Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Кез келген адаммен ортақ тіл



Pdf көрінісі
бет6/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Кез келген адаммен ортақ тіл
табысуға болады, өзіңе шектеу қоюдың керегі жоқ!
Адамдармен араласа білу – менің жетістікке
жетуімнің ең маңызды факторларының бірі. Өкінішке
орай, жастардың көпшілігі бірінші болып барып, өзіне
ұнаған қызбен немесе беделді серіктеспен тіл қатысуға
қорқады, қол көтеріп, көпшіліктің алдында сөйлеуден
жасқанады… Жастар, 
сөйлесе біліңіздер! Бизнесте
табысқа жету – батылдыққа, тіл табыса білуге жəне
дос бола білуге байланысты.
Үшінші сабақ


Бəрі спорттан басталады
Бала кезімде мінез-құлқымның жəне жан дүниемнің
қалыптасуына спорттың көп көмегі тиді. Барлығы 7
жасымда басталды, ол кезде мен бокспен шұғылдануды
армандайтынмын. Алайда, оған жасым жетпеді. Кеңес
заманында спорттың бұл түріне бала қалыптасып, өз
қимылын саналы түрде басқара алатын 12 жасқа толғанда
ғана алатын. Мен бокспен айналысудың өзіме қажет
екенін айтып, ата-анамды көндірдім. Олар болса,
бапкерден жасымның кіші болғанына қарамастан, мені
қабылдауын өтінді. Өз арманымды жүзеге асырып,
осылайша алғашқы жеңісіме жеттім.
Боксқа деген қызығушылығым өмір бойы басылған
емес, мүмкіндік бола қалса, əлі күнге дейін айналысып
тұрамын. Ал бала кезімде бокстың арқасында өзіме деген
сенімділікті арттырдым. Əрине, бастауыш сыныптарда
бойдағы 
буырқанған 
күш-қайраттың 
салдарынан
достарыммен ойнап, түрлі еркеліктерге бой алдырдым,
тəртібіме қатысты ескерту де алып тұратынмын. Одан
бөлек, оқу үлгеріміме де зардабы тиді. Ата-анам болса
уайымдап, «ұлымызға нашар тəрбие беріп жүрміз» деп
қынжылды. Сол себепті төртінші сыныпта өзімнен жасы
үлкен достарымның бірінің ұсынысымен боксты
баскетболға ауыстырғанымда, əке-шешемнің қуанышында
шек болмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет