Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет10/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Бесінші сабақ
Өз қызығушылығыңызды табыңыз да, сүйікті
ісіңізбен айналысыңыз
Менен, жас кезде болатын өтпелі кезең, ата-анамен
түсініспеушілік туралы, оны қалай өткергенім жайлы жиі
сұрайды. Білесіздер ме, əке-шешемен қарым-қатынастары
бұл дағдарыстан жəне онымен байланысты түйткілдерден
спорттық тəртіп пен үнемі бір іспен айналысудың
арқасында құтылдым.
Мақсатың болып, оған қол жеткізгің келгенде, сені
ешнəрсе алаңдатпайды: бар назарың сонда болады.
Осындай қызығушылықты таба білу де – аса маңызды.
Баланың белгілі бір іске деген қызығушылығын анықтау
үшін ата-анасы онымен бірге əр нəрсемен айналысып
көруі керек. Қызығушылық танытқан саласын табумен
қатар, оларға бар жанымен сүйетін идея беру,
бастамаларын қолдап, жетістіктерін сұрап отыру маңызды.
Балаларға нақты бір мақсатта жұмыс істеп, өзі сүйетін істе
жетістікке жетуді үйренуі керек. Сол кезде олардың сізбен
«жауласуға» уақыты болмайды.
Өмірде тек өзін жəне өз бойындағы үрей мен
қорқынышты жəне жалқаулық пен сенімсіздікті жеңе
алған адам ғана жеңіске жете алады.
Ал менің достарыммен бірге қызығушылығым
баскетбол болды. Сол кезде түнгі уақытта теледидардан


NBA «жұлдыздарын» көрсететін. Ал біз соларға
ұқсағымыз келетін. Бізді ынталандыратын мақсат болды.
Оның үстіне бапкер үнемі қызықты тапсырмалар ойлап
табатын: жай баскетбол ойнап қана қоймай, ерекше
жаттығулардың түр-түрімен айналыстық. Біресе қорғасын
құйылған теннис добымен, аяқтарымыз бүгіліп, ойын
кезінде шынығатындай хоккей ойнадық. Біресе, көлді
айнала 17 шақырымды он келілік ауыр кеудешелермен
жүгіріп өту керек болатын. Кімде кім бір сағат ішінде
үлгермесе, тағы бір айналып шығуы керек. Мен сол
тапсырмаларды орындай алғаныма қуанатынмын. Біз
өзімізге ұнайтын іспен айналысып, өмірден лəззат алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет