Бақыт сыры неде? Эпиграф: Өмірде ақылды болсаң – бақытты болуың оңай
Дата 25.12.2016 өлшемі 8,09 Kb. #5132
Оқушылардың “Бақыт” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту - Бақыт сыры туралы түсінік беру; – Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету; - Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу; "Ойланайық, пікірлесейік" айдары “Адам бақыт үшін жаралған” деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен? - Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе? - Неліктен бақытты құсқа теңейді? - Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе? Бақытқа кенелтетін оқиғалар Данышпанның айтпақ ойы не? «Дүниенің барлық кереметтерін тамашалап, оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласың, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана...» Бұл мультфильмнен қандай ой түюге болады? Бұл жолғы бақыт неде? Бақытты жансың - тіршілік еткен кезіңде , Ермесең егер құл болып сиқыр сезімге! Біреудің бақыт көретін екі көзінде, Біреудің бақыт сұлулығының өзінде... Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде, Бақытты жансың күресіп өтсең өмірде! Осыған ғана сенуің керек. Алайда: Ойлау да керек, бақытты жандар жөнінде! Бақыт жайлы өмірде, Талайлар пікір таласқан Шын бақыт, ол адамның Рухымен ішкі санасқан Бақыт деген–денсаулық, Тіршілігің жасарсқан. Бақыт деген – уақыт Тағдырыңмен санасқан Бақыт деген-адал жар , Көңілге қалу салмайтын. Бақыт деген ұрпағың Өміріңді жалғайтын. Бақыт деген қуаныш Көңілің көкке жететін, Бақыт деген – жұбаныш Барға шүкір ететін Бақыт деген-арманың Қиял қуып өтетін Бақыт деген-ақиқат Иманды жан ететін Бақыт деген - тазалық Пән рахатын табатын Бақыт деген – байлығың, Жоқшылықты жабатын Бақыт деген – бақ құсы Сан сынаққа салатын , Қонғанын да ұшқанын Білмей өзі қалатын Дәптермен жұмыс: Берілген ойды жалғастырып жазыңдар Сәби бақыты, ол - . . . Әйел бақыты, ол - . . Ер – азамат бақыты , ол - . . . Ата – ана бақыты, ол - . . . Дәрігер бақыты, ол - . . . Кәсіпкер бақыты, ол - . . . Ұстаз бақыты, ол - . . . Ғалым бақыты, ол - . . . Ұлт бақыты, ол - . . . Ел бақыты, ол - . . . Адамзат бақыты, ол - . . . Минут сайын сезінем бақыт дәмін, Қуанышқа толады уақыттарым. Айналаның бәрінен бақыт көрем, Арайланып тұрғанда атып таңым. Күні – түні шүкір деп шаттанамын Сәбидеймін , көңілім аппақ әлі! Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап, Бұдан артық бола ма бақ бағалы? “Бақыт деген . . . ” әнін орындау (М. Мақатаев) Достарыңызбен бөлісу: