Қуаныш шонбай екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы 2018



бет1/7
Дата04.10.2019
өлшемі2,23 Mb.
#49230
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕКИНШИ БОЛМА
тарбие сагаты, тарбие сагаты
Қуаныш ШОНБАЙ

ЕКІНШІ БОЛМА!

БИЗНЕСТЕ, КАРЬЕРАДА ЖӘНЕ

ӨМІРДЕ ЖЕНІСКЕ ЖЕТУДІҢ

ҚАЗАҚША ЖОЛЫ

3-басылым



Алматы 2018

ӘОЖ 334


КБЖ 65.292 Ш 79

Шонбай Қ.

Ш 79 Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы. /Қ.Шонбай. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2018. – 240 б.

ISBN 978-601-80680-8-9



Табысты кәсіпкер ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітабында тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі Екі жарым жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәм- ді танымал және беделді брендке айналды. Алайда оны білетіндер осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім, компаниядағы менеджерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт, компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.

ӘОЖ 334


KБЖ 65.292

ISBN 978-601-80680-8-9 © Қ.Шонбай, 2018

©«Versus» қолданбалы жетістік академиясы, 2018 © «Қазақ энциклопедиясы», 2018

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ…………………………………………………………….…7



  1. ТАРАУ. БҰЛ КITAП KIMДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

«Rumi»-дің хикаясы: 2,5 жыл + 8 жыл……………………………….…12

Өкініш. Ұят. Банкрот…………………………………………...….……15

Өзің қандай болсаң, бизнесің де, карьераң да сондай…………………16


  1. TAPAУ. БІЗДE ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМА БАР?

Біздің проблемалар………..……………………………………...….….20

Форманың жоқтығы немесе барың мен жоғыңның айырмашылығы……….....……………...…….. 26 Ішкі комплекс — жеңіс үшін таптырмас қазына………………………31

Сылтау………………………………………………………................…35 Неге Батыс кітаптары бізге көмектеспейді? ………….………………. 37

Батыстағы модель Vs Қазақша модель……….……….….……..……..39 Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізімі………………..….44



  1. TAPAУ. ЖЕНІСТІ АЛЫСТАТАТЫН АДЫРАСПАНДАРЫМЫЗ

Қазақтардың жеңіске жету формуласы……………………...............…46

Жеңістің адыраспандары………………………………..…………...….47

Адыраспандардан қалай құтыламыз немесе мойындау

туралы шындық…………………………………….……………………53

Қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап аласың:

Here vs. Қалай? …………………………………….…………………… 59

Жалпы сұрақ сұрау туралы……………………..……………….....……61 Тарауға байланысты кітаптар тізімі……………………………….……62


  1. TAPAУ. ЖЕҢІСКЕ БАРАР ЖОЛДАҒЫ БАРЬEPЛEP

Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту…………...…...…64

Үйренуді үйрену………………...………..……………..………….……79 Логиканын логикасы……………...…....……………………….....….…92 Пікірді өшіріп, ақылды қосу…………………………………….………94

Кітап оқу шеберлігі……………………………………………...…....…98

Минусты плюске ауыстыру………………………...…………….....…103

Сенде білім бар маәлде жай ғана кругозор ма? ………………..….…105 Жасау мен тырысудың фундаментальды айырмашылығы…..……...107 Жеңіске бастайтын нәрсе – Жасау: ЗАТОК………………………..…116 Георгий Цурцумияның Олимпиададағы финалы:

Барьер VS Адыраспан…………………………….……………………123

Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізімі……………….….124


  1. ТАРАУ. ЖЕҢІС ЖОЛЫНА ТҮСУ

Образ таңдау: Қияли болудың пайдасы туралы…...………………….126

Проблема: Не сен оны қолдан жасап аласың немесе өмірдің өзі мәжбүрлейді…………………………………..…...129 Армандау және қиялдау аспаннан түсетін нәрселер емес…………...133

Жеңіске жеткен адамдардың ортақ тұстары………………………….135 Тарауға кітаптар байланысты мен фильмдер тізімі……………….…136


  1. TAPAУ. БҮГІНГІ КҮН – КЕШЕГІНІҢ БАЛАСЫ

ОКОП – Жеңіске дайындық кезеңі……………………………………138

Адам көркі — шүберек……………………………...…………………140

Мезгілінен ерте гүлдеген ағаш үсікке шалдығады:

Студенттік кезең………………………………………………….….…141

Бәріміз саудагерміз………………………………………………….…142 Өзімізді қалай қымбатқа сатамыз? ……………………………………143

Әлеуметтік желідегі сен:

Аватаркаға тойда түскен сурет қоюдың қасіреті…………………..…147

Келіссөздер – нетворкингтің қазақи нұсқасы…………………...……151

Сен емес сіз: Сөз бен тірліктің ұзақтығы……………………………..162

Тайм менеджменттің қазақша нұсқасы немесе

энергияны басқару…………………………………………………..…163

Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізім..…………………168



VII. ДАМУДЫҢ ТЕГІН ЖОЛДАРЫ

Сапалы адамнан сапалы өнім шығады…..……………………………170

Шедевр……………………………………………………………….…172

Жақсымен өткен жарты сағат…………………………………………176 Майда жеңістер немесе гигантоманияның антипайдалары…………181

Өмірден ләззат алу……………………………..………………………182

Жеңіске жетелейтін әдеттер………………………………….......……183

«Сені біреу ұрса, қалай жауап бересің?»

немесе проактивтілік туралы монолог………………………..………213 Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізімі………………..…214





ТҮЙІН 234

ӘДЕБИЕТТЕР 238



ФИЛЬМОPAФИЯ………………………...……………………………221 Кітап туралы пікірлер……………………………………….…………223



Осы кітаптың жарық көруі – балалық шақтан бері қолдап, қателіктерімді кешіріп, әр бастамама демеу берген асыл анам Үміткен Қапанқызы мен ардақты әкем Рашит Сәткенұлының арқасы.

Оларға деген алғысым шексіз.

Қуаныш ШОНБАЙ



АЛҒЫ СӨЗ

16.8.2017

Словения, Рогашка қаласы...

2017 жылдың шілде айында екі-үш күндей депрессия- ға (күйзеліске) ұшырадым. Себебін анықтап қарасам, сол кезде мақсатсыз қалғандай болыппын. Өйткені, 2015 жылы «Rumi»-ді енді ашқанда, бизнестегі әріптесім Ай- дос мырза екеуіміз соншалықты армандадық, қиялдадық. Ол кезде дайын ресторан (мейрамхана) тұрмақ, қолымы- зда қаражат та, еш нәрсе де жоқ еді. «Rumi»-ді құрсақ, соның жылдық саудасы 5 миллиард теңге болса екен», деп армандайтынбыз, ол бізге қол жетпестей болып көрі- нетін. Бірақ мен сол көздеген табысқа екі жылдан кейін, 2017 жылдың маусым айында жететінімізді түсіндім. Ал енді межелеген мақсатымызды орындап, арманымызға қол жеткізгеннен кейін, мақсатсыз қалғандай болдым. Соның себебінен болар, тағат таппай, күйзеліске ұшыра- дым. Адам үшін мақсатсыз қалу қиын екен. Бұны Виктор Франкл1 «Жексенбілік психоз» деп атайды. Мақсатсыз қалған адам қуыс кеуде болып, вакуумға түскендей күй кешеді. Мен «жексенбілік психоздан» арылудың жолын іздестірдім, сондықтан алдыма жаңа мақсат қойдым Нақтылап айтсақ, ол – 2020 жылға дейін 20 миллиард теңге сауда айналымын жасау. Алдымда бағындырар жаңа белесiм пайда болғаннан кейін бе, маған серпін бер- ген, мені оятқан, сол күйзелістен шығарған бір күштің құдіретін сезіндім. Ол тылсым күш бәлкім энергия болар, немесе жаңа белесті бағындыруға деген талпынысым бо- лар, әйтеуір мен осы кризистен алып шықты. _________________

Өткен екі жылды ой елегінен өткізсем, ешкімнің қол- дау-көмегінсіз, қомақты қаражатсыз жаңа кәсіп бастап, мақсатқа жетуіміздің бірден-бір себебі – арманымыз- дың бізді алға жетелегені екен. Ал осы арман мен қиял- дың күші 20 миллиардқа да жетелеп алып келеді деген сенімім, үмітім бар. Сол күннен бастап кітап жазуды қолға алсам ба деген ой келді, ол да менің бір арманым болатын. Себебі, өзім үшін үлкен бір мақсатқа қол жет- кізгенімді сездім. Қызметкерлеріміздің саны алты жүз- ден асты, тоғызыншы мейрамханамызды аштық, ел ау- зында жүрдік. Атақ десең – атақ, Құдайға шүкір, ақша десең ақшаға қол жеткіздік, белгілі бір нәтиже көрсет- тік. Сол күндері қазақ жастарына, қазақ ауылдарынан шыққан өзім сияқты балаларға жол сілтейтін, бәлкім, үлгі бола алатын, мойныма жүктелген жауапкершілік барын сездім. Өйткені, қазіргі заманда адамдардың бар- лығы арзан ойын-күлкімен, жеңіл жолмен ақша тапқы сы келеді. Көзге көрінген соң айтып жатқаным, елдің барлығы тендермен айналысады, оған қызығады. Сете- вой (желілік) бизнесте де қазақ жастары өте көп. Берері жоқ тренингтерде де өз азаматтарымыз жүреді. Сол кез- де түсінгенім: бауырларымыздың жетістікке талпынысы бар, ұмтылысы бар, алайда нәтиже жоқ.

Елдің алдына шығып сөз сөйлеп жүргеннен кейін, көп адамдар ақыл-кеңес сұрап келеді, соларға да бір жауап ретінде, пайдалы болсын деген оймен, адал ниетпен, осы кітапты жаздым. Кейбір адамдар «өмірдегі бағдарымды жоғалтып алдым», «арманымды білмеймін» деп, ал кей- біреулері еліміздің мықты, беделді жоғары оқу орында- рын бітіріп, «мақсатымды білмеймін» дегенде, осы кітап қалай да жарық көруі керек деген ой келді. Бұл кітап – жалпы қазақ жастарына жол сілтейтін, замандастары ма, еліме пайдасын тигізетін туынды болса деймін. Ал, кәсіппен айналысамын дегендерге бизнестің қыр-сыры туралы әлі де кітап жазбақпын, бұл – болашақтың ен- шісінде. Сондықтан да менің алғашқы туындым осыла

басталды. Негізі, 2008 жылы Стамбұлда жүргенде-ақ кітап жазамын деп армандайтынмын. Оны өзімнің туып- өскен жерім Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса ауылында жалғастырып, кейін Амстердамда немесе Лон- донда нүктесін қою ойда жүретін.

Бәлкім, бұл сол аңсаған арманымның сәл де болса жү- зеге аса бастағаны болар, қазір Словенияның Рогашка қа- ласында қолға қалам алып, кітабымның алғашқы бөлімін бастап отырмын.

«Ашылмаған қанаттың үлкендігі білінбейді» дейді ғой. Біздің тәрбиелеу әдістерімізде қалыптасқан жағдай- лар бар: «анда барма», «мынаны істеме», «қонақтар кет- сін, содан соң жейсің», информатика пәнінде «шұқи бер- ме, ертең компьютер бұзылады» дегендей, көп шектеу- мен өстік. Сондықтан да «мен ешкім емеспін» деген ішкі сезімдер қалыптасады. Сол сезімдер біріге келе «әншей- iн жүрген біреумін, жасаса, жұрттың балалары жасайтын шығар, бұл менің «темам» емес» деген ой келеді Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары бір – «басқадан кем болма», «одан күштірек бол» және тағысын-тағы. Ал бір күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың2 «Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөз- дері есіме түсті. Расында да, біз және идеал біз бармыз. Біз сол мінсіз нұсқамызға талпынуымыз, одан қалыс қа- лып, екінші болмауымыз керек.

Кітап жазу барысында: «Асығыс жазып жатқан жоқ- сың ба?» деген сұрақтар көп болды. Атақты евангелист, венчерлік инвестор, «Apple» компаниясында жұмыс жасаған, талай стартаптың жолын ашқан идеялардың авторы Гай Кавасакидің3 «Егер сен бір нәрсеге қанағат- тансаң, демек, ол затты жасауға кешіктің» деген жақсы сөзі бар. Кітап жазуға кімнің қаншалықты лайық екенін уақыт көрсетер. Мен қазір осы кітапты жазуға бел будым. Қандай да бір жетістігі немесе кем-кетігі болса, бағасын



беру – оқырманның еншісінде. Осы кітапты қолыңызға алып, маған, менің командама сеніп, сатып алып, оқып отырғандарыңызға алғысымды білдіремін.

Бұл кітапты, біріншіден, өзім үшін, өз нәпсімді тыю үшін жаздым, сондықтан да қатты айтсам, өзімлі сынағаным, өзімді сөккенім деп біліңіз. Екіншіден, бұл кітаптың әр жолы түсінікті және жеңіл қабылдануы үшін «Сіз»-ден «сен»-ге өтуді жөн көрдім. Дұрыс қабылданар деп сенемін. Достардың арасындағы әңгіме-дүкен іспеттес, емін-еркін сыр ағыту үшін, осы жерден бастап ойымды «сен»-ге көшіп баяндаймын.

Тағы бір мәселенің басын ашып алайық: кітабымда қазақ тілінен өзге тілдегі сөздерді қолдандым. Мысалы, карьера, проблема, идеал сияқты. Бұл сөздердің қазақ тіліндегі баламаларының жоқтығынан немесе өз тілімді құрметтемегендігімнен емес, айтайын деген ойымның толыққанды жетуі үшін заманауи тілде, түсіндіргім келгендіктен.

Сонымен, бұл кітап неліктен «Екінші болма!» деп аталды, неге «Бірінші бол» емес? Өйткені, біріншіден кейін екінші, үшінші немесе төртінші болуы мүмкін. Ал бұл жерде біз анық біліп алуымыз керек: біздің бірінші жауымыз, алғашқы қарсыласымыз – өзіміз ғана. Сондықтан бұл өмірде өзімізді не жеңеміз, не өзімізден жеңілеміз. Жеңсек – бірінші, ал жеңілсек – екінші боламыз. Бұл кітаптың жеткізетін негізгі ойы, бәлкім, пәлсапасы – өзіңмен ғана жарысуға тиіссің, сенің бәсекелесің өзің ғана, сондықтан екінші болмай, бірінші болуға лайықсың деген тілекпен жазылған кітап. Құрметті бауырым, қарындасым, әпкем, інім, ағам: Дәл саған кітабымның мысқалдай да болса пайдасы тисе бақыттымын, мақсатымның орындалғаны деп білемін. Сондықтан осы кітапты бір деммен, басынан соңы дейін оқып шығасың деп сенемін. Сенің жеңіске жетелер алғашқы қадамың, бәлкім, осы кітаптан бастау алар, жол көрсетер бағдар болар. Солай болғай!



І ТАРАУ

БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

«RUM»-ДІҢ ХИКАЯСЫ:

2,5 жыл + 8 жыл

Алғашқы кітабымды неге сатып алдың? Болжап көрейін: «Қуаныш Шонбай екі жылда «Rumi»- ді осындай деңгейге жеткізді ғой, тренинг жасап жүр, осы бірдеңе білетін шығар, көрейінші, не жазып жатыр екен» деген оймен алдың. Ал мен белгілі бір нәтижеге жетпесем, ешкім болмасам, бұл кітапты сатып алмайтын, тренингтеріме де қатыспайтын едiң. Осыған байланысты бір оқиға есіме түсіп отыр Жақында 2015-жылы Instagramда жазған постарымды қайтадан жүктеп көрдім. Сол кезде отыз сегіз like жи- наған постар, қазір бір жарым мың like жинапты.

Өткенде маған бір жігіт келіп, сұрайды: «Қуаныш аға, сіз қалай екі жылда 10 миллион долларлық бизнес жаса- дыңыз? Сізден соны үйренуге келдім», – дейді. «Оның алдындағы сегіз жыл қайда кетті?», – деген сұрақ туын- дады менде. Сегіз жыл бойы оқығаным, білім алғаным, қателескенім... қайда? Барлығы соңғы екі жылды көреді, соны үйренгісі келеді. «Мақсатың бар ма?», «Алдымен жалқаулықтан арылайық», – десем, «Қуаныш аға, оны үйренуге келген жоқпын ғой, маған қазір не істеу кере- гін айтыңызшы, соны жасай берейін», – дейді. Сол кезде оның әлі көп нәрсені білмейтіні, үйрене алмайтыны анық көрінеді, бірақ амбициясыны жоғары болуынан оны мойындағысы келмейді...

Менен журналистер де, қарапайым адамдар да бір

нәрсені сұрайды: «Rumi»-ді қалай аштыңыз?», «Сізге бұл идея о баста қалай, қайдан келді?»... Қазір сол үшін көп сұхбат та бермеймін. Мені бұл жеңіске жеткізген – осы сызбадағы сегіз жыл. Сол сегіз жылдың ішінде та- лай қателестім, үйрендім, білдім, көрдім, адыраспандар-



дан арылдым. Ал елдің көретіні, оларға белгілісі – тек «Rumi» ашылғаннан кейінгі екі жыл. Егер кезінде бан- крот болған бизнестерімнен сабақ алмасам, алпыс мың теңгелік мұғалімдік жұмыста істемесем, өзімді дамыт- пасам, бүгінгі күнгі жеткен нәтижемнің ешқайсысы бол- майтын еді.

Баяғыда Пабло Руис-и-Пикассоғ4 бір ауқатты адам суретке тапсырыс беріпті. Келесі күні тапсырысшы келіп, суреттің құнын сұрағанда, Пикассо: «100 000$» десе, тапсырыс беруші: «Неге 100 000$? Бір-ақ күн уақытың кетті ғой?», – деп айтты деседі. Пикассо болса: «Бір күн және жиырма бес жыл» деп жауап береді.

Ал бізде, жұртшылықты қызықтыратыны сол: «Қалай осындай қысқа уақытта табысқа жетуге болады?», «Қуа- ныш мырза, сіздерде SMM-ге кім жауапты?», «Автомати- _____________

зация жүйесі қандай?» – бұның барлығы сырт көзге ғана көрінетін нәрселер. Бұдан да маңызды, өзіміздің мента- литетімізге ғана тән, біз ғана біліп-түсінетін нәрселер бар. Жетістікке жетудің қазақша жолы болғандығының да, қазақ тілінде тренинг өткізіліп, кітаптың қазақ тілін де жарық көруінің, қазақ тілді аудиторияға бағытталған дығының да негізгі себебі осында.

ӨКІНІШ

ҰЯТ. БАНКРОТ

Адамдардың көпшілігі осы кітапқа қатысты «Қуа- ныш білгенін, оқығанын аударып жаза салды» деген ойда қалуы мүмкін. Ондай сынға дайынмын. Бірақ ескеретін жайт: бұл кітаптың ерекшелігі – мен оқыған алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған қоса, сол кітаптардан түйгенімді қолдану, жүзеге асы- ру, біздің менталитетті ескеру және соның нәтижесін- де жүзеге асырылған тәжірибе. Бәлкім, білгенімді кей- де дұрыс қолданбаған шығармын, соның салдарынан бір мүмкіндіктерді жіберіп те алған болармын. Сондықтан сенің де шалыс қадам баспауың үшін, өзіңнің емес, менің қателіктерімнен сабақ алуыңды сұраймын. Бұл кітап- та мен баяндайтын әңгіме, келтіретін мысал, айтатын ақыл-кеңес – өз басымнан өткен тәжірибеге негізде- леді. Жазған мысалдарымның нәтижесі жақсы болса, бір жеңіске жеткенім, ал позорға (масқараға) немесе банкротқа ұшыраған кездегі мысалдар, дұрыс әрекет етпеудің, барымды қолдана алмауымның нәтижесі. Көз жасы дегенім – кейде біліп тұрсам да, дұрыс жасамаға- ныма қынжылғаным.

Қазақстанда өз бизнесімді бастағанда, әріптестік тура- лы көптеген кітаптарды парақтадым. Партнёрдің (серік- тес) қандай болуы керек екенін оқыдым, ал іс жүзінде оны дұрыс қолдана алмай, банкротқа ұшырадым. Әскерде «устав, написанный кровью» деген түсінік бар, белгілі бір жазатайым оқиғаға алып келгеннен ке- ін енгізіліп отыратын ережелер жиынтығы. Тура сол сияқты, бұл кітаптың әр бөлімінің астарында қуаныш, өкініш және банкротқа ұшырау хикаялары бар.



ӨЗІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢ,

БИЗECIҢ ДЕ,

KAPЬEPAҢ ДА СОНДAЙ

Бұл кітапты жазамын деген ой пайда болған- нан бастап мен осыған дайындалдым, алдын ала тапсырыс бердім, мазмұнымен жұмыс жасадым. «И бо- таники делают бизнес» деп аталатын кітаптың авто- ры Максим Котинмен5 ақылдастым. Бір сөзбен айтқан- да, үлкен жұмыс жасалды.

Бұнымен қатар біз «Versus» академиясы аясында тре- нингтер өткіздік. Сол кезде түсінгенім, бизнесті де, жұ- мысты да, карьераны да жасайтын – адамның өзі. Бизнес туралы кітаптар бір техникаларды береді, ал адамды толық дамытпайды, себебі, олар алдарына бір ғана мақсат қояды, не бизнесті, не адамды дамыту. Өйт- кені ол не адамның жеке басын дамытуға, не бизнеске немесе карьераға арналған болып келеді. Яғни бөлінеді. Ал негізінде, бизнес пен карьераны жасайтын өзіміз. Сапаң қандай болса, тура сондай өнім шығады. Мыса- лы, сенің талғамың қандай болса, жасаған жұмысың да сондай, тыңдайтын музыкаң, жасайтын презентацияң сондай болады, жұмысқа ұқыптылығың, дизайның, бар- лығы да соған сәйкес жүреді.

Өз басым, заң аясында немесе есеп-қисаппен жұ- мыс жасайтын адамдармен кездескенде, міндетті түр- де ол адамның автокөлігіне, киген киіміне ерекше на- зар аударамын. Себебі, киген киіміне ұқыпты болмаған адам, менің құжаттарыма да ұқыпты болмайды. Ол автокөлігіне лас күйінде отыра берсе, ертең жұмысқа ұқыптылықпен қарамайды ғой. Сондықтан бизнесің немесе жасап жатқан жұмысыңның сенің дәрежеңнен ешқашан асып кетпейтінін есте сақта. Бұл жердегі «сен» – ол сенің білімің, эрудицияң, көзқарасың, шешім қабылдау жылдамдығың, принциптерің.

Жалпы айтамыз ғой, кез келген бизнестің өлшенетін төрт параметрі бар деп. Олар: бағасы, сервис деңгейі, сапа және жылдамдық. Бұл төрт көрсеткіштің артында, негізінен, үлкен жұмыс жатыр. Мысалға, арзан бағаны ұсыну үшін, өзің эффективті болуың керек. Егер өмірде эффективті болмасаң, кәсіпте де эффективті бола алмайсың. Сондықтан бұл кітапты кәсіпкерге емес, карьера жасап жүрген менеджерге емес, адамдарға арнадым. Өйткені, адам егер өзіне, орысша айтқанда «прокачка» жасаса, оның көрсететін нәтижесі де сондай болады.

Біз «Versus» аясында «Rumi Group»-тың кругозорды дамыту туралы курсын жүргіздік. Бұл курс барысында біз музыка да тыңдадық, мысалы, джаз, блюз, біз көрмеген фильмдерді қарадық, бұрын араласпаған адамдармен таныстық, бұрын оқымаған кітаптар оқып, біз білмейтін өмірбаяндармен таныстық. Бұның барлығы адамды дамытады. «Rumi Group»-тың арт-директоры Абай мырзаға курстың қатты әсер еткенін көзінен көрдім. Ол өзінің жұмысына бір жаңа бояулар енгізіп, ерекшеленді. Ал бұл бояулар қайдан келді? Әрине, өмірден. Ой- өрісіңді дамыту арқылы, бұрын білмеген-көрмегенді тану арқылы келеді.

Ең қарапайым мысал – презентация. Ол адамның атқарған жұмысының нәтижесі. Сондықтан презентациядағы қарапайым нәрселерден, шрифтің түрінен, түсі мен таңдаған суреттерінен адамның өмірге деген көзқарасын көруге болады.

Бұндағы негізгі ой – карьераңды немесе бизнесіңл жасайсың ба, ол өз таңдауың, бірақ әрқайсысын дамыту үшін, ең бірінші өзіңді дамытуың керек. Себебі, Құранда да: «Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені өзгертпейді» деп айтылады (Рағыд сүресі, 11-аят).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет