Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Егер командаңызда ұжымдық рухты қолдамайтын



Pdf көрінісі
бет9/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Егер командаңызда ұжымдық рухты қолдамайтын
адам пайда болса, онымен қош айтысу керек! 
Мен
бизнесте əлі күнге дейін осы қағиданы ұстанамын жəне
бұл туралы дəрістерімде айтып жүремін. Жаңа директор
келгенде қызметкерлер оның жұмысын бақылайды. Адам
өзіне жүктелген компанияның тірлігін ұршықтай иіріп
əкетсе, өзінің батылдығын, белсенділігін, креативті ойлай
білетінін, əріптестерін құрметтейтінін дəлелдегеннен
кейін ғана, қызметкерлер тарапынан сенім, құрмет, қолдау
пайда болады.
Жастық шақтағы турнирді еске түсіре отырып, мен
қайтадан сол жалынды сезінемін. Бұл ұмытылмастай
болды. Республикалық деңгейдегі жарыс. Онда финалға
шыққандар Кеңес Одағының танымал чемпиондарымен,
жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен кездесетін. Сол
кезде бізге «он төрт команданың ішінен екінші орын
алсаңдар да, жетіп жатыр» дегені есімде. Сондай маңызды
жарысқа капитан ретінде қатысу мен үшін үлкен абырой.
Бапкер мен жігіттердің сенімі – мен үшін маңызды еді.
Өмір бізге əркез жаңа мүмкіндіктер беріп тұрады.
Сол арқылы ақылды əрі бақытты болуға ұмтылуымыз
қажет!
Ойындар Қостанайда өтті. Бұл бізге екі есе
жауапкершілік жүктеді, ал көрермендер үшін нағыз мереке
болды. Нəтижесінде, тəжірибесі көбірек алматылықтар
жеңіске жетті, ал біз еш қайғырмадық. Оларға қарсы
ойнаудың өзі үлкен жетістік еді. Бірінші орыннан еш кем
түспейтін екінші орынды иеленіп, үлкен мақтанышпен
əркім əр қалаға оқуға кетіп, тарастық.


Осы жарыстан алған күш-жігеріміз бізге өмірде
сенімді болуға көмектесті. Сондықтан мен барлығына
спортпен айналысуға кеңес беремін. Спорт – бізді бəсекеге
əлдеқайда қабілетті болуға дайындайды. Менің бокстан
алған сенімділігім жəне бала кезімде жасы үлкен-кіші
демей адамдармен араласып, бойыма сіңірген тіл
табысқыштығым, 
біздің 
командамызды 
біріктіріп,
болашақта өзіндік табысқа жетуіме мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет