Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет334/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Шри Ауробиндо Гхош
болды. Оның ойынша, 
Еуропа мен Үндiстан елдерiнде рухани дамуды тежейтiн көп нәрселер 
бар. Еуропалықтар сыртқы дүниедегi заттарға көп көңiл бөлiп, 
өздерiнiң рухани өмiрiн жоғалтып алса, индустар өмiрге деген күш-
қуаттарын басып тастаған тәрiздi. Шынына келгенде, рухани өмiр 
адамзаттың материалдық өмiрiн өзiне ұқсатып өзгертуi қажет. Бiрақ 
ол неге олай болмай отыр? Осы қиын сұраққа жауап беру үшiн Ауро-
биндо Үндiстан елiндегi мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ахуалға 
көз жүгiртiп, онда мынандай қайшылықты табады: руханияттың 
ерiктi дамуы соған берiлген жеке адамдар арқылы жүрдi де, негiзгi 
халықтың үлесiне енжарлық тидi. Сондықтан қоғамның материалдық 
өмiрi ауыр да ащы құлдыққа айналып, одан қашып құтылудан басқа еш 
амал қалмады. Жеке адамды жетiлдiру iсiмен әртүрлi иога мектептерi 
айналысты, ол үшiн қарапайым өмiрдегi белсендiлiктен құтылып, 


363
тiптi өмiрден бас тарту керек болды. Өз бiлiмiн тарататын ұстаздың 
шәкiрттерi аз болды. Мұндай тәжiрибе ғасырлар бойы созылып, ерекше 
халықтан бөлiнген руханияты таза әлеуметтiк топтың пайда болуына 
әкелiп соқты. Ал мұның өзi материалдық өмiрдiң дамуының түрткiсiн 
жойып, оны тоқыратты. Йогамен айналысатын адамның рухы биiк те 
таза болғанымен, ол қарапайым өмiрден бас тартуға мәжбүр болады, 
оның iшкi ерiктiгi сыртқы өлiммен теңеледi. 
«Егер ол Құдайды тапса, 
онда өмiрден айырылады, сыртқы өмiрге қызықса, онда Құдайдан 
айырылады
. Бұл қайшылықты шешу үшiн жаңа 
интегралдық
(integratio – латын сөзi, толықтырамын, шашылғанды жинаймын деген 
мағына бередi) 
йога
қажет», – деп қорытады Ауробиндо. Оның негiзгi 
мақсаты – өмiрден қашпау, Құдай мен Табиғатты ерiктi де жетiлген 
адам өмiрi арқылы бiр-бiрiне қосу болып табылады. Ол үшiн адам 
белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген қызу iс-әрекет арқылы өз iшiндегi құпия 
жатқан дарындарды сыртқа шығарып, жетiлу жолында универсалдық 
трансценденттiк болмыспен қосылуы қажет.
Жоғарыдағы көрсетiлген тұрғыдан Ауробиндо «Мая» iлiмiн сынға 
алады. Көне үндi философиясында «бұл дүние – Мая – ұлы сағым» 
деген iлiм болатын. Шынына келгенде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет