362
басқа адамдарға да көмектесуi, рухани жетiлуде бiршама биiк
жетiстiктерге де жетуi мүмкiн. Бiрақ ең құнды сатыдағылар –
саттва-
лықтар
, «нағыз iшкi рухани тереңдiктi көргендер», – деп қорытады
С.Вивекананда.
ХХ ғ. үндi халқының көрнектi саяси қайраткерi, ойшылы
Сарве-
палли Радхакришнан
болды. Оның айналысқан негiзгi мәселесi – Үндi
және Еуропа мәдениеттерiнiң қарым-қатынасы. Оның ойынша, үндi
халқының мыңдаған жылдар бойы жинаған рухани қазынасы мол.
Бiрақ бай мұра ешқашанда бiздiң ой-өрiсiмiздi торға қамап тастамауы
керек. Керiсiнше, ол Батыс мәдениетiмен диалогқа түсiп, оның құнды
элементтерiн игеруi керек. «Еуропоцентризм» мен «Азиацентризм»
деген ұғымдар бiржақтылықты көрсетедi, өйткенi дүние жүзiндегi
бiрде-бiр дiн Абсолюттi айқын бiлдiре алған жоқ
. Олай болса, бiрде-
бiр дiннiң басқалардың алдында артықшылығы жоқ.
Үндi елiнiң рухани мұрасын үш құрамдас бөлiкке – дiн, филосо-
фия және психотехникаға бөлiп, оның өзегiн С.Радхакришнан дiннен
көредi. Оның негiзгi себебi – «абсолюттiк ешқашанда таным арқылы
жеткiзбейдi, өйткенi бiз шектелген мен салыстырмалыны ғана тани ала-
мыз. Бiздiң шектелген ақыл-ойымыз кеңiстiк пен уақыт, себептiлiктiң
шеңберiнен шыға алмайды... Ой өрiсi осы салыстырмалы дүниенiң бiр
бөлiгi ретiнде абсолюттi тани алмайды. Бұл арада ғылым мен логи-
каны, метафизиканы да сәтсiздiк күтедi», – дейдi С.Радхакришнан. Тек
қана осы дүниедегi болмысқа өз болмысыңмен, жан-тәнiңмен берiлiп
қана абсолюттi сезiнуге болады. Олай болса, абсолюттiк болмысқа жету
жолы дерексіз ой өрiсi арқылы емес, өз болмысыңмен соған берiлуде, ал
философияның шыңына тек қана жан дүниесi таза адамдар ғана жете
алады.
Адам мен адамзаттың рухани жетiлу мәселелерiмен айна-лысқан
келесi үндi философы
Достарыңызбен бөлісу: