Серік Мырзалы философия оқу құралы


дүниеге деген көзқарастың



Pdf көрінісі
бет39/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

дүниеге деген көзқарастың 
көптүрлілігі
, ішкі және сыртқы жағына шексіз дүниені танып-білудегі 
кемеліне келген 
соңғы ақиқаттың үзілді-кесілді түрде болмауы. 
Сондықтан соңғы ақиқат – ешбір философиялық ағымда, ешбір аса ірі 
тұлғаның қолында жоқ және 
ол болашақ тарихта да болмайды.
Бұл философияның іргелі ерекшелігі тарихтағы пайда болған әр 
философия ағымының, әр ірі тұлғаның дүние сезімінің, тебіренісінің 
қайталанбауын, оның орны бөлек рухани құндылық екенін көрсетеді. 
Сондықтан әрбір философиялық ағымның ішінен бүгінгі таңда бізге 
керек даналық пікірді, көзқарасты табуға болады. Мысалы, көне 
замандағы Шығыс ойшылдарының «ортаңғы жолымен жүру» қағидасы 
бүгінгі таңдағы біздің «біржақтылы-ғымыздың» қателігін көрсет-
пей ме?
Көшпенділердің дүниеге деген көзқарасындағы табиғатты аялау, 
оған табыну қажеттігі бүгінгі таңдағы дүниені қайта өзгерту жолында 


43
экологиялық дағдарысқа келіп тірелген адамзатқа қаншалықты қажет 
десеңізші!!!
Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі – ахимсаны 
(ешқандай тіршілікті жәбірлемеу) алсақ, оның мән-мағынасы да осы 
уақытқа шейін соғыстан құтыла алмай келе жатқан адамзатқа сабақ 
болатындай. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді.
Қорыта келе, біз оқырманды 
философия тарихын жете меңгеруге 
шақырамыз.
Оның шеңберінде телегей-теңіз дана ойлар, нәзік дүние-
сезімді, таңғаларлық ой-өрістерін табуға болады. Ол сіздің өзіңіз-
дің ой-өрісіңізді кеңейтіп, дүниеге терең көзқарас қалыптастырып, 
өміріңіздің терең мән-мағынасын табуға көмектеседі.
Ендеше, сол философия тарихына саяхатымызды бастайық.
Философияның дүниеге келу мәселесі
Философияның дүниеге келген уақыты ғылымда нақтылы көр-
сетілген. Жалпы алғанда, б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. Шығыста да, Батыста да адам-
заттың ұлы ойшыл-бабалары өмірге келіп, философиялық ой-пікірді 
туғызды. Олар: Қытайда – Лао-Цзы, Кон-фу-Цзы, Парсы елінде – Зара-
тустра, үнді елінде – Гаутама Сидхартха, соңынан Будда (ағарған) 
аталған, Грецияда – Сократ, Фалес, Анаксимандр т.б., Палестинада – 
Илия, Исая, Иеремия т.б.
XX ғ. немістің ұлы философы К.Ясперс бұл заманды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет