Шығарма «Жеңіс, ес, отаншылдық»



Дата23.10.2016
өлшемі128,56 Kb.




Шығарма_Тақырып:_«Жеңіс,_ес,_отаншылдық»'>Шығарма
Тақырып: «Жеңіс, ес, отаншылдық»

Жазған: 11 «Б» сынып

оқушысы

Тащеева Елена



Мұғалiм: Кункакова М.К.

Степногорск қаласы

8-шi орта мектеп

2009-2010 оқу жылы



Шығарма

«Жеңіс, ес, отаншылдық»

Жерге тер төгіп; халыққа қан төгіп

Қызмет етуден аянба.

Б. Момышұлы.

1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы отан соғысы кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді. Бұл күн – Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндердің бірі.

Қазақстандықтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. Көптеген жаунгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады.

Батырлық- жеке адамға тән патриоттық қасиет. Батырлардың ерлігі қазақ ауыз әдебиетінде ежелден жырланып келеді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырлар қалмақ, монгол басқыншыларға қарсы күрестегі ерлігімен көзге түсті.Жоңғарлардың жойқын шабулына және Еділ-Жайық арасындағы кіші қара қалмақтың өктеледігіне қарсы тұрып, қатер бұлтын алғаш түрген Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Ошақты Саурық, Шанышқалы Бердіқожа, Шақпақ Жәнібек, Тама Есет, Керейіт Тайлақ, т.б. батырлар еді.Бұлар халықты жауға қарсы жұмылдырды, елдің еңсесін көтеріп, есін жиғызды, кек алуға шақырды. Атақты Сырым, Бекет, Исатай, Махамбет, Амангелді батырлар қазақ тарихында елеулі орын алады.

Ұлы Отан соғысының (1941-1945) каһарман батырлары арасында 500-ге жуық қазақстандық болды. Олардың қатарында Шығыстың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншук Маметова да бар. Кеңес Одағының Батыры атағы Талғат Бигелдиновке екі рет берілді.

М.Мәметова мен Ә.Молдағұловаға да Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жау қоршауында қалған кіші сержант Е.Сиқымов жалғыз өзі екі сағаттан артық 3 ұрыс жүргізіп, алпыс фашисті жайратты.

Белоруссия жерінде старшина І.Айтықов бес жолдасымен жаудың 38 офицері мен солдатын жойып, плацдармды басып алды. Біздің әскерлер Двина өзенінен аман өтті. Қарағандылық М.Мамырбаев, ақмолалық А.Құрманов, петропавлдық Е.Дәуітов, ақтөбелік К.Жазықов Днепрден өтерде осындай ерлік жасап, біздің әскерледің жау шебін бұзуп өтуіне жол ашты.

Атыраулық М.Баймұқановтың, ақтөбелік И.Білтабановтың, петропавлдық Ы.Ыбраевтың, алматылық Х.Көбеевтің ерлектері құрметпен аталды. Қостанайлық капитан Темірбаевтың ротасы Берлиннің он бір кварталын алды.

Қазіргі деректер бойынша, бес жүз қазақстандық, оның тоқсан сегізі қазақ, сондай-ақ И.Панфилов, В.Клочков сияқты қазақстандық орыс халқының ұлдары Кеңес Одағының батырлары болғанын білеміз. Қазақ халқын әлемге танытқан ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев та батыр.

Ерлігімен елге танылған Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін 45 жылдан соң Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Менің ата-бабаларым да Ұлы Отан соғысына қатысқан. Арғы атам Александр Иванович Тащеевтен бастаймын. Ол соғысқа дейін Евдаково станциясында, Белгород облысы Ситниково селосындағы клубтың меңгерушісі болып жұмыс істеген. Отызыншы жылдың басында отбасымен Қырғызстанға көшіп келген. 1942 жылы 44 жасында майданға аттанды. Александр Иванович Сычевка қаласын босату операциясына қатысып, 1943 жылғы 9 сәуірде ауыр жараланды, содан кейін денсаулықтың жағдайымен 4-ші жорық артиллериялық шеберханаға ауыстырылды. Ол соғыстың аяғына дейін әскери қару-жабдықтарын жөндеді. Соғыс біткен соң үйге оралды, бірақ көп өмір сүрген жоқ, 52 жасында қайтыс болды.

Александр Ивановичтың үлкен ағасы Серафим Ситникова селосынан майданға соғыстың 3-ші күнінде шақырылды. Ол минометтік батарея 4-ші гвардиялық Воронежск коммунистық полкта соғысты. Бір ай өткен соң Брянск майдан бойынша бұйрығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Серафим Иванович 25 неміс солдатын, 15 СС автоматшыларды және 1 неміс офицерін өз мылтығынан өлтіріп, трофей ретінде бір пулемет пен 500 оқ алды.

1943 жылғы 2 қаңтарда ұрыста Николаевка деген селосында ауыр жараланды. Госпитальден кейін – қайта майдан. Николаев, Никополь, Одесса қалаларын босату ұрыстарына қатысқан. 1944 жылғы тамыз айында Молдавияны босатудан кейін старшина С.И.Тащеев ІІІ дәреже Даңк орденімен марапатталған. Австрия астанасы Венада соғысты аяқтады. Майданнан оралып, Қырғызстанда өмір сүріп, 89 жасында қайтыс болды.

Александр Ивановичтың кіші інісі Алексей (1908-1944) соғысқа қатысқан және 1944 жылғы наурызында хабарсыз жоғалып кетті.

Сонымен қатар Александр Ивановичтың үш баласы – Михаил, Иван және Федор әкесінің артынан майданға аттанды.

Менің атам, Иван Александрович Тащеев, 1923 жылы туған. Соғысқа 1942 жылы шақырылды, атқыштар дивизиясында Арғы Шығыста қызмет атқарған. Сахалин аралында Жапония милитаристерге қарсы ұрыстарда 79-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері қаһармандық пен табандылықтың жарқын үлгісі болады. Соғыстан оралып, Қырғызстанда еңбек етті. Майдандағы ерліктері үшін «За победу над Японией» деген медальмен марапатталды. Ақырғы жылдары Белгород облысында тұрды.

Мен өзімнің ата-бабаларымен мақтан тұтамын.



Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге 2010 жылы 65 жыл толады. Осы жеңіске 65 жылдығында ашық аспан астында, бейбіт өмірмен тойлағанымыз үшін ардагер ата-әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Каталог: Pobeda -> Akmol obl
Akmol obl -> Сочинение. Казахстанцы в Великой Отечественной войне. Война святее нету слова, в тоске и славе этих лет
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс естегілер Отаншылдық»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу