техниканың керемет жетiстiктерi – адамзат-
тың ғарышты игерiп, өз пайдасына жаратуы, атомның iшкi орасан 
зор күш-қуатын адамзат игiлiгiне пайдалануы, осы екi мега-әлем мен 
микро-әлем арасындағы ашылған миллиондаған табиғат сырлары, бiр 
қарағанда, дiни философияны қоғамдық сананың шеңберiнен алысқа 
ығыстырып тастаған болар деген ой келедi. Алайда мұндай пiкiр 
шындыққа сай келмейдi, өйткенi бiздiң жоғарыдағы ой-өрiсiмiз тек 
қана дiннiң гносеологиялық (танымдық) түп-тамырын ғана қамтыды. 
Ал оның өзiн тереңiрек қарар болсақ, «ұлы мәртебелi Табиғат» қаншама 
iшкi сырларын әлi де болса құпия сақтап, адамдарды адастыруда...
Ал ендi дiннiң әлеуметтiк түп-тамырына келер болсақ, дүниедегi 
зұлымдықтың салмағы ең болмаса бiр граммға кемiдi ме екен?!! Хиро-


352
сима мен Нагасаки, Бухенвальд трагедиясынан өткен адамзатқа мұндай 
сұрақты қоюдың өзi артығырақ болар.
Ендi дiннiң психологиялық түп-тамырын сараптасақ, бiз жағдайдың 
бұрынғы дәуiрлермен салыстырғанда өрши түскенiн байқаймыз. Егер 
бұрын өлiм мәселесi жеке адам толғанысының шеңберiнен шықпаса, – 
қандай қантөгiстi соғыс, я болмаса, эпидемия, жер сiлкiну, топан су 
болса да, бiрде-бiр адам бүкiл адамзат тарихының ары қарай жалғаса 
берерiне ешқандай күмән келтiрмеген болса, – ХХ ғ. екiншi жарты-
сында ондай күдiк пайда болып, өрши түстi (ядролық соғыстың салда-
рынан бүкiл жер бетiндегi тiршiлiктiң құрып кету мүмкiндiгi, сездiрмей 
жақындап келе жатқан экологиялық апаттың үрейi т.с.с.). 
Мiне, жоғарыдағы көрсетiлген және басқа да жүздеген себептер 
ХХ ғасырдағы дiннiң ары қарай етек жайып өсуiне, олай болса, дiни 
философияның да қоғамдық санадағы алатын үлесiнiң молаюына әкелiп 
жеткізгені – дәлелдеудi талап етпейтiн қағидалар. Олай болса, қазiргi 
дүниежүзiлiк дiндердегi қалыптасқан ахуал, дiни философиядағы жаңа 
ойлар мен тебiренiстер зерттелiп, оқылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет