Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Егер бала кезімнен жайлы өмір сүрсем



Pdf көрінісі
бет4/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Егер бала кезімнен жайлы өмір сүрсем,
қазіргідей адам болар ма едім, кім білсін?
Халил Джибран айтқандай
«жайлылық бізге қызмет
етемін деп келіп, қожайынымызға айналады»
. Бүтінде
осыдан көп жыл бұрынғыға қарағанда, адамдар үшін
жасалып жатқан игіліктер мен мүмкіндіктер көбірек. Бірақ
осы жайлылық адамды босаңсытады. Бəрі алдыңда
жайрап тұрса, əлденеге талпынудың не қажеті бар?!
Мұндай жағдайлар сені тəуекелге бел бууға, білек сыбана
еңбек етуге итермелемейді. Себебі, сені ештеңе
қамшыламайды. Барлық жағдайды жасап қойған. Ал шын
мəнісінде тəуекелге бел буу мен əлденені көбірек атқару
сияқты қасиеттер, күн сайын өнімді жұмыс жасауға
ынталандырады 
əрі 
еңбекке 
деген 
құлшынысты
туындатады.
Сіздердің 
назарларыңызды 
аудартқым 
келетін
алғашқы мəселе – өзіңізге де, балаларыңызға да шамадан
тыс жағдай жасамаңыз. Олар сұрай салысымен қымбат
ойыншықтар, гаджеттер, көліктер сатып алып бермеңіз.
Оның орнына оларды жақсы ойлана алатын əрі алдына


мақсат қойғыш етіп тəрбиелеңіздер. Олар өмірлерінде көп
нəрсеге өз күштерімен қол жеткізіп, табысты əрі сенімді
тұлғаға айналсын. Шамадан тыс жағдай жасаймыз деп, біз
миымыз үшін «жұмыс істетпейтін» орта жасап береміз
жəне жасампаздан тұтынушыға айналамыз.
Бұл мəселенің ушыққаны соншалықты, бүгінде өмір
ширатқан 
«қасқырларға» 
жем 
болатын 
жалтақ
«қояндардың» тұтас буынын өсіріп шығардық. Ата-анам
мені басқаша тəрбиеледі, бала кезімнен «өзімді ренжітуге
жол бермеуді» үйретіп, мені «кішкентай бөлтірік» етіп
өсірді.
Меніңше, 
əрбір адам бастапқы жағдайына жəне
ата-анасының 
қанымен 
берілген 
қасиеттеріне


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет