мұражай секілді қала. Ұлы өнер ордасы Эрмитаж, аты
аңызға
айналған
Мариинский
театры,
Екатерина
патшайымның сарайы деген секілді.
Маған студент ретінде Ленинградтың барлық мəдени
қырларынан музыка жағы қызық болды. Оның үстіне, 80-
ші жылдары бізге ұнайтын əндерді орындайтын «Кино»,
«Алиса», «Аквариум», «ДДТ» сияқты рок-топтардың
барлығы осы қаладан шыққан. Осында мен Scorpions пен
Владимир Кузьминнің алғашқы концерттерін көрдім.
Қостанайда мұндай мүмкіншілік үш ұйықтасаң да түсіңе
кірмейді.
Бұл қаланың көп адамға жаға бермейтін ауа райына да
бейімделуге тура келетінін елестету қиын болды. Сырттан
келгендерге ылғалдылығы жоғары жəне балтықтың желі
соғып тұратын шаһарда тұру оңайға соқпайды. Ал Питер
үнемі сенің төзіміңді тексереді, шамасы келмегендерді
«жұтып» жібереді. Ондағы өмірге кез келген адам
үйренісіп кете алмайды. Мұнда адамдар қатты өзгереді.
Мен де өзгердім.
Мен үшін Петербор – мүмкіндіктер мен үлкен
сынақтар, шығармашылық пен бизнес, ерке студенттік
шақ пен нар тəуекелге бел буып, батыл қадамдар жасаған
қала. Бұл – ерекше шаһар. Оған алғысым шексіз. Мұнда
қуана-қуана келіп тұрамын, өзім армандаған компания да
осында дүниеге келді. Алайда, мұның бəрі кейінірек
болған жəйттар, ал менің ленинградтық өмірмен
таныстығым
Леснойдағы
студенттік
жатақханадан
басталды.
Достарыңызбен бөлісу: