Ата-анамды жақсы көремін əрі бағалаймын. Олар
маған сенді жəне өз бетіммен шешім қабылдауға
мүмкіндік берді.
Егер анамнан ақжарқын болуды, тіл табыса білуді
үйренсем, əкемнен «аз сөйлеп, көп іс қылу» секілді
қасиеттерді сіңірдім. Əкем анама қарағанда сөзшең кісі
емес, бірақ отбасына деген ықыласы мен қамқорлығын
əрдайым ісімен көрсетіп отыратын. Оның ұстамдылығына,
төзімділігіне тəнтімін. Ешкімнен ешқашан ештеңе
сұрамауды жөн көрді. Əр адамның өмірінде болатындай,
менің де басымнан сəтті, сəтсіз кезеңдер өтті. Ата-
анамның мені сөкпегеніне, ісіме араласпағанына ризамын.
Жай ғана сенді жəне таңдауға мүмкіндік берді. Бұл маған
өз бетіммен шешім қабылдайтын адам болуыма
көмектесті.
Ата-аналарға айтарым: ешқашан балаларға қысым
жасамай, олар үшін шешім қабылдамай, барлығын
ауыздарына тоспай, өз қателіктерінен сабақ алуына
мүмкіндік беріп үйренген жөн. Себебі, сонда ғана олар
мықты əрі табысты адам болып өседі. Менің ата-анамнан
бірде «баланы табысты етіп қалай тəрбиелеуге болады?»
деп сұрағанда, олардың берген жауабы: «оны өзіңізден
алысқа жіберіңіз!», – деді. Ата-анамның үйінен 16
жасымда кеттім, бұл мені өз бетімше өмір сүруге үйретті.
Жетінші сабақ
Тəлімгеріңіз болсын
Өміріміздің əрбір кезеңінде бізге білім, тəлім-тəрбие
беретін адамдар кездесіп отырады. Осылайша, олар
тағдырымызға үлкен ықпалын тигізеді. Өзімнің бірінші
тəлімгерім деп мектептегі бапкерім Сергей Николаевич
Куденконы атай аламын. Сол кісі біз сияқты қарапайым
балалардан алға жоспар құра алатын жəне нəтижеге қол
жеткізе білетін еңбекқор адамдарды тəрбиелеп шығарды.
Бойымызға дарытқан алға мақсат қою жəне тепе-теңдікті
сақтау, өзіңді қорғау жəне кез келген жағдайда өмір сүре
білу қасиеттері үшін алғысымыз шексіз. Бапкерімізбен əлі
күнге дейін байланысымыз үзілген жоқ, атаулы
күндерімен жəне мерейтойларымен құттықтау үшін жан-
жақтан жиналамыз.
Əрқайсымыздың тұлға ретінде қалыптасқанымызды
көру бапкерімізге де қуаныш. Шəкірттерінің бірі – тек
Ресей емес, оның шеңберінен тыс елдерде де ірі
кəсіпорындарды басқарса, енді бірі мектептен кейін
спортпен
арнайы
айналысып,
Кеңес
Одағының
жасөспірімдер құрамасының үздік ойыншысына айналды.
Бұл – оқу мен спорт арасындағы тепе-теңдікті сақтай
отырып, дұрыс берілген тəрбиенің іс жүзіндегі жемісі.
Қазіргі оқытушылар мен бапкерлерге осы тəжірибені
қолдануға кеңес беремін.
Сонымен қатар, менен жасы үлкендеу, биік
жетістіктерге
жеткен
достарымды
да
өзімнің
тəлімгерлерім деп білемін. Олардың əрқайсысынан
əйтеуір бір қасиет болса да, үйрендім. 40 жасқа дейін
өзімнен жасы кіші жақын достарымның болмағаны
сондықтан шығар. Бизнесте де, өмірде де жетістікке
жеткен достарыма тəнті боламын. Олардың өскенін,
өзгергенін, қандай шешімдер қабылдап, нендей істер
жасағанын көріп, қанаттанамын.
Сізден асып түскен достарыңыз болғаны жақсы.
Олардан əлденені үйрене аласыз. Көз алдыңызда
жетістікке жеткен досыңыз немесе тəлімгеріңіз болса,
арманыңызға тезірек қол жеткізесіз.
Достарыңызбен бөлісу: |