Серік Мырзалы философия оқу құралы


ян – ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы –  инь



Pdf көрінісі
бет42/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

ян
– ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – 
инь
– керісінше, 
ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әртүрлі 
өлшемде қосылуы бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды 
құрайды.
Б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. Қытай елінде мифологиялық дүниетанымнан фило-
софияға қөшу үдерістері басталады. Сонау көне заманнан бастап, 
Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: 
даосизм
– 
бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші 
ағым – 
Конфуциандық
– ол Қытай халқының моральдық филосо-
фиясы, үшінші – 
Фа-цзя мектебі
– ол Қытайдың әлеуметтік-саяси 
философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманда пайда болып, осы 
уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады. 
Даосизм ағымы
Даосизм бағытының негізін қалаушы – 
Лао-Цзы
(VI-V ғ.б.ғ.д.) «Дао-
децзин» деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары 
мен ізбасарлары IV б.з.д. ғ.ғ. жинақтаған.


46
Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері
Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – 
Дао,
қытай тіліндегі көп 
сөздер сияқты, өзінің бойына әртүрлі мағына сіңірген ұғым.
Дао, бір жағынан, дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде 
түсіндірілсе, екінші жағынан, ол – аспан заңдылықтары, бүкіл дүниедегі 
заттар мен құбылыстар оған бағынышты.
Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз: «...мәңгілік, ол өзгермейді, 
бітімсіз, танылмайды», – дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен, 
ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ – естілмейді, оған ат қояйық десек, 
қалай атарымызды білмейміз: оның аты жоқ. Ол – 
еш нәрсе, бейбол-
мыс.
Дао – бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.
Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы дүниеге, бізді қоршап жатқан сан 
алуан заттарға келер болсақ, олардың әрқайсысының аты бар. Олардың 
бары де қозғалыста, өзгерісте, олар уақытпен шеңберленген, яғни бұл 
дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.
Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы 
«Де»
деген сөзбен 
береді. Дао заттарды тудырса, Де оларды асырайды. Денелік заттардың 
бітімін құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. 
Сондықтан бұл дүниеде Даоны құрметтейді, «Дені» бағалайды.
Адам – жерге, жер – аспанға, аспан – Даоға, Дао өз-өзіне бағынады.
Дао – мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра, оны бұл дүниедегі 
ешбір нәрсе өзіне бағындыра алмайды.
Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер сияқты, 
Дао өзінің бойына дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, 
қайтадан өз бойынан оларды тудырып отырады.
Сонымен, Бейболмыс – бірінші, нақтылы дүние, болмыс – екінші. 
Дүниедегі барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан 
туады. Қазақстанның философ-ғалымы А.А.Хамидов атап көрсеткендей, 
«Шығыс философиясында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет