NBA «жұлдыздарын» көрсететін. Ал біз соларға
ұқсағымыз келетін. Бізді ынталандыратын мақсат болды.
Оның үстіне бапкер үнемі қызықты тапсырмалар ойлап
табатын: жай
баскетбол ойнап қана қоймай, ерекше
жаттығулардың түр-түрімен айналыстық. Біресе қорғасын
құйылған теннис добымен, аяқтарымыз бүгіліп, ойын
кезінде шынығатындай хоккей ойнадық. Біресе, көлді
айнала 17 шақырымды он
келілік ауыр кеудешелермен
жүгіріп өту керек болатын. Кімде кім бір сағат ішінде
үлгермесе, тағы бір айналып шығуы керек. Мен сол
тапсырмаларды орындай алғаныма қуанатынмын. Біз
өзімізге ұнайтын іспен айналысып, өмірден лəззат алдық.
Достарыңызбен бөлісу: