Қуаныш шонбай екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы 2018



бет6/7
Дата04.10.2019
өлшемі2,23 Mb.
#49230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕКИНШИ БОЛМА

VII ТАРАУ


ДАМУДЫҢ

ТЕГІН ЖОЛДАРЫ

САПАЛЫ АДАМНАН САПАЛЫ

ӨНІМ ШЫҒАДЫ

Жазган кітабымның да, әр адамның өмір сүруінің де мақсаты – соңынан із қалдыру. Ол үшін бәріміздің де сапалы өнім шыгарып, саналы әрекет жа- сағымыз келеді және бұл дұрыс-ақ. Себебі адам өмірі сапалы болмаса, ол ешқашан да сапалы өнім шыгара ал- майды. Жақсы киінбейтін, пайдалы тағам жемейтін, салауатты өмір салтын ұстанбайтын адам дұрыс өнім шығармайды. Жақсы тамақ ішкен адам – жақсы жұ- мыс істейді деп бекер айтпайды ғой. Қазіргі таңда тұр- мыстық жағдайың жақсы болса, сенің сыртқы әлеммен бөлісетін энергияң да сондай жақсы.

Біреумен келісімшарт жасасқанда, жұмысқа қабыл- дағанда, адамның сырт келбетіне, киген киіміне, қолын- дағы ұялы телефонына назар аударамын. Себебі, өмірін сапалы қыла алмаған адам, менің жұмысымды жақсы, жоғары деңгейде жасайтынына сенімді емеспін. Көлігі кір бола тұра, мейрамханамның ішін таза ұстайтынына кім кепіл? Адам қандай болса, оның кәсібі де, істеп жүр- ген жұмысы да дәл сондай.

«Rumi»-ді ашпай тұрып, қарызға белшемнен батып жүрсем де, сапалы мейрамханаларға барып, дәмді тағам жейтінмін. Қарызға ақша алып, сол мейрамханада қалды- рып кетемін. Бірде інім Дархан мырза менің досыммен мейрамханада отырғанымды көріп қалып: «Қарыздары- мыз бастан асады, бизнесіміз жүрмей жатыр, сен болсаң мейрамханада отырсың», – деп ұрысқаны есімде. Бірақ, сол уақыттағы осындай әрекеттерім мені осы дәрежеге көтерді ғой.

Адамдарға осыны жеткізгім келеді. Олардың қателі- гі, өзін емес, жұмысын немесе бизнесін бірінші орынға қоюы. Бірақ жұмыс істейтін, кәсіпті дамытатын өзі емес пе? Сол себепті, өзімізге көңіл бөлуіміз керек. Кітаптың басынан-аяғына дейін жазып, сенімен бөліскен тәжіри- бем мені осы деңгейге көтерді. Сапалы адам жақсы нәти- же көрсете алады, жеңіске де жетеді, жақсы ақша да таба- ды, егер өзін жеңе білсе, оқыса, дамыса, өзін және өзінің өмірінің сапасын жақсартса ғана.



ШЕДЕВР

Бізде «шедевр тек қана ұлы адамдарға тән» де- ген жаңсақ пікір бар. Бетховеннің 5 симфония- сы, Майкл Фелпстің әлемнің 26 дүркін чемпионы болуы, Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» ансамблін құруы, Шәмші Қалдаяқовтың қазақ вальсінің атасы атануы сияқты биіктер, тек ұлы адамдардың қолынан келеді деп ойлаймыз. Әрине, олардың бұл туындыларының, жұ- мыстарының шедевр екеніне сөз жоқ. Бірақ біз де «бол- болмасаң да, ұқсап бақ» деген қағиданы ұстанатындық- тан, өз саламызда шедеврге мән беруіміз керек.

2017-жылы «Rumi Group» командасы болып Мәскеу қа- ласына жәрмеңкеге барғанда, әуежайдан бізді «Wheely» такси қызметінің автокөліктері мен жүргізушілері қарсы алды. Әдемі, қара «Mercedes-Benz» 3 автокөлігі тұр екен, бес сағаттық рейстен кейін, шаршап тұрғанында ұқыпты, әдемі киінген көлік жүргізушілерімен автокөліктер көз қуантады. Көліктің іші таза, су мен сағыз дайын тұр, жүр- гізуші қандай музыка тыңдағыңыз келеді деп, сенің не қалайтыныңды сұрайды. Қарап отырсаң, жай ғана көлік жүргізушісі, бірақ тәнті боласың, қызығасың. Жүргізуші болса да өз саласында, өз әлемінде шедевр жасап жүр. «Үміткер» реалити-шоуының жеңімпазы Арман Шу- манахтың ақтық сайыста жасаған презентациясы ол да бір шедевр: басы бар, аяғы бар, таңдаған шрифті әдемі. Біздің «Rumi Group» мейрамханаларының тағамдарын түсіретін фотограф бар. Енді, қазіргі таңда foodphoto да- мыған ғой, бірақ ол басқалардан ерекше, өз ісін шедеврге айналдырған маман. Тағамдардың суретін дискіге жүк- теп бізге береді, бірақ дискінің сыртын да әдемілеп әр- леп, тапсырыс берушіге ыңғайын келтіріп жасайды.



Біз шедевр жасауға лайықты адамбыз. Ол үшін сим- фония жазып, кино түсірудің қажеті жоқ. Өміріміздің өзі – кино, өзі – театр. Сондықтан да әр қойылымымыз, әр сәтіміз шедевр болса, кейін бүкіл өміріміз де шедевр- ге айналады. Сондықтан да әрбір істі, ол әуежайдан қо- нақ күту болсын, тұсаукесер жасау немесе суретке түсіру болсын, жазған хат немесе есеп болсын, шедевр етіп жа- сау керек.



Әлі есімде, 2010 жылы бастықтарым Түркияға жи- налғанда: «Қуаныш Түркияда оқыдың ғой, бізге бір экскурсиялық бағдарлама жасаперші», – деп өтініш білдірді. 2009 жылы Түркияға Елбасымыз келген, сол кезде оның қарамағындағы азаматтардан Президенттің күн тәртібіндегі барлық кездесулердің минутына дей- iн жазылғанын көрдім. Содан соң, мен де кесте түрінде әдемі бағдарлама жасадым. Әр минутына дейін, ауа ра- йына дейін, мысалы, «Сағат он бірде қонақ үйдің ал- дынан көлік күтіп алады. Ауа температурасы плюс тоғыз градус, сондықтан жылы киініп алыңыз. Күн бұлтты бо- лады, қолшатырыңызды ұмытпаңыз» деп жаздым. Қо- лымнан келгенше бұлттың суретін, баратын жерлерінің картасын салып, барлығын қамтып, А4 форматтағы қағазға бағдарлама жазып бердім. Сол кезде бастығым: «Қуаныш, қалай керемет жаздың», – деп таңғалған. Егер өмірінде кез келген жұмысты «шедевр жасай- мын» деген ниетпен жасамасаң, сен бiл, өз жолыңды -1 болып, бір қадам арттан бастадың. Артқа шегініп баста- дың, себебі, сенің ниетiң дұрыс емес, бастамай тұрып «жеңіске жетемін» деген ойың жоқ. Әр бастамамыз – үлкен іс, алға жасалған қадам. Мысалы, қазір сенің осы кітапты оқып отырғаның, өміріңнің бір бөлігін алады. Ал егер сен бұл кітапты дұрыстап оқымасаң, уақытың, өміріңнің бір бөлігі зая кетеді.

Адамдар ғұмырының 1/3 (үштен бір) бөлігін жұ- мыспен өткізеді. Егер жұмысымызды жақсылап жаса- масақ, біздің өміріміздің 1/3 бөлігі шедевр болған жоқ. Демек, статистиканың құрбаны болған мыңдаған өмір- лердің бірі болып қаламыз.



Статистиканың құрбаны. Сен кімсің? Бұл өмірде өз орнын тапқысы келген, бойында жаны бар, жүрегі соғып тұрған тірі адамсың ба, әлде жай ғана статистиканың құрбанысың ба?

Жарық дүние есігін аша салып-ақ, қолымыздан ке- летін іс – статистиканың ақпараты болу. Мысалы, сен өмірге келдің, демек, 1986 жылы туғандардың қатарын- да барсың. Бірінші сыныпқа бардың – сол жылы мектеп- ке барған оқушылардың тізіміндесің. Үйленсең, АХАЖ бөлімінде некесін тіркеген отбасылардың қатарындасың, өлгенде де статистикаға мағұлмат болып енесің. Ал енді, сұрақ. Сен сол статистикадағы сандардың, мағлұматтардың бірісің бе, жоқ, әлде, оған қоса жеке қа- лыптасқан тұлғасың ба?

Статистиканың құрбаны болу кез келгеннің қолынан келеді, тіпті үйсіз-күйсіз жүрген азаматтар статистика- лық мәліметтерге өз септігін тигізіп жүр. Ал сен ол си- яқты статистика құрбаны болудан бөлек, өмірде жеңіс жолында жүріп, өзіңнің миссияңды атқара алдың ба? Сондықтан да жай ғана көптің бірі болып, сандарды, мәліметтерді толықтырып тұратын тағы бір «+1» болған- нан гөрі, тұлғаға айнал, ол үшін сенің ісің де, өміріңде шедевр болсын.

ЖАҚСЫМЕН ӨТКЕН

ЖAPTЫ CAҒAT

Сократ айтады: «Менiң бiлетiнiм – ештеңе біл- мейтінім» деп. Жеңіске жетудің төте жолы – өзіңнен ақылды, өзіңнен тәжірибелі адамнан үйрену.

Қай саланы таңдасаң да, сол саладағы авторитеттерді білуің керек. Қай салада да саған үйретері көп адам та- былады. Олармен араласу көзқарастарыңды өсіреді, біліміңді тереңдетеді. Сонымен бірге ең жоғарғы орта- ларға есік ашады.

Адамдардың көбі кездесулерге, танысуларға мән бер- мейді. Есесіне, жақсы адаммен өткізілген жарты сағат өмірге деген көзқарасыңды өзгерте алуы мүмкін. Сон- дықтан да өмірлік жолыңнан, уақытыңды алатын, пай- да әкелмейтін, ықпалы кері, әрдайым кедергі келтіретін адамдарға өз уақытыңды ысырап етпе.

Өзіңнен табысты адамдарды ізде. Мысалы, Федор Овчинниковті іздеп Сыктыкварға бардым. Ол кезде әлі не істейтінімді білмеймін, бірақ бірдеңе істеуге болатынын білем. Жаңа тыныс керек болды. Бірақ қай бағытқа қа- раймын? Елдің бәрі Түркияға барып жатқан кез. Шабыт іздеген жерімді қараңыз. Бір қарағанда түсініксіз. Бірақ, ел қатарлы өмір сүрсең, елден ерекше нәтиже бермейсің деген жақсы сөз бар. Ел бармаған жермен жүру керек, ел көрмеген жерді көру керек. Бұл өзі жердің түбі. Мәскеуге дейін бес сағат ұшасың, одан әрі тағы бес сағат. Мың ша- қырымнан кейін Солтүстік Мұзды мұхит. Овчинников – «Додо Пиццаның» негізін қалаушы. 24 жасында «Сбер- банктен» 400 мың рубль несие алған. Пәтер жөндеймін деп алған несиеге Сыктыкварда кітап дүкенін ашады. Бі- раз уақыттан кейін ол инвесторларды тарта алды, сөйтіп, «Книга за книгой» сегіз дүкеннен тұратын сауда желісіне айналды.

Алайда 2008 жылғы дағдарыстан соң қарыздардан кұрылу үшін өзінің үлесін түкке тұрмайтын ақшаға са- туына тура келеді. Бұл туралы журналист Максим Котин «И ботаники делают бизнес» деген кітап жазды. 2011 жылы Федор Сыктыкварда бірінші пиццериясын ашты. Бес жылдан кейін әлемнің тоғыз елінде (АҚШ, Англия, Эстония, Литва, Румыния, Қытай, Қазақстан, Қырғыз- стан, Өзбекстан) 160 пицериясы жұмыс істеп тұрды. Бүкіл Ресейді пиццаға «отырғызды»: 140 пиццериясы бар. Ол, керек десеңіз, итальян тағамдарына маманда- натын IL Patio желісін де (135 мейрамхана) басып озған адам. Қысқасы, Овчинников білгенімен көп бөлісті, мені шексіз байытып жіберді. Одан көп нәрсе үйрендім. Егер сонда бармасам, бәлкім, «Rumi»-дің негізгі философия- сы да болмас па еді. Әлі күнге дейін араласып, жөн сұра- сып тұрамыз.

Мысалы, ол соншама табысты кәсіпкер болғаны- на қарамастан, өзі блог жүргізеді. Бұл – ол үшін фран- чайзингке адамдар тартудың, басқа сөзбен айтқанда, бизнесін кеңейтудің жолы. Қаржылық мәселенің, кіріс- шығыс есебінің бәрін ашық жариялайды интернетке. «Мұның не?» дегенде: «Бұл артқа шегінбеуге стимул» дейді. «Кірісің мен шығысың елдің көз алдында болған соң, жарты күшпен жұмыс істеуге құқы жоқ», Маған осы идеясы ұнады, өзіміз де есеп-қисабымызды ашық жүр- гізуге тырысып жүрміз. Сол сияқты, Артем Овечкинмен кездесу үшін Мәскеуге екі сағатқа ұшып барып келгенім бар.

Көмек сұра. Феррацци «консультативті кеңес» деп атайтын мамандар тізбегін қалыптастыруды айтады. Екі- үш кенесші, өзіңнен тәжірибелі, өзіңнен білімді адамдар- дың кеңесі ешқашан артық етпейді. Бір қызық құбылыс бар, оны Трейси де атап өтеді: адам өзіне көмектескен адамнан гөрі өзі көмектескен адамды көбірек ұнатады.

Өйткені сен біреуден көмек сұрасаң, ол бейсаналы түрде жаны семіріп, мерейі үстем болып қалады: өзін ықпалды, маңызды адам сезінеді. Сондықтан менторлардан көмек сұраудан қысылма. Мұныңмен өзіңе пайдалы, оларға жағымды әрекет жасадым деп санай бер. Мен Овчинни- ковқа барғанда, ол үшін бейтаныс адам едім. Әлі бизнесі де жоқ. Бірақ ол пікірлесуден қашқан жоқ, ойын жайып салды, кеңестерімен бөлісті. Бұл маған көп көмек берді. Табысты адамдардан өзгелер де үйренетін жағдай жаса. Жақында IFC-де (Әлемдік банктің бөлімшесі) кор- поративтік басқару бойынша курстан өттік, үздіксіз өсу, тәуекелдерді басқару, стандартизация, т.б. маңызды нәр- селерді үйретті. Жас компаниямыз, бірақ бізге стартап деңгейінен тезірек өтіп, басқарудың неғұрлым дамыған үлгілерін пайдалану керек болды. Сол сияқты, «Пре- восходный сервис» кітабының авторы Джон Шоулдың42 семинары өтті. Оны біздің қызметкерлер жақсы біледі, өйткені көп үрдісті дәл осы кітап бойынша рельске қой- ғанбыз. Біздің командадан 16 адам, оның ішінде өзім де бармын, семинарды тыңдадық. Семинардан кейін, әрине өзіміздің палауды ұсындық. Ең тамашасы, Шоул «Тама- ша сервис» деп баға беріп кетті. Бірақ осы семинардан біз әлі де өсе алатынымызды түсініп қайттық. Қысқасы, керек адамдармен танысып, олардан дәріс алу, үйрену – өсемін деген адамның міндеті.

Соңғы кезде маған түрлі сұрақтармен келетін адамдар көбейді. Және байқағаным, жоғарыда айтқан ережелерді ғана емес, ең қарапайым дүниелерді ескермейді екенбіз.

Кездесуге байланысты мына ойларыммен бөлісейін. Кездесетін адамың туралы ақпарат ізде. Әсіресе, ол саған «керек» болса. Google-дан ізде, Facebook, Twitter, Instagram, «В Контакте» желісін ақтар, таныстарыңнан сұра. Қысқасы, оның немен айналысатынынан хабардар бол. Ақпаратты басқарған адам, ситуацияны да басқара- ды. Сөйлесетінің кәсіпкер болса, оның өн імінің (тауа- _____________

рынын) дәмін татып көр. Маған іскерлік қарым-қатынас ұсынып, ешқашан «Rumi»-де болмадым деген адаммен сөйлессем, өзімді қолайсыз сезінемін. Әдетте алдымен біздің мейрамханаға барып көруін сұраймын, содан кейін ғана кездесуге келемін. Сонда немен айналысатыныңды түсіндіріп уақыт шығындамайсың.

Егер іскерлік қарым-қатынас, орнатқың келсе оның ай- наласын зертте. Ортақ жоба бастағалы тұрған адамның айналасына назар аудар: оны қоршаған адамдар қалай киінеді, қандай көлік мінеді, не ішеді, қанша уакыттан бері жанында... 2011 жылы бір кәсіпкер бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Естуімше, сол кезде оның есепшоты 19 миллион доллар шамасында еді. Бірақ, қасындағы орын- басарына қарап, олардың осыншама табыс табатынына сенбейсің. Оң қолы болып саналатын, компанияға жылы- на 800 мың доллар шамасында табыс тауып беретін қыз- меткері 75 мың теңгеге пәтер жалдап тұратын, автокөлі- гі арзан, киімі мен стилі де атқарып жүрген қызметіне сәйкес келмейтін. Сол кезде түйгенім: басқа біреуді жа- рылқамаған адам, сені де жарылқамайды. Сондықтан да біреумен жұмыс істемес бұрын, оның басқаларға деген қарым-қатынасына назар аудар.

Таразда жүрген кезде, бір адам мал шаруашылығымен айналысуды ұсынды, оны әкем қолдап, ет сатып табыс табуды жөн көрді. Бұны қайдан көрдіңіз, идея қайдан келді деп сұрағанымда, әкем мен сол танысына апарды. Барсам, үйі зәулім сарайдай, мінген автокөлігі үлкен, сол кезде бұл кәсіптің жақсы пайда әкелетінін түсіндім. Бір адам жақында ғана Өзбекстаннан жеміс-жидек әкеліп, оларды өткізумен айналысайық деп ұсыныс жа- сады. Бірақ өзінің түр-сипатына қарап, оның сондай жұ- мысты алып кете алатынына, жеңіске жеткізетініне сен- бейсің. Бұндағы айтайын деген негізгі идеям – адамның өзі жақсы болмай, өзгенің жақсы болуына көмектеспей- ді. Өзін жарылқамаған адам, басқаны да жарылқамай- ды. Сондықтан да кез келген жұмысты бастамас бұрын,

адамның өзіне және оны қоршаған адамдарға үлкен на- зар аудару бұл өте қажет лайфхак деп есептеймін. Бұны Олег Тиньков та әрдайым айтып жүреді. Сондықтан мен де өзімнің осы бақылауыммен бөліскенді жөн көрдім. Егер адамға қатысты ұзақ мерзімді жоспарың бол- са, түсінбеушілікке жол берме. Бірде менің танасым «Rumi»-ден ас ішті. Мәзірден тапсырыс беріп, өзі са- нап та қойыпты. Бірақ 10% қызмет ақысын қоспаған. Ақырында өзі күткеннен 9 мың теңгеге көбірек төледі. Сөйтіп, ашуланды. Оған біздегі жағдайды түсіндірдім, ол Түркияда пайыздар болмайтынын, «Run» әлі Кеңес Одағында жүргенін айтып біраз тулады. Ақырында ақша- сын қайтарып бердік. Кейін сол адам маған келіп, бірге жұмыс істегісі келгенін айтты. Қалай ойлайсың, біз оның ұсынысын қабылдадық па?



МАЙДA ЖЕҢІСТЕР НЕМЕСЕ

ГИГАНТОМАНИЯНЫҢ

АНТИПАЙДАЛАРЫ

Көпшілік гигантоманиямен ауырады. Бірден ба- стық болғысы, үлкен компания ашқысы, қомақты қаражат тапқысы келеді. Ақырында, бірден ауқымды, үлкен жауапкершілікті мойнымызға артып алғаннан кейін, тура сондай ауқымдағы сәтсіздікке ұшыраймыз.

Кішкентай тетікті бекітіп жатса, «ұшақ құрастырып жатырмын» деп қиялдап кетеді. Ал сол сәтте сенен тек тетікті барынша сапалы бекітуге зейін қою ғана талап етіледі. Үлкен жобалармен ауырамызда, кішкентай де- тальдардан қағыламыз. Бұл ертеңге әсер етеді ғой. «ЖЕНСКЕ ЖЕТЕМІН» ауырғаннан деп гөрі жеңіске жеткізетін нәрселермен ауырған дұрыс. Білім, шешендік, талғам, елден өзгеше ойлау. Онымен бітпейді. Жеңіске кедергі келтіретін дүниелерді жолдан алып тастау қажет болады.

Үлкен жеңістер көптеген кішігірім жеңістерден құра- луы қажет. «Қалай өзгерсем болады?», «Бизнесімді дамы- ту үшін не ітсеймін?» деп жазатындар өте көп. Айтарым бір-ақ сөз: күнделікті кішігірім жеңістерге жетіп отыр. Жиырма бір күнде әдет қалыптасады дейді. Сенің сенімділігіңді арттыратын, дамуына септігін тигізетін әрекеттерден баста. Жүгір, дұрыс сөйле, әдептілік таныт, кітап оқы, өзіңе ұнайтын адамға ұқсауға тырыс. Кішкентай жеңістердің дәмін татпаған адам, үлкен жеңістерге қол жеткізбейді.

ӨМІРДЕН ЛӘЗЗAT AЛУ

Жалпы, біз, қазақ жұмысқа берілген, еңбекқор ха- лықпыз ғой. Ешқашан өзімізге ақша қимаймыз. Бір затты қалап тұрамыз да, отбасын ойлаймыз, үйдің шаруасын бітіру керек, тағысын-тағы. Дұрыс түсін, үйге ақша апарма, отбасыңды асырама демеймін. Жай ғана, әр жеңістен соң немесе жасалған жұмыстан кей- ін біз өзімізді марапаттай білуіміз керек. Бұл бізді алға итермелейді, әрі қарай жұмыс жасауға серпін береді. Керемет іс тындырдың ба, өзіңе сыйлық алып қой. Жаңа телефон, автокөлігіңе қысқы дөңгелектер, жаңа көйлек немесе қымбат мейрамханада кешкі ас, шетелге саяхат дегендей. Ал біздің адамдар өзінен ақша аяйды, демалыс- сыз, марапатсыз еңбек етіп шаршайды, қажиды, өмір- ден түңіледі, ондай жағдайда жеңіс түгіл, кішігірім жеңістерге де жетпейді, себебі, адам өмірден ләззат ала білуі керек.

Шымкентте керемет қылып, «ЕКІНШІ БОЛМА!» тре- нингін өткізіп, мәз болып қайттық. «Versus» академия- сының директоры Мейірбек мырза болса, дем алмастан Астана қаласында өткізілетін дәріске қызу дайындық жүргізіп кетті. Оны жұмыстың ортасынан шығарып алып, дүкенге апардым. Шоппинг адамды демалдырады дейді. Сондықтан да біз қымбат дүкенге барып, Мейірбек мыр- заға қомақты қаражатқа киім алдық. Киімі жоқ емес, бар, бірақ бұл Мейірбек мырзаның атқарған жұмысы үшін менің оны марапаттауым, оған деген көңілім толды деген сөз. Содан ол да, көңілі көтеріліп, Астанада өткізілетін тренингтің қамына кірісті. Біз әр істі бітіргеннен кейін, демалып, өмірден ләззат ала білуіміз керек.



ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙTIH

ӘДЕТТЕР

Өзімізді қаншалықты құдіретті сезінсек те, түп- тің түбінде қартайып, кішірейіп, топыраққа айналатын органикалық ағза ғанамыз. Мәңгілік өмірдің құпиясын ешкім тапқан жоқ, оның керегі де шамалы си- яқты. Біз басқа ғаламшарға ұшып, әлемді жаулауымыз мүмкін, бірақ өте нәзік болып жаратылған ағзамызға тәуелдіміз. Сондықтан оны күтіп ұстау бізге міндет.

Мұхтар Мағауин «Мен» деген романында өзінің ба- сынан өткен бір жайды жазады. Кітапханалардан шықпай ізденіп жүрген кезінде ол дұрыс тамақтанбайды, кітап- ханада қонатын кездері де болған. Ақырында асқазаны ауырады. Сонда жазушы өзінің миссиясына қандай қауіп төнгенін түсінеді. Ол – алдына үлкен мақсат қойып із- деніп жүрген жас ғалым. Бірақ егер денсаулығын құртып алатын болса, стресске тап болады. Назары мақсаттан ауытқиды. Бұл оның миссиясына төнген қауіп еді. Содан бастап ол өзін емдей бастайды. Күнде таңертең аш қа- рынға бір қасық бал жейді. Тамақтануын түзейді. Физи- калық жаттығуларға да көңіл бөле бастайды. Солай, асқа- занын емдейді.

Бәріміз де осындай көзқараста болуымыз керек. Өйт- кені біздің ағзамыз – әзірге бізде бар ең қымбат қазына. Ол бізді мақсатқа жеткізетін құрал, керек десеңіз. Осы ағзамыз барда ғана мақсатымыз бен миссиямыз, рухани ұмтылыстарымыз бар. Оның сыртында ештеңе де мүмкін емес. Сондықтан биохакингтің негізгі үш постулатына тоқталғым келеді.

Біріншіден – ұйқы гигиенасы. Адам аштықтан бес күнде, не бір аптаның ішінде өліп кетуі мүмкін. Ал ұйқы- сыз үш-бес күнге ғана шыдайды. Бұл тақырыпта толып жатқан зерттеулер бар. Тәжірибелер де жеткілікті. Саль- вадор Дали43 сияқты эксцентриктер44 екі сағат қана ұй- ықтайтын «суперменнің» күн тәртібін жасаған. Әр төрт сағат сайын жиырма минуттан алты рет ұйықтайды екен. Никола Тесла4546 одан сәл ұзағырақ ұйықтауды ұсынған. Екі сағат жиырма минут. Түнгі он екіде ұйықтап, жиырма минуттан кейін оянған, одан әр түнгі екі мен төрт ара- лығында ғана ұйықтаған. Уинстон Черчилль57 түнгі үште ұйықтап, таңғы сегізде оянатын болған, түстен кейін бір жарым сағат «сиестаға» кеткен. Яғни, алты жарым сағат ұйықтаған.

Бірақ бұлардың бәрі эксперимент еді. Ғалымдардың әр түрлі ұйқы паттерндерін47 зерттей келе, келген қорытын- дысы төмендегідей: жеті-сегіз сағат ұйқы – абсолютті қа- жеттілік. Дәл осындай уақыт ағзаның толыққанды, дұрыс қызмет етуіне қажет. Өйткені ұйқы кезінде біз жай ғана тынықпаймыз, жараларымыз жазылып, зақымданған жа- сушалар қалпына келеді. Ағза ояу кезінде ешқашан өзін емдей алмайды. Сондықтан да ауруханаларда адамды ұй- ықтатып тастауға барлық жағдай жасайды. Сергей Фаге59 «Мне 32 года, и я потратил $200 тысяч на «биохакинг» деген мақаласында Пенсильвания университетіндегі зерттеуді мысалға келтіреді. Онда сегіз сағат ұйқының «естен адасып кетпес үшін» міндетті екен дәлелденген. Фаге сонымен бірге ұйықтамас бұрын көк түсті блоктап, ұйқыға кетерде бөлмені қараңғылап тастауды ұсынады.

Ал жатын бөлме тым ыстық не суық болмау қажеттілігі ____________

түсінікті, соңғы жылдары ғалымдар 18–19 градусты опмалды деген қорытындыға келіпті. Ең бастысы, ұйқы гигиенасын сақтау үшін белгіленген уақытта ұйқыға кетіп, белгіленген уақытта ояну керек.

Екіншіден – дұрыс тамақтану. Бұл тақырыпта мыңдаған кітап бар. Олардың бәрінің айтатыны бір нәр- сеге саяды. Қысқа қайыратын болсақ, қант пен тұзды азырақ пайдалану не түбегейлі бас тарту, суды мейлінше көп, тәулігіне үш литрге дейін тұтыну. Консервіленген тамақтар мен бояғыш концентраттар қосылған жасан- ды өнімдерден бас тарту, фастфудты тұтынбау. Табиғи өнімдерді рационға көбірек енгізу, оның ішінде, әрине, жеміс-жидекке басымдық беру. Алкогольдің зияны тура- лы да диетологтардың ойы бір жерден шығады. Ал етті шамадан тыс пайдалану ағзаға артық жұмыс екенін естен шығарып алатын сияқтымыз. Жаһандық жылынуға қан- ша алаңдаулы болсақ та, қазаққа «еттен бас тарт» деп айтуға дәтім бармайды. Жақсы жаңалық ет жейтін бол- саңыз, жылқының етіне басымдық беріңіз. Онда холе- стерин өте аз, тез қорытылады, ал қымыз тіпті қандағы холестериннің бәрін шайып шығады. Баяғыда қазақтың денсаулығы неге мықты болғанын осыдан-ақ түсіне беріңіз. Сондай-ақ отыз күн оразадан бөлек, аптасына бір не айына бір рет ашығып тұруды әдетке айналдырсаңыз ұтылмайсыз. Төрт сағат сайын, аз порциялармен жеу керегін еске салсам артық етпейтін секілді. «Rumi»-ден басқа жерде тауыса алмайтын тамағына тапсырыс берме. Үшіншіден – физикалық жаттығулар. Өміріміз тым жеңілдеп кетті. Баяғыда ата-бабаларымыз көшіп-қонып, атқа мініп, үздіксіз қозғалыста жүрді. Адамзат о баста біздің бабаларымыз – көшпенділер сияқты табиғатпен етене, бірігіп өмір сүруге жаралған. Бірақ урбанизация келді, бәріміз тас қамалдарға бекідік. Төрт қабырғадан шыға алмаймыз, жұмсақ диваннан тұрғымыз келмейді, аналмалы креслода күніне сегіз сағат тапжылмай оты- рамыз. Мұның бәрі – организм үшін шок. Әр дене мү- шеніз бұл жағдайларға әр түрлі деңгейде қарсылығын білдіреді.

Сондықтан ауырмаудың бір жолы – физикалық белсенділікті сақтау. Әрине, қазір жаттығу залына баруға уақыт жоқ. Сондықтан да HIIT (high intensity interval training) трендте. Бұл әдістеме жайында ақпаратты да, жаттығу- ларды да YouTube-тан таба аласыз. Оның авторларының айтатыны: он минут болса да, барынша күш салып жат- тықсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Ал жалпы, көбірек жаяу жүруге, таңертең жаттығу жасауға не жүгіруді әдет- ке айналдыруға тырысыңыз. Иә, «биохакинг» деген – өте заманауи, жаңашыл болып естілгенімен, бәріміз мектеп қабырғасында үйренген қарапайым қағидалар. Әттең, есейе келе сол сабақтарды естен шығарып аламыз... Эмоционалды интеллект. Қазақтың тәрбиесі жақ- сы, бірақ кейде көңіл күйді басқаруды үйретпей ме деп қаласың. Әйтпесе неге көпшілік жерлерде даяшылары жұлқынып, сатушылары сілкініп отырады? Бұл дегенің біздің табиғатымызға қарсы. Бәріміз бала кезімізден бір нәрсені көріп өстік. Ол – қонақжайлылық. Қонақ кел- генде ішкен асымызды жерге қойып, қолымызда бар ең бағалы нәрсені алдына тосамыз. Мен осы қонақжай- лылықты «Rumi»-ге сипат етіп алдым, басқа құпия жоқ. «Starbucks»-тағы адамдар неге жылы ұшырап тұрады?

Олар «Starbucks»-та жұмыс істейтіндіктен емес. Керісін- ше Starbucks онда осындай жылы жүзді адамдардың жұ- мыс істейтіндігінен ашық-жарқын болып көрінеді. Ақылды адамдар айтады, егер дұрыс команда жинай алмасаң, қаржылық табысқа да жетпейсің дейді. «Rumi»-де ең кәсіби даяшылар болмаса да, олар мей- iрiмдi. Бұл көзқарасты біз «Starbucks»-тан алдық. Оның негізін қалаушы Говард Шульцтен48 былай сұрапты: «Өз қарамағыңыздағыларды жымиып тұруға қалай үйрет- тіңіз?». Сонда Шульц: «Біз күле білмейтін адамдарды жұмысқа алмаймыз» деп жауап берген екен. Менің ұста- нымым да сол, жаңа персоналды жинағанда, олардың қайырымдылығына қараймын. Даяшы болам деп бетін- ____________

де безеуі бар жігіт те келді, алайда, ол мейірімді болса жеткілікті. Ол үстіңе шай төгіп алуы мүмкін, бірақ шын өкініп, кешірім сұрағанда, сен оны түсініп, кешіре ала- сың. «Бізге жұлдыздардың командасы керек емес, жұл- дызды команда керек» дегенді жиі қайталаймын. Және осыны айтқанда, «Жұлдыз» деп эмоционалды интеллек- тісі бар адамдарды айтамын.

Егер көңілді адаммен кездессең, қандай сезімде бо- ласың? Өзің де қуанып қалмайсың ба? Дәл солай, егер сен өзіңді көңілді ұстасаң, өзгелер де сенің жаныңа үйір болады. Жалпы, менің ұстанымым: жақсы сөйлеу ке- рек. Жақсы нәрсе айтпасаң, ештеңе айтпайақ қой. Айна- лаңдағы адамдарға мұқият зер салып жүр. Өйткені адам өзінің ойы мен пікірін ылғи да сөзбен жеткізе бермейді. Ол оның бет қимылында, жестінде, мимикасында жа- зылып тұрады. Осыны оқи білсең, өмір сүру жеңілдей түседі. Өзіңе де, өзгелерге де көбірек пайда әкелесің. Уэйн Дайер49 айтады: «Сезім дегеніміз ара-тұра сізге келіп қонатын эмоциялар емес. Бұл – біз өзіміз таңдайтын реакциялар. Егер эмоцияларымызды игере алсақ, өзімізді көп қатерден сақтай аламыз». Баяғыда, Сократ айтып кеткен: «Адам өз ойларын басқара алады, ал эмоциялар ойлардан туады». Демек, адам өзінің ойында, эмоция- сын да басқара алады. Оның миы, жүрегі, өз таңдауымен ғана әрекет етеді. Басқа ешкім оған әмір жүргізе алмай- ды. Егер біреу саған «мен сені сүйемін» десе, ол адам кез келген сезімде болуға ерікті, бірақ сені сүюді қалады де- ген сөз. «Қаным басыма тепті» десе, кез келген реакцияға ерікті, бірақ өзі ашулануды таңдады деп қабылдау керек. Осыны түсінуді эмоционалды интеллект немесе әлеу- меттік интеллект дейді. Өз эмоцияларын басқара алу, өз- гелердің эмоцияларын оқи алу және дер кезінде қолдау білдіре алу. Мұның бәрі адамды жеңіске жетелейтін ең маңызды факторлардың қатарында.



Практикалық интеллект. Білім алған дұрыс. IQ-ді көтерген дұрыс. Қалай болғанда да, IQ-і жетпiске тең ____________

адам мен IQ-і жүз отызға тең адамның жеңіске жету коэффициенті бірдей емес. Бірақ жалпы интеллектімен бірге практикалық интеллект деген болады. Біздіңше айтқан- да – өмірді білу. Қоғамды білу. Керек жерде, керек адамға, керек сөздерді айта білу. Өмірді білу деген – ынжық бол- мау, өз ойыңды айта білу, өзіңе керектіні ала білу, саған керек нәтиже болатындай дұрыс сөздерді қолдана білу. Практикалық интеллект шығармашылық адамдарын- да, интеллектуалды орталарда кемшін болады. Мұның да түсіндірмесі бар. Әдетте өздерінің біліміне тым сенімді адамдар, дүниенің кейбір заңдылықтарын қабылдаудан бас тартып жатады. Бірақ дүниенің заңдылықтарын еш- кім өзгерте алмайды. Өзіңді осы дүниеге бейімдеп, мі- незіңді, реакцияларыңды басқара аласың. Мұның қажет- тілігін келесі мысалдардан анық көруге болады Канадалық попсоциолог Малкольм Гладуэлл «Гении и аутсайдеры. Почему одним все, а другим ничего?» (Out- liers: The Story of Success) деген кітабында өте ақылды екі адамды мысалға келтіреді. Бірі – Кристофер Ланган, IQ-і жүз тоқсан беске тең, гений. Қатардағы адамның IQ-і 100-ге жақын, Эйнштейндікі 150 шамасында болған. Оныкі – 195. Алты айында сөйлеген, үш жасында әзіл- сықақ бағдарламалар тыңдап, өз бетімен әріп таныған, бес жасында Құдай туралы сұрақтар қоя бастаған, ал америкалықтарға міндетті САТ емтиханын тапсырғанда, емтихан үстінде қалғып кеткеніне қарамастан, ең жоға- ры балл алған. Бірақ осы данышпан, екі университетке тапсырып, екеуін де бітіре алмаған, дұрыс жұмыс тап- паған, көп жағдайда қара жұмыс істеп күн көрген. Неге? Гладуэлл мұны «Ланган парадоксі» деп атайды. Өйткені, дисфункционалды отбасынан шыққан, ішкіш анасы мен өгей әкесінен таяқ жеп өскен, жұдырық ала жүгірмесең таяқ жегізетін көшеде ер жеткен ол, жай ғана ойын жеткізе алмайтын болған. Ол бірінші универсиеті- нен анасының қаржылық форманы дұрыс толтырмағаны үшін шәкіртақыдан қағылып, сол себепті шығып қалады. Екінші университетінен көлігі сынып, ақша таба алмай,

екі қаланың ортасында жүруден шаршаған соң шығып қалады. «Екі жағдайда да оны тұрмыс тежеді. Бірақ тұр- мыстың арғы жағында адамдарға деген сенімсіздік, ішкі қарсылық «бәрібір ешкім көмектеспейді» деген ой тұр- ды» дейді Гладуэлл. Мүмкін, оныкi де дұрыс шығар. Роберт Оппенгеймер деген тағы бір генийді мысалға келтіреді. Ол да оңай шағылатын жаңғақ емес, тек, сту- дент кезінде жетекшісіне қаны қайнағаны соншалық, улап өлтірмек болады. Мұнысы мәлім болып, үлкен шу шығып, университеттен шеттетіледі. Ал енді осындай «мінезі тұрақсыз тип», біраз жылдан кейін атом бомба- сын зерттейтін жобаның басқарушы қызметін иеленеді. Қалайша? Жай ғана, ол өзіне керек жауапты ала ала- тын, өзгелерге керек жауапты бере алатын адам болған. Психикасының дұрыстығына күмәні бола тұра, адамдар оның сенімді жауаптарын естігенде позицияларын жұм- сартады екен.

Бірінші жағдайда біз «дүние қатыгез» деп санап, ішкі қарсылығының кесірінен бәрінен құр қалған адам- ды көреміз. Екіншісінде эмоционалды тұрақсыздығына қарамастан, өзіне қажет кезде ортаға бейімделе алатын адамды көреміз. Әрине, екіншісінің есте қаларлықтай карьера жасап, едәуір жеңістерге жеткені айтпаса да түсінікті. Бұдан шығатын мораль: дүниені өзгертем деп әуре болма, дүниедегі өзіңді өзгерт. Бұдан келіп шығатын қорытынды, адамның қабілеті мен білімі ғана емес, оның қалай ойлайтыны маңызды. Әрі қарай адамның жеңіске жету үшін шартты ой паттерндері туралы айтқым келеді. Ширақтық. «Практикалық интеллектінің» бір аспек- тісі бар. Қазақта оны «ширақтық», «пысықтық» дейді. Десе де «пысық» деген сөзге көзқарас екіұдай. Пысық десе – бәріне үлгереді, жылдам істейді, жолы болғыш жеңіске жеткіш деген сөз. Және «пысықай» десе – жүр- мейтін жері жоқ, кіріспейтін ісі жоқ, бірақ ештеңені соңына дейін жеткізбейді деген мағына береді. Бұл – жағымсыздау анықтама. Жалпы, бізде пысық адамнан гөрі момын адамды мысалға көп келтіріп, амбициядан гөрі ұяңдықты насихаттай ма деп қорқам. Менінше, осы қатынасты өзгерту керек. Орыстар «предприимчивость» дейтін қасиет туралы айтып отырмын. Осы мағынадағы пысық болудан қорықпа. Ширақ бол. Уақыт соны талап етеді. Өзіңе берілген бір ғана өмірді лузер болып өткізуге құқың жоқ. Сондықтан етiң тірі болсын. Владимир Познер62 сегіз жасында газет тасыған («Прощание с иллюзиями»). Ричард Брэнсон63 он екі жа- сында Рождествода сату үшін шырша өсірген. «Теряя не- винность» (Losing My Virginity: The Autobiography) деген кітабында ол өзі өсіріп жатқан шырша бұтақтарын қоян- дар қырқып кеткенін айтады. Сонда ол, қояндарды ұстап алып, көршілеріне сатып, бәрібір ақша жасапты. Өз басым ең алғашқы табысымды 2000 жылдары тап- тым ғой деймін. Базарға шығып, шырша сатқаным бар еді. Он төрт жасар бала үшін 2000 теңге деген әжептәуір ақша болатын. Сол ақшаға өзім армандаған кроссовки са- тып алғаным есімде. Анама сол кезде маған жұмыс істеу- ге рұқсат бергені үшін әлі күнге дейін алғыс айтамын. Өйткені өзінің 14 жасар баласы базарда шырша сатып жүргені оған аса ұнай қоймағаны анық еді. Ең бастысы, ол маған кедергі келтірген жоқ, қайта жұмыс істегенімді қолдады.

Талай жылдан кейін, Алматыда кофейняда отырып, тоғыз жасар Стас деген баланы көрдім. Ол ойыншық сатып жүр екен. Әдетте демалыс орындарында қайыр- сұрайтындарды аса ұнатпаймын. Ал бұл баланікі қайыр сұрау емес, адал еңбек еді. Баланы шақырып алып, 3000 теңгеге ойыншық сатып алдым (4000 теңге деп тұр екен, саудаласып, бағасын түсірдім). Сол балаға қарап, қуан- дым. Алақан жаймайтынына, салфетка мен қалам сияқты ұсақ-түйек емес, кәдімгідей қомақты тауар жинай алға- нына риза болдым. Қоржынында бағасы он мың теңгеге дейінгі қымбат ойыншықтар да бар еді. Енді ойлап қа- расаң, бұл бала сол ойыншықтың бәрін бір жерден алды ___________


  1. Владимир Познер – кеңестік, америкалық және ресейлік журналист, тележүргізуші. Ресейлік телевизия академиясының 1-президенті .

  2. Ричард Брэнсон – британдық кәсіпкер, «Virgin Group» корпорациясының негізін қалаушы, Ұлыбритания ең бай азаматтарының бірі.

ғой? Бәрін сатып алуға ақшасы жетуі неғайбыл. Демек, біреуді (ол әжесі болса да) көндіріп, сендіріп, жалға алға- ны анық. Осы шаруамен айналысуға рұқсат ала алғаны (тіпті ата-анасынан болса да) да анық. Қарап отырсаң, оның осы кафеге дейінгі жолының өзі жолсыз жерде жол іздей алатын ширақтығын көрсетеді. Баланың жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүруге тырыспайтынына, қазір- ден бастап жұмыс істеуден қашпайтынына риза болдым. ҰБТ алғаш шығып жатқан кез еді. Бірде танысым келіп: «ҰБТ деген жақсы тема, тест кітаптарын басып шығарса, демде өтіп кеткелі тұр», – деді. Маған айтқан себебі, ма- мам ол кезде білім беру саласында істейді. «Мамаңмен сөйлесiп көр». Бірден қызығып кеттім. «Мама, мен осы- лай бизнес жасайын», – дедім. 67 мың теңге керек еді. Сұрап едім, бермеді. «Балам, мені мұндайға араластыр- ма. Қызметімді, абыройымды ондай нәрсеге қолданбай- мын», – деді. «Жақсы». Бардым да, буфеттегі әпкеден 100 доллар, өзім киінетін бутиктен 200, тәрбиешіден жетпе генін алып, бизнеске кірістім. Он күнде 83 мың теңге пай- да таптым. Үнемі кітап әкелетін болдым. Апталық табы- сым жүз мыңнан кем емес. Ол кезде көп ақша. Қазір мен туралы: «Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тап- қан», – деп жатады. Алғашқы миллион сол кезде келген. Мұны неге айтып отырмын? Жылап-сықтап отырған- ша бірдеңе істеу, әрекет етуді, жоқ жерден мүмкіндіктер жасауды бағалаймын. Мүмкіндікті күтіп отырмайтын, өздері жасайтын адамдар міндетті түрде жеңіске жетеді деп сенемін. Еңбектің қадірін неғұрлым ертерек түсінсе, соғұрлым табысты болады.

Рухани интеллект. Шамиль Аляутдинов айтқан «ру- хани білім» туралы айтуға құқылымын деп ойламаймын. Дін туралы қай деңгейде ізденуді әркім өзі шешсін. «Ру- хани білім» дегенді мен басқаша түсінемін. Бұл – өзіңнің рухыңды, ішкі ойлау жүйеңді басқара алу. Бұл дегенің өте көп ұғымды сыйдырады. Ол – позитив ойлау, өз ойы мен ісі үшін жауапкершілік ала білу, өзіне және Құдайға деген сенім, т.б.

Біртіндеп баяндайын.



Позитив. Кез келген тұлғаның өзін дамыту тренингі- не барсаң, позитивті ойлаудың қажеттілігі туралы айта- ды. Өйткені, ең күшті материя – адамның ойы. Ал ойың- ды өзің ғана түзей аласың. Демек, сен өзгермей ештеңе өзгермейді. Жалғыз проблема – өзіңсің. Жалғыз шешім де өзіңсің. Мысалы, «Лада Калинаға» мініп алып, жол ережесін сақтамайтын адамдар, өздерінде осындай көлік болған соң жолды кесіп өтеді. Олар жолда тәртіп сақта- майтындықтан, сондай көлік мінеді. Ең алдымен адам ның ойын өзгерту керек. Егер ойлау жүйеңді өзгертсең, бәрі өзгереді. Ой тағдырыңызды жасайды. Стивен Кови мұны парадигма дейді. Осы парадигма, демек өмірге де- ген қатынасың, ішкі мотивің позитив болу керек. Хэл Элродтың бестселлерге айналған «Магия утра. Как первый час дня определяет ваш успех» (The Miracle Morning. The NotSoObvious Secret Guaranteed to Trans- form Your Life) деген кітабы бар. Талай адамға ұсындым, оқығандардың ішінде ұнамады дегені болған жоқ. Сол Элродтың қайталайтын бір қағидасы: «Күнде таңертең өзіңізге позитивті көңіл күй белгілеңіз» дейді. «Бүгін жоспарымның бәрі орындалады», «Уақытқа баймын». Осылай позитивті ұйғарымдарды жиі-жиі қайталай беру керек. Бұл бір сектанттардың әрекеті сияқты көрінуі мүмкін, бірақ өзін дәлелдеген әдіс.

Психосоматикалық медицинаның негізін қалаған француз психологі Куэнiң жеңісі сол – ол пациенттерін күн сайын «Мен күн сайын жақсы болып барамын» деп айтуға мәжбүрлейді екен. Нәтижесінде шынында да олардың жағдайы жақсарады. Плацебо эффектісі дегенді бәріміз білеміз. «Сауығып кетемін» деп сеніп ішкен адам іші қуыс «дәріден» де айығып кетеді. Ең басты шарт, адамның сол «дәрінің» пайдалы екеніне сенуі ғана. Енді мынаған қара. Кейде кәсіби медицина жаза алмаған дертті емделушінің өзі сеніп барған балгерлер емдеп жібереді. Мұнда да көбіне емдеуші емес, емделушінің ойы маңыздырақ.

Осының бәрі – 1882 жылдан 1910 жылға дейін Францияның Труа деген қаласындағы кішкентай дәріханада жұмыс істеген Эмиль Куэнiң анықтағаны. Ол адамның санасы, дәлірегі, бейсанасының қаншалықты ықпалды екенін шегелеп кетті. «Мен жетемін!» деп қайталаған адамның дегеніне жетпеген жерін көргем жоқ» дейді ол. «Қай істі бастағанда да қолыңыздан келетініне сеніңіз, сонда жартылай дегеніме жеттім деп есептей берсеңіз болады». АҚШ-тың 32-президент Теодор Рузвельттің сөзі .

Брайан Трейси айтады: «Өмірдің ең маңызды саба- ғы – ол сіздің қаламайтын дүниеңіз туралы айтпау және ойламау». Тек қана саған керек, өзің қалайтын дүниені айт. Мүмкін, қазір ауылда шығарсың, бірақ Астанада тұрғың келетін шығар. «Астанада тұрамын» де. «Ауылда тұрмаймын» деме. «Болмай қалса...» емес, «болып кетсе» дегенге дайын бол. Нейромаркетинг данышпандары «болымсыз шақта сөйлеуге тыйым салады. Темекі шекпеңіз», «Дәретхана қағазын тастамаңыз» деген ескертпелерге қарашы. Кішкентай балаға «балшықты баспа» деген сайын басады емес пе? Сондықтан да «Rumi»-дің дәретханаларына «Бұл дәретхананы кішкентай балалар да пайдаланады» деген жазу қойдық. Меніңше, бұл «Не курить, не сорить» дегеннен гөрі жақ- сырақ әсер етеді. «Ма», «ме» болымсыз жалғауымен берілген тапсырманың ешқашан орындалмайтынын та- рих та, психология да көрсетіп отыр. Яғни, тілекті де бо- лымсыз жалғаумен айтудан тартын.

Позитивті сөйле, өмірдің өзі позитивті нәтижелерді көбірек ұсынады. Мұны Американың ең ауқатты бес жүз адамының өмірбаянын сараптаған Наполеон Хилл50 да дәлелдеді. Бернард Шоу: «Адамдардың көпшілігі жан-жағына қарайды да, «неге?» деп сұрайды. Мен жан- жағыма қараймын да, «неге болмасқа?» деймін. Бұл дүние мүмкіндіктерге толы. Әр минутта жаңа мүмкіндік сен тосып тұр, әр қадам жаңа мүмкіндіктерді ашады. ____________

Заманауи әлеуметтік зерттеушілердің бірі, композитор Бенджамин Зандер Тед лекциясын бергенде (The transfor- mative power of classical music) мынадай нәрсе айтады. XX ғасырдың басында Британиянын аяқ киім шығарушы екі компаниясының өкілі Африкаға барыпты. Нарықты кеңейткісі келіп, экспортқа шығара алатын жаңа аландар іздеген ғой. Бір аптадан кейін бірінші саудагер Манчес- терге телеграмма жолдайды, «Келгенім бекер болыпты. Мұнда аяқ киім сата алмаймыз, Африкада адамдар мүлде аяқ киім кимейді екен» дейді. Дәл соның ізін ала, екін- ші өкілі жеделхат жіберіпті: «Ғажай! Шексіз мүмкіндік- тер! Африкада екiм әлі аяқ киім кимейді екен!». Қарап отырсаңыз, екеуінікі де дұрыс. Мүмкіндікті көргісі кел- ген адам оны көреді, ал көргісі келмеген адам кедергіні көреді.





Осы (QR кодты сканерлеп, композитор Бенджамин

Зандер Тед лекциясын көре аласың

Экономист, XX ғасырдағы ең әйгілі менеджмент тео- ретигінің бірі Питер Друкер айтады: «Эффективті адам проблемаларды ойламайды, ол мүмкіндіктерді ойлайды. Олар мүмкіндіктерін суарып, проблемаларды шөлдетіп ұстайды. Мүмкіндіктерге зейін қойғанда проблемалар өздері-ақ қанша жөнеледі. Өйткені проблемалар мүмкін- діктерден қорқады».

Өзінді өзгелер сыйлайтын, құлақ, асатын, пікірін баға- лайтын адаммын деп есептесең, уақыт өте келе шынында, да сондай адамға айналасың. Мүмкін, бәрі сен қалаған- дай емес, кедергілер көп шығар. Мүмкін, бүкіл дүние саған қарсы шыққандай сезімде болатын шығарсың.

Бірақ өзіңді алда. Бәрі жақсы сияқты кейіп таныт. Сон- да бәрі жақсара түседі. Өмірді театр деп те, спорт деп те қарауға болады. Бірақ спорттан айырмашылығы – сенің жаттықтырушың өзің ғана. Сырттан біреу келіп көңіл күйіңді көтеріп бермейді. Өзіңе деген сенімді де өсірмей- ді. Өзің ғана осының бәріне жауаптысың.



Oйды басқару. Виктор Франкл, концлагерьден өткен әйгілі психиатр, былай дейді: «Адамнан бәрін тартып алуға болады, оның еркінен басқа». Адамды түрмеге қа- мап қоюға болады. Бірақ түрмедегі өмірді қалай қабыл- дайтынын басқара алмайсыз. Оны өлтіруге де болады. Бірақ өлімге қатысты пікірімен ұстанымын тартып ала алмайсыз. Кез келген жағдайда оны қалай қабылдауды таңдай аламыз. Және бұл – түпкі еркіндік. Әлем сіздің ғана қарым-қатынасыңызбен өлшенеді.

Бұл шындығында тым жаңа түсінік емес. Сократ пен оның ізбасарлары қалаған философиялық мектеп, «адам өзін тани алады, өзінің сенімдері мен құндылықтарын өлшей алады» дейді. Және «адам өзін өзгерте алады, өзінің сенімдерін өзгерте алады, демек эмоцияларын да өзгерте алады. Өйткені біздің эмоцияларымыз біздің сенімдерімізден туады». Тағы бір қағидасы: «адамдар са- налы түрде ойлау, сезіну мен әрекет етудің жаңа жолда- рын әдетке енгізе алады». Бұл адамды құдіретті болмаса да, қуатты жаратылысқа айналдырады.

Ануар Садат, Мысырдың бұрынғы президенті, көп жылдар түрмеде отырды. Қол қусырып отырған жоқ, ойланды, кітап оқыды, рухани, психологиялық тұрғыда өзін қанаттандырды. Сонда ол мына ойға келіп тіреледі: «Өзінің ойлау жүйесін өзгерте алмаған адам, басқа еш нәрсені өзгерте алмайды, демек, прогреске ешқашан жет- пейді». Осы ойды түсініп, түйгеннен кейін, ол түрмеден шықты да, біраз жылдан кейін президент болды. Мысыр дың саясатын өзгертті.

Екі адамның қайсысы көбірек жеңіске жетеді? Көбірек талаптанған адам. Көбірек жеңіс туралы ойлап, көбірек соны қалаған адам оған көбірек күш жұмсайтыны да анық. Бәрі ойдан басталады.

Сен қазір кімсің? Оған өзің ғана жауаптысың. Егер анау бір кітапты оқымасаң, ана бір адамға анау бір сөзді айтпасаң, анау жерде анау күні болмасаң, сен осы адам болмас едің. Салдар әр түрлі болуы мүмкін, себеп – өзің ғана. Өзіңді, өз қарым-қатынасыңды өзгертсең, болашақ басқа бір салдарға әкелуі мүмкін. Мүмкін ғана емес, әкелетіні анық та. Осы жерде өте маңызды концепцияға келіп тоқтаймыз. Ол – жауапкершілік.

Жауапкершілік. Арман мен мақсат туралы жоғарыда айттық қой. Бұл екеуінің тағы бір елеулі айырмашылығы бар. Армандағанда бәрі тамаша, таңғажайыптардың бәрі өзінен-өзі болып жатады. Мақсат үшін сен жауаптысың. Брайан Трейсидің «Максимума Достижение. 12 прин- ципов» деген кітабы былай басталады: «Баяғыда бір тау- дың бөктерінде данышпан қария тұрыпты. Оның білмей- тіні жоқ екен, билеушілер де, саудагерлер де, бәрі соның алдына келіп сұрақтарына жауап іздесе керек. Сол таудың етегінде кішкентай ауыл бар екен дейді. Бұл ауылдың ба- лалары шалға сұрақ қоюды әдетке айналдырған. Қария- ның кез келген сұраққа жауабы бары оларды ойландыра- ды. Шал жауап бере алмайтын бір сұрақ қояйық дейді. Күндердің күні балалардың бірі, Арам: «Данышпанды жерге қарататын сұрақ таптым», – дейді. Қолына кішкен- тай құсты қысып ұстаған ол: «Шалдан мына құс тірі ме, өлі ме деп сұраймын. Егер өлі десе, жібере саламын. Тірі десе, өлтіре саламын. Не десе де, оныкі дұрыс болмай шығады», – дейді. Балалардың бәрі шуылдасып, Арамды ортаға салып, шалға келеді. Сосын жаңағы бала: «Міне, қолымда құс бар, ол өлі ме, тірі ме?», – дейді. Оның көзіне қарап мысқылдаған Шал: «Арам, ол сенің қолың- да», – депті.

Мен осы шалмен келісемін. Сенің әр әрекетің жаңа мүмкін болашақтарды тудырады. Өміріңде болып жатқан барлық нәрсеге өзің ғана жауаптысың. Мемле- кетті кінәлама. Ата-анаңды кінәлама. Бауырларыңды, достарынды кінәлама. Ұстаздарыңды кінәлама. Әсіресе бастығын мен әріптестеріңді кінәлама. Өйткені басқаны таңдай алмасаң да, жұмысты таңдайтын өзің. Кім бола- тыныңды өзің шешесің. Тағдырыңды қолмен жасайсың. Сен өз өміріңнің бағбанысың.





Осы QR кодты сканерлеп, Алан де Боттонның дәрісін көре аласың

Self help кітаптардың бәрінің айтқысы келетіні де осы. Алан де Боттон51, өзінің алты миллион рет қаралған Жеңіс туралы тед дәрісінде (A kindler, gentler philosophy of Suc- cess, https://wwwted.com/talks/alain de_botton_a kinder gentler philosophy _of_success/upnext?language=en) мына- ны айтады. Осыдан төрт жүз жыл бұрын кедей адамды unfortunate дейтін. Яғни, жолы болмаған, Құдайлар, не әйтеуір бір жоғары күштердің бұйрығымен кедейлік- ті арқалап жүруге мәжбүр жандар. Қазір кедей адамды loser деп атайды, демек, жоғалтқан, қолында барынан айырылып қалған. Және осы екі сөздің арасындағы ай- ырмашылық адам психологиясының төрт жүз жылдық даму эволюциясын көрсетеді. Біздің жеңіске жеткен жетпегенімізге бұрын Құдай жауапты деп ойласақ, қазір өзіміз жауаптымыз деген тоқтамға келдік.

Бір орнында тұрған көліктің кілтін бұрап, газды бас- саң, ол орнынан жылжиды. Дәл солай сенің өмірің де өз әрекетіңді күтеді. Кез келген мақсат жауапкершіліктен басталады. Бұл менің өмірім, оны қалай сүретінім өзіме байланысты, мынау менің мақсатым, оған жетуім өзімнің қолымда. Адам осылай, өз өмірі үшін жауапкершілік алуы керек.

____________

Өзің ойлашы, мемлекетті сынағаннан, билікті жаман- дағаннан тұрмысы түзелетін болса, осы уақытқа дейін қазақтардың бәрі баяғыда миллионер болатын еді ғой? Аяқты аспанға асып қойып, тағдырға шағым айтып жата беруге болады, одан не өзгереді?

Тек қана әрекет, саналы әрекетің сені жақсы өмірге жетелейді. Жақсылық өзінен-өзі бола қалады, бақ құсы келіп басыма қона салады деп күту әбестік. Өзінен-өзі ештеңе де болмайды.

Тағдыр деген тылсым. Тағдырды жаратқан Құдай сені де жаратты. Өмірге керектің бәрімен қаруланды- рды. Ақыл-ой, сана берді, тылсымның бәрін сезетін жүрек берді, шешім қабылдап, іске кірісетін ерік берді Күндердің күні әкімдік үй бере салады деп күтіп жүруге болады. Сөйтіп, қартайғанша пәтер жалдап, қартайған- да далада қалуға да болады. «Біздің де қолымызға қарға саңғыр» деп, өмір бойы күтіп жүре беруге де болады. Бірақ тек қана Құдайдың сәтін күтіп жүре беру аз. Оған дайындалу керек. Әзір болу керек. Өмірдің беретіні тым көп. Алла сондай жомарт. Тек қабылдауға дайын бол. Осыны түсінбей, бірақ интуитивті түрде бірдеңені түртпектеп, ылғи да алға жылжитын адамдар болады. Түсініп, саналы түрде таңдау жасайтындарда бар. Осы екі топ дүниені алға жылжытады. Жаңалықтар ашады. Марсқа ұшады. Өзге ғаламшардан адамзатқа мекен із- дейді. Өз бетімен жүретін көлік шығарады. Айфон ойлап табады. Фейсбукты ойлап табады. Жеңіске жетеді.



Бірдеңені іздеп, тырысып, тырмысып жүретін адамдар көбірек табысқа жетеді.

Кәсіпкер емес, тырыскер дейтінім де содан. Кейде жа- уапкершілік маған әлемдегі ең маңызды қасиет сияқты көрінеді. Және, байқауымша, адамдардың көпшілігі со- лай қабылдайды. Егер өз өміріңе жауапкершілік алсаң, өз қателігіңе жауап беруден қорықпасаң, қоғам да мұны құрметтейтін болады.

Олай дейтінім, 2017 жылы Алматыда күтпеген жерден жағымсыз оқиға болды. 23 қыркүйек, сенбі күні 35 адамға арналған палау, салат, жасымық сорпасы секілді көлемді тапсырыс түсті. «Достық» даңғылындағы «Rumi» мей- рамханасы мен Абай даңғылындағы «Мәдени» асхана- сын біріктіріп, тапсырыс берген мекенжайға жеткізген едік. Кейінірек бес адамның тамақтан уланып, ауруха- наға түскені мәлім болды. Ести сала ауруханаға бардық. Бәрі де көп ұзамай жұмыстарына шығып кетті. «Rumi» мен «Мәдениге» келіп, 1300 адам дәл сол тағамдардың 350 порциясына тапсырыс берген екен. Бірақ олардың ешқайсысынан шағым түскен жоқ. Сондықтан біздің топшылауымызша, кінәрат тағамдарды сатып алғаннан кейін дұрыс сақтамаудан болды-ау деп жобаладық. Осы- ны ескерген зиян шегуші тарап та бізге кінә артпады. Қалай болғанда да СЭС өкілдері келіп, жағдайды анықтау үшін тексеріс жүргізді. Олардың тапқан міні 34 сағаттың ішінде жойылды. Тіпті талап етілмесе де, қай- тадан дезинфекция жасап жібердік. Бұл біз үшін өте қо- лайсыз жағдай болды. Өйткені осындай инциденттердің алдын алу үшін талап етілгеннен де жиі анализ жасай- мыз, қызметкерлерімізді оқытамыз, қадағалаймыз. Осы- ның бәрін ескере отырып, әлеуметтік желілерде пост жаздым. Жағдайдың бәрін болған күйінде түсіндірдім. Мен айтпасам, сол желідегі адамдардың, біздің тұрақты және потенциалды қонақтарымыздың көбі сол жағдайды естімес те еді. Бірақ біз барынша тұнық бизнес жүргіз- гіміз келеді. Мүмкін, ол қымбатқа түсер, бірер қонақтар- ды жоғалтып та алармыз. Бірақ шындық қымбат. Әри- не, кінәліні басқа жақтан іздеп, өзімізді судан ақ, сүттен таза деп жариялауға да болатын еді. Бірақ біздің кінәлі болуымыз құрығанда бір пайызға мүмкін болса, ақауды өзімізден іздейміз. Өзімізге прокурор, өзгелерге адвокат болғымыз келеді. Керісінше емес. Біз дәмханаларымыз- ды қайталап тексереміз, СЭС қызметкерлерін өз еркіміз- бен шақырамыз. Кемшіліктерімізді көрсетсін. Қажеттілік болса, ескертпелерді түзету үшін уақытша «Rumi»-ді жа- уып та қоя аламыз. Әрине, ақша тапқымыз келеді, бірақ қонақтарымыздың денсаулығы бәрінен де маңызды. Осы жағдайларды түсіндіргенде, желі қолданушылар «Rumi»- ді тіпті көтеріп әкетті. Өйткені жауапкершілік деген – бәріміз де бағалайтын қасиет.

Өзіңе сену. «Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жеңіске жетуі мүмкін емес». Дени Дидроның сөзі. «Көп адамның өзі ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды күтіп жүретінін байқаймын. Бұл дұрыс емес». Жетімдер үйінен шығып, бүкіл әлемге танылған, өзін дамыту бой- ынша әйгілі тренерлердің бірі, бірқатар бестселлерлердің авторы Уэйн У.Дайердің пікірі.

Кеңестік қыспақ күндерді есіне алған Мұхтар Маға- уин бiрде былай дейді: «Сол тар күндердің өзінде күш берген немене? Сенім болса керек. Өзіңді өте жақсы көретін едің. Мен жазбасам, қазақ әдебиеті тұралап қа- лады, мен күреспесем, ежелгі мұра біржола ұмытылады, атаның әруағын арқалап жүрген – жалғыз өзім, алаштың мұратын келер ұрпаққа жеткізетін – Мен, Мен ғана, Мен болмасам, ұлысымның ырысы ортаяды, ұрпағымның көкіреккөзі ашылмайды, Мен, Мен... деп ойладың. Аз ба, көп пе, бар жасаған еңбегің – осы. Сенімнің көрінісі». Бұл – Мұхтар Мағауиннің «Мен» автобиографиялық ро- манынан үзінді.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылыңмен еңбегің екі жақтап» дейді Абай. «Мен ең күштімін. Менен асқан ешкім жоқ. Бұл эго, жалған мақтан емес. Күн сайын мен өзіме қайталаймын. Мен үздікпін. Менен асқан ешкім жоқ. Осыны қағазға жазып, айнаға іліп қойдым. Есіме түсіріп тұру үшін. Бүкіл әлемнің чемпионымын. Ресей, Қытай, Жа- пония, Америка, бүкіл әлемнің чемпионымын. Осылай қай- талай бердім. Шынымен чемпион болғанға дейін. Және жай ғана чемпион емеспін, өзіме дейін болғандардың бәрінен артықпын». Мұхаммед Әли, 1971 жылы берген сұхбатында солай дейді.

Ағылшындар айтады: fake it, until make it. Алдымен жеңіске жеткендей кейіп танытасың, сосын оған жетесің. «Мен – бiрiншiмiн. Ойымда, өз қиялымда мен ылғи біріншімін. Басқалар не десе, о десін, мен бiрiншiмiн».

Криштиану Роналду осылай дейді.

Жеңіске жете алатынына сену керек. Сонда ғана сен өзіңді жеңіске жетелейтін қадамдар жасайсың. Бақыт пен жеңіс заңдылық деп қабылдау керек. «Қолымнан келеді десең де, қолымнан келмейді десең де сенікі дұрыс». Конфуцийге66 телінетін сөз. «Егер сіз бірдеңе қаласаңыз, демек оның орындалуына керектінің бәрі сіздің ішіңізде бар» дейді Трейси.

Жолыңа бөгет болатын нәрсенің бәріне түкір. Наполеон Хилл айтады: «Адам шын қаласа, мақсаттарға жеткізетін сиқырлы күшке ие болғандай сезінеді». Жоспарлар іске асқан сайын, сенің өзіңе деген сенімің арта түседі. Бұл жаңа белестерге жетелейді.

Құдайға сену. Құдайға сену керек. Достоевский67 бір- де «Егер Құдай болмаса, Оны ойлап табуға лайық еді» деген. Расында, Құдай бәрін жеңілдетеді. Күшті Содан сұрайсың. Тәуекелді Соған тапсыра аласың. Ал дінсіз мүмкін шығар, бірақ қиын. Мықты мемлекеттер – дінге құрылған мемлекеттер. Рим империясы, Осман импери- ясы сияқты ұзақ өмір сүрген империялардың бәрі дінге құрылған. КПСС жетпiс-ақ жыл өмір сүрді.

Он екі жасымда намаз оқыдым.

Бұл біздің отбасымыз үшін қиын кезеңдер еді. Сол кезде дін болмаса, жағдайым қиын еді. Анам: «Балам, Құдай бізді сынап жатыр», – дейтін. Сол сынақтардан аман өттiк. Алайда, мұнда да адамның жеке қабылдауының маңы- здылығын жоққа шығара алмайсың. Жалаң діннің өзі бір- деңе шешсе, бүкіл мұсылмандар керемет болып кетер еді ғой. Ол – адамның қолындағы құрал іспетті. Қалай сілте- сең, солай әрекет етеді. Дін күш-қуаттың бұлағы ретін- де жақсы. Қиналған кезде тіреу, рухани сүйеніш ретін- де жақсы. Болашағың ғайып, жеңісің ғайып. Осы кезде ____________


  1. Конфуций – Қытайдың ұлы философы және ұстаз.

  2. Федор Михайлович Достоевский – орыс жазушысы. Санкт-Петербург ҒА-ның корр. мүшесі (1877).

Құдайға деген сенім болса жақсы, болмаса депрессияға шалдығасың. Өз басымнан өткендіктен айтамын, депрес- сиядағы адамды да Құдайға деген сенім ғана алып шыға- ды. «Қайырлысы» деген сөз жақсы .

Құдайдан сұрап Фатих Сұлтан Стамбұлды алған, Құдайдан сұрап қаншама сәбисіз отбасы балалы болған.

Құдайға жалбарыну керек.



Байлық менталитеті. Жалпы, пендені әр түрлі нәр- семен сынауға болады ғой. Оның қиыншылық кездегі әрекеті, төтенше жағдайдағы әрекеті, асқан қуаныш пен асқан қасірет кезіндегі әрекеті. Мен үшін біреудің жеңісін қабылдауына қарап та адамға «диагноз» қоюға болады. Осы орайда мен білетін екі тип бар. Бірі өзгенің жетісті- гін көре алмайды. Бұл – лузерлердің типі. Ал екіншілер өзгенің жеңісін көргенде, одан әрі шабыттана түседі. Оның өз мүмкіндігіне деген сенімі өзгенің жеңісінен әл- сіреп қалмайды. Керісінше, өзгенің жеңісі оның жетісті- гін жақындатады. Өйткені басқа біреудің қолынан кел- ген, оның да қолынан келетіні анық. Және бір заңдылық, өзінен озып кеткендерге күйе жағып, сынайтындардың, қызғанып, арыз ұйымдастыратындардың ешқайсысы ол биікке жетпейді. Өйткені биікке жету үшін адам рухани тұрғыда биік болу керек.

Стивен Кови мұны «байлық менталитеті» («ментали- тет изобилия») дейді. Адамдардың көбі «жетіспеушілік менталитет» деп аталатын екінші сценариймен ойлайды. Мұндай адамдар, Ковидің тілімен айтқанда, «Өмір деген бір бөлішті бөліп жеу» деп түсінеді. Егер біреу үлкенірек алып қойса, басқаларға азырақ қалады. Жетпей қалады. Мұндай адамдар құрметті, сенімді, билікті, табысты, тіпті соның бәріне жету үшін өздеріне көмектесетіндер- мен де бөліскісі келмейді.

Олар сөйтіп дертке шалдығады. Тіпті ең жақын адамдарының жеңісіне де шын қуана алмайтын болады. Біреу үлкен құрметке бөленіп, не аяқ асты жолы болып, лотерея ұтып алып жатса, «жетіспеушілік менталитетін- дегі» адам өзін әлденеден қағылғандай сезінеді. Біреу өзінен тиесілі бірдеңені тартып алғандай қорланады. Бұны қазақ «мысықтілсу» дейді. Олар іштей басқалар бір бақытсыздыққа ұшыраса екен деп тұрады. Өйткені оның логикасында, өзгенің бақытсыздығы оның өз по- зицияларын күшейтетіндей. Мұндай адамдар бар күшін адамдар мен заттарды алуға жұмсайды: «бағасын көте- ру үшін». Іштарлық дейді бізде мұндайды. Бұл әдет ұшпаққа шығармайды. Іштар адамның ұлы болғанын көрген емеспін.

«Байлық менталитеті», керісінше, өзіне деген терең сенімге негізделеді. Бұл дүниеде бәріне бәрі жетеді деген парадигма. Бұл көзқарастағы адамдар – құрметті, абы- ройды, табысты бәрімен бөлісуге құштар адамдар. Со- ның арқасында ондай тұлғаларға жаңа есіктер ашылады, шығармашылық пен табысқа оңай жетеді. Алдыңғы топ- тан соңғы топқа өту үшін үлкен күш-жігер, өзін бақылау, тәртіп керек. Бірақ ең бастысы, «байлык менталитеті» бар адамдармен араласу керек.

Мысалы, Хью Хадсонов52 түсірген «Огненные колесни- цы» (Chariots of Fire, 1981) деген фильм бар. Төрт бірдей «Оскар», екі бірдей Канн фестивалінің сыйлығын алған киноклассика. Оқиға Англияға көшіп келген еврейдің ба- ласы, талантты жеңіл атлет Гарольд Аббрахамс пен мис- сионер отбасынан шыққан спортшы, аңызға айналған «қанатты шотланд» Эрик Лидлдің текетіресі туралы. Болған оқиғаға негізделген. Сюжет желісін тәптіштеп баяндамай-ақ қояйын, бірақ негізгі мәселе осы. Бір жа- рысқа қатысуға тиіс болған екеу, ақыры екі бөлек жа- рыста алтын медаль тағынады. Мораль қарапайым, же- ңіс бәріне де жетеді.

Өзіңмен бірге өзгелерді де өсір. Әлемдегі нөмірі бірін- ші нетворкер Кейт Феррацци «Никогда не ешьте в одиноч- ку и другие правила нетворкинга» (Never Eat Alone: And Other Secrets to success, One Relationship at a Time) кіта- бында былай дейді: «Мен адамдарға өзін дамыту бойынша кеңес бергенді жақсы көрем. Бұл менің хоббиім. Жүзде- ____________

ген қыз-жігітке білгенімді айттым, бір ғана қоңыраумен оның жұмысқа тұруына, не стажировкаға қабылдануына ықпал ете аламын. Маған ешқандай рақмет те, ақша да ке- рек емес, кейін олардың жеңіске жеткенін есту маған зор қуаныш сыйлайды». Және ол жеңістің негізгі өзегі деп мәрттікті айтады. «Бөлісуге дайын адамдар ғана ұлы жеңі- стерге жетеді», - дейді. Мен осымен келісемін. Неғұрлым көп адамға көмектескен сайын, өзің де соғұрлым көп адам- ның көмегін сезнесің.

Мысалы, мен «Rumi»-дің қызметкерлеріне отбасым си- яқты қараймын. Компания өсуі үшін менің жеке басым емес,бүкіл қызметкерлер өсіп отыруы маңызды.Сондықтан, өзім ғана қыдырмаймын, өзгелерге де саяхаттауға мүмкіндік жа- саймын. Мәселен, осыған дейін «Rumi Group» командасы Әзербайжан, Грузия, Түркияға барып, жаңа идеялармен сусындады. Өзім көргенді олар көрсе, өзім оқығанды олар оқыса, сонда ғана алға қойған мақсатты түсінеді. «Уикенд с Rumi Group» деген жобамен бірнеше қызметкерлерімізді шетелге жіберіп жатырмыз. Олардың арасында басқарушы қызметкерлер ғана емес, аспаздар, ет мамандары, даяшылар да бар. Сондай мүмкіндіктерді ылғи іздестіріп жүремін. Өй- ткені «мен» дегеннен гөрі «біз» деп ойлайтын байлық мен- талитеті табысқа тезірек жеткізеді.

Репутация. Бауыржан Момышұлын53 алып қара. Көз алдыңа шыншыл, әділ, кесіп айтатын, кесек сөйлейтін нағыз батырдың образы келеді. Бұл – оның соғыста көр- сеткен ерлігі ғана емес, соғысқа дейін де, соғыстан кей- ін де, күнделікті өмірде жинаған абыройының көрінісі. «Қасықтап жинаған абыройды шелектеп төгу оңай» де- ген тұрақты тіркес бар. Абыройды жинау қиын, жоғалту оңай, ұстап тұру маңызды.

Авраам Линкольннің екінші аты – «Шыншыл Эйб». Өйткені өмір бойы шындықтың сойылын соғып өткен. «Шыншыл» деген атқа кір келтірмеген. Жастау кезінде, дүкенде сатушы болғанда, «сдачасын» ұмытып кеткен ____________

әйелдің артынан екі квартал жүгіріп барып, ақшасын қайтарыпты. Содан бастап ылғи да өзінің шыншыл адам екенін дәлелдеп келген. Ешкім оған күмән келтірмейтін болған. Нәтижесінде оны еркінен тыс болмаса да, сыр- тынан президенттікке ұсынды.

Егер адамдар саған сенбесе, олар сенімен бірге жұмыс істеуден бас тартады. Жобаңа ақша бөлмейді. Серіктес бол- майды. Сондықтан қай салада да өзіңе деген адамдардың сенімінсіз, жеңіске жетем деп ойлама. Репутация – сенің ба- рың. Әсіресе бизнесте. Кәсіпкерлік деген – ойы мен қыры көпсала. Бір сәтте бүкіл әлем уысыңда сияқты сезінуің мүмкін, келесі сәтте оның бәрінен айырылып қалуың мүм- кін. Сондай басына күн түскен жағдайда ер-азаматты құтқаратын – оның репутациясы.

Егер сен жеңіске жетем деп шешсең, тура сол сәтте жақсы адам болам деп шешім қабылда.

Мен бұл жерде мораль окығалы отырған жоқпын, тек жақсы адам болудың жеңіс үшін қаншалықты маңыз- дылығын ескерткім келеді.

«Жақсы адам» дегеннің өзі тұманды категория. Әркім оны әр түрлі критерийлермен анықтайды. Және әркім оны әр түрлі ракурстан бағалайды. Бір ситуациядағы әре- кетiң біреулер үшін «жақсы», біреулер үшін «жаман» бо- лады. Келісіп алайық, сенің бәріне ұнауың мүмкін емес. Бәріне ұнауың мақсатта емес. Сенің мақсатың – алдымен өзіңе ұнау. Өзіңнің ұстанымдарыңа адал болу. Содан кейін өзгелердің үдесінен шығу. Стивен Кови: «Адам- ды арман жетелеу керек, бірақ ол принциптерге сүйенуі керек», – дейді. Принциптері бар адам қандай? Кедейлік оның абыройын таптамайды, ал байлық тәкәппарлығын оятпайды.

Принцип – адамның өзін бағалауының шкаласы. Принциптерден аттаған кезде өзіңе ұнамайсың, принцип- терге сәйкес кезінде өзіңмен келісімдесің.

Иә, біреудің жолын кесіп, аттап, таптап, алаяқтық жа- сап байып кетуге болады. Бірақ байлық жеңіс пе? А.Ба- лабановтың54 культке айналған «Бауыр» деген фильмінде

(«Брат», 1996) Данила сұрайтын еді: «Күш неде? Мысалы,

менің ағам айтады, ақшада дейді. Ал, ақшам бар дейік. Ал не болды? Мен ойлаймын: күш – шындықта. Шындық кімнің жағында – сол күшті. Сен біреуді алдадың, ақша жасадың, содан күшті болып кеттің бе? Жоқ, болған жоқсың. Өйткені әділет сен жақта емес. Әділет алданған адам жағында. Де- мек, ол күштірек. Солай емес пе?».

Гай Кавасаки «Стартап по Кавасаки. Проверенные ме- тоды начала любого дела» атты кітабында былай дейді: «Өнегелі адам болу деген – өте құнды қасиет. Оның арқа- сында адамдар сізді әдепті, шыншыл деп санайтын бо- лады және сізбен тілдескісі келеді. Оған қоса бұл – құр- меттің ең жоғарғы формасы мен мансаптың шыңы. Мен сіздің көп ақша тауып, үлкен мекеме құрудан әрірек барға- ныңызды қалар едім». Және өнегелі адамның ең бірінші қасиеті деп жақсылықты қайтара алмайтын адамдарға жасауды айтады. Одан әрі марапат күтпей жақсылық жасауды айтады. Шынында да жақсылық үшін марапат кейде өзіңнің көтеріңкі көңіл күй мен жақсылық жасадым деген сенімің ғана болуы мүмкін. Соның өзі жеткіліктіден де көп. Адам әлеуметтік жаратылыс және көбінесе оның тамақ ішуге, ұйықтауға деген қажеттілігі сияқты, жақ- сылық жасауға да қажеттілігі болады. Өзіңді кем бағалама.

Жақсылықты риясыз жаса.



Өзгелерге ұнау. Жеңісті қолдан жасаймыз деп айттық қой. Ылғи да жолың болу үшін фокус қою керек, еңбекте- ну керек, іздену керек. Қазақта «Адамның күні адаммен» деген мәтел бар. Шынында да бәріміз адамдардың қорша- уында өмір сүреміз. Сондықтан қайда барсақ та жолымыз- ды ашатын да, жабатын да адам. Жақсы адам болудың үлкен пайдасы бар. Сен өзгелерге ұнайсың. Ал өзгелерге ұнау – жеңіске жетудің ең үлкен алғышарттарының бірі. Қалтасында көк тиыны жоқ адам қалай миллиондар жа- сайды? Өйткені ол өзіне ең алғаш, даяшы, не жүк тасушы __________

жұмысын берген адамнан бастап, соңғы бизнесіне ақша салуға келіскен инвесторына дейін ұнайды. Егер сен Стив Джобс болсаң, өзгелерге ұнамай-ақ iPhone шығарасың. Бірақ Арре сияқты компанияның бастауында тұрған алғашқы өнімді шығару үшін Воз- няк сияқты генийді бірге жұмыс істеуге көндіретін сенім күші керек.

Ицхак Калдерон Адизес55 «Идеальный руководитель. Почему им нельзя стать и что из этого следует?» деген кітабында жазады: «Сізді жақсы менеджер не лидер қы- латын– біліміңіз емес өзіңіз. Уақыт өткен сайын білім ескіреді, өзекті болмай қалады, ал сіз өзіңіз болып қала- сыз. Білімі бар кісіні жұмысқа алып, оны Адам жасаған- ша, Адамды жұмысқа алып, оған білім берген оңайырақ Өзгелерді ойлау. Жақсы адам болу – өзіңді ғана емес, өзгелерді де ойлау деген сөз. Өзгелерге көмектесуге дай- ын адамға өзгелер де көмектесуге дайын тұрады. Өмір бумеранг сияқты дегенді бәрі айтады ғой. Ол расында да солай. Не ексең, соны орасың. Аңызға айналған мил- лионер, филантроп Джон Рокфеллердің56 жай клерк бо- лып төрт доллар тапқан кезі болған. Сол төрт доллардың жиырма пайызын жинаған, елу пайызын шіркеуге бер- ген, ал өзі қалған отыз пайызын ғана жұмсаған. Бірнеше жылдан кейін ол АҚШ-тың ең ірі мұнайшысының біріне айналды.

Брайан Трейси оның өміріндегі мына фактіні кел- тіреді. Рокфеллер мұнай бизнесіне көңіл қойғаны сондай, өзгелерге уақыты болмайды. Ол 52 жасында әлемдегі ең бай адам саналған. Бірақ тура сол кезде денсаулығы сыр берген еді. Әрі кетсе, бір жылдан кейін өлесің дейді дәрі- герлер. Сонда Рокфеллер компаниясының жартысын 500 миллион долларға сатып, «Рокфеллер қорын» құрайды. Бұл қор ең қайырымды істерді қолдайды. Ғажабы, ол өз- гелерге көп берген сайын, өзін жақсырақ сезіне бастай- ___________

ды. Біртіндеп, аурудан құлантаза айығады. Содан бастап өмірінің соңына дейін шіркеулер мен қайырымдылық қорларына жәрдемдесіп тұрған. Сөйткен Рокфеллер ұзақ өмір сүріп, 92 жасында қайтыс болды. Жалғыз өзі қайы- рымдылыққа жүздеген миллион доллар жұмсап, әлемдегі ең жомарт филантроп ретінде тарихта қалды. Соның өзін- де ақшасы таусылған жоқ.

Тағы сол Брайан Трейси айтады: «Әлемнің ең мықты бизнесмендері ең жиі айтатын сөз: «Сізге қалай көмек- тесе алам?». Кейде расында да сенің қалай көмектесе алатыныңды айтар. Ал көп жағдайда адамдар көмегіңнен бас тартады. Бірақ саналы және бейсаналы түрде сенің көмек қолын ұсынғаныңды ұмытпайды».

Қысқасы, өзгеге көмектесуің таза эгоистік перспек- тива тұрғысынан да ақталады. Біріншіден, өзіңді жақсы сезініп, моральдық жағынан қанағаттанасың. Екіншіден, бұл сен мұқтаж кезде басқалардың көмегіне сенуіңе не- гіз болады. Қазақ үшін көрінген бұрышта «Сізге қалай көмектесе алам?» деп жүгіріп жүрудің өзі жасандылық сияқты көрінуі мүмкін. Белгілі банктің сол ұраны тіпті күлкіге айналып кеткенін білесіздер. Эмоциясын ашық айтпайтын халықпыз. Бірақ көмегің керек болған сәтті өзің де білесің, сезесің. Сонда тартынып қалма. Сен жо- март болған сайын, дүние де мәрт болады. Мәрттік мәрт- тікпен қайтады.

Алайда бұл қолыңдағының бәрін шашып тастауың ке- рек дегенді білдірмейді. Грузиннің Пиросмани57 деген су- ретшісі еске түседі. Өте талантты адам болған, бір кезде қолына кішігірім дәулет бітіп, дүкен де ұстайды. Бірақ жүрегі жұмсақ бейшара, адамдарға көмектесемін деп та- уарының бәрін қарызға таратып, ақыры тақыр жерде қа- лады. Халықтың жағдайы қиын еді, ол ешкімге де барып, «қарызды қайтар» деп айта алмады. Ал күндердің күнін- де: «Не керек, бәрін алыңдар», – деп дүкенінің есігін ашты да, өзі аулаққа кетті. Өмірінің соңына дейін бір рөмке арақ пен бір бөлке нан үшін көрінген жерде сурет салып, қор ___________

болып өтті. Жертөлелдегі қуықтай бөлмеде бүрісіп өмір сүрді. Жақсы адам болғаны оны құтқара алған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды: әрине, адамдарға көмектесу керек. Қайырымдылықпен айналысу керек. Бірақ белгілі бір деңгейге жеткенде мұқтаж жандардың, көмек сұрайтындардың өте көп екенін түсінесің. Дүниедегі ке- дейлік пен жоқшылықтың бәрін жалғыз өзің жоя алмай- сың. Соны түйгенде моральдық ориентирлерің сені алға жетелейді.

Өзіне ұнау. Ал одан да бұрын, өзіңнің ең басты су- дьяңды ұмытпа. Ол – өзің. Психолог Натаниель Бранден- де «Өз алдыңда репутация жасау» деген ұғым бар. Өзіңді жақсы сезіну үшін, өзің туралы пікірің де жақсы болу керек. Және, әрине, оған негіз де керек. Өзін тежей ал- майтын, құштарлығын меңгере алмайтын, қорқынышын құлыптай алмайтын, салмағын дене басқара алмайтын, өз уақытын, өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, тәртібі жоқ адам өзін құрметтей алмайды.

Бір қорқынышымды жеңдім, бағам өсті. Өзімнің ал- дымда. Бір азыруға төтеп бердім. Бағам өсті. Өзімнің алдымда. Осы үрдіс бәрінен де маңызды. Өйткені сен өзіңізді құрметтеген кезде өзгелерді де құрметтей бастай- сың және оларда сені құрметтей түседі. Тіпті конструк- тивті емес сын естіген кезде сен оның конструктивті емес екенін біліп тұрасың. Егер өзің туралы пікірің төмен бол- ca, әрине сен эмоционалды тұрғыда қорғансызсың.

Біреу сені сынады ма, келісуің міндет емес, қарсы шығып, жанжалға дейін баруың мүмкін. Бірақ іштей жеңіліп тұрсың. Өйткені оныкі дұрыс екенін білесің. Іштей өз бағаңды білесің ғой. Тыңда, сен сияқты ешкім де өзіңді білмейді. Өйткені ешкім дәл өзің сияқты жиы- рма төрт сағатты сенімен бірге өткізбейді. Сондықтан сенің өзің туралы пікірің бәрінен де маңызды. Әрқайсымыз әртүрліміз. Соған сәйкес, әрқайсымыз- дың күресетін қарсыласымыз, алысатын дұшпандары- мыз да басқа. Көрсекызар үшін ол керек емес затты са- тып алудан сактану болуы мүмкін. Қызқұмар үшін зина жасаудан сақтану болуы мүмкін. Мешкей үшін тамақтан сақтану болуы мүмкін. Ақшаны қажет емес нәрсеге, ар- тық шоколадқа жұмсамау, некеге адалдықты сақтап қалу да өзіңе деген құрметіңді арттырудағы бір қадам. Дисциплинаға үйрену. Адамның жеңісі арманда- рының масштабына және жоспарларының миссиясына сәйкес келетініне байланысты. Арманды миссияға, мис- сияны шындыққа айналдыратын құдірет дисциплина (тәртіп) деп аталады. Көбіміздің үлкен жеңістерге жете алмайтынымыздың бір себебі – өзімізді тізгіндей алмай- тынымыз.

Егер сенің де дисциплинаңмен жұмыс істеу керек екенін сезсең, ең алдымен қай салада кемшін түсіп жатқа- ныңды анықта. Мысалы, кей адамдар жоқшылықтың yы- сынан шыға алмайды. Ал одан шығу үшін, біріншіден, жұмыс істеу керек, екіншіден, ақша жинау керек. Ақша жинау үшін де дисциплина керек. Әр жалақыны, табыс- тың, кірістің отыз пайызын жинауды әдетке айналдырып отыру қажеттігі жалпыға белгілі. Клемент Стоун айта- ды: «Егер ақша жинай алмасаңыз, ірілік те қолыңыздан келмейді». Үйіңде жинай алмасаң, сенімді бір адамға – анаңа, жолдасыңа, досыңа жалақынның отыз пайызын сақтау үшін беріп қой. Немесе жалақы алатын банкіңнен депозит ашып, карточкаңнан автоматты түрде аударып отыруды әдетке айналдыр.

Болмаса, артық салмақпен күресіп жүрген шығарсың? Артық шоколад жеп қоймас үшін, өзіңді сүйреп спорт- залға апару үшін де дисциплина керек. Мүмкін, темекіні тастағың келетін шығар? Немесе таңертең жаттығу жа- сауды әдетке айналдыра алмай жүрген боларсың? Келесі дүйсенбіден бастаймын, жаңа жылдан бастаймын деген- нің бәрі – жай ғана сылтау. Саған керегі дисциплина ғана. Дисциплинаның негізі – әрекетті әдетке айналдыру. Бір нәрсе әдетке айналғанда, ол «ұнайды, ұнамайды», «істегім келеді, келмейді» деген категориядан шығып кетеді. Ол жай ғана әдетке айналады.

Психолог Терри Коул Виттакер айтады: кез келген әре- кеттің әдетке айналуы үшін үш апта уақыт керек. Жиыр- ма бір күннен кейін ол автоматты түрде істелетін болады. Темірдей тәртіпке үйрену үшін, өзіңнің нашар әдетіңнің зардабын анықтауың керек. Дисциплинаның керектігін, оның зардабын бағаламайынша түсінбейсің. Оның бірден-бір оңай жолы – тізім жасауды үйрену. ТІЗІМНІҢ «ҚҰДІРЕТІ». Мысалы, сен ақшаны көп жұмсайтын адамсың делік. Онда сатып алған заттарың- ның бәрін ерінбей тізіп отыруды әдетке айналдыр. Бір апта, бір ай, бір жыл бойы жасаған тізімге қарағанда, қан- ша ақшаны қажет емес заттарға жұмсағаныңды білетін боласың. Болмаса қанша тәтті жегеніңді тізіп отыр. Қан- ша калорияны артық тұтынып қойғаныңды, қанша қант- пен ағзаңды улағаныңды есептеу оңай болады. Үздіксіз жалғасқан тізімдердің арқасында адам кішкентай әре- кетін үлкенірек контексте көре алады және сәйкесінше, оның нәтижелерін де бағалай алады.

Мысалы, қазір танымал бола бастаған «кроссфит» де- ген қозғалыс бар. Белгілі бір уақыт үзігінде адамдар қан- дай физикалық жаттығулар жасағанын тізіп отырады. Онысы басқаларға да көрініп тұратындықтан, адам өзін- өзі шыңдауға, кешегісінен бүгін артық болуға тырысады. Бұл – басқамен емес, алдымен өзіңмен жарысу. Әрбір кіш- кентай жеңіс адамның бойындағы эндорфинді көтеріп жі- береді. Егер жиі-жиі осы эндорфиннің көтерілгенін сезін- сең, оған бой үйретіп қаласың. Келесі кішкентай жеңіске бейсаналы түрде ұмтыласың.

Бұл және бүгін ойлап тапқан әдіс емес. Ежелгі грек философтары «һupomnemata» деп аталатын журнал жүргізіп отыратын болған. «Бүгін қандай жамандықтан өзімді сақтадым? Бүгін қандай жақсылық жасадым?» деп есеп берудің арқасында, өздері сіңірген философиялық ойлардың өмірде де пайдаланылып жатқанын қадағалай- ды екен.

«Как работать по 4 часа в неделю, не торча в офисе от звонка до звонка» (The 4Hour WorkWeek) кітабының авто- ры, америкалық шешен және бизнес кеңесші Тимоти Фер- рис – өзін бақылаудың сөзсіз чемпионы. Ол өзін лайфхакер деп атайды: барынша аз күш жұмсап, дене салмағын қал- пында сақтауды мақсат етеді. Он сегіз жасынан өз нәтиже- лерін тіркей бастайды. Соның арқасында қандай режим- де ол жақсырақ ұйықтайды, жақсырақ тынығады, азырақ ауырады, тезірек жазылады… соның бәрін анықтай алатын деңгейге жетті. Мұндағы идея – өзіңді тану және өзіңді тану бойынша сарапшыға айналу.

Мүмкін, сенің негативке байланып қалатын әдетің бар шығар. Жюль Еванс «Өмірге арналған философия» (Philosophy for Life and other Dangerous situations) деген кітабында «Ризалық күнделігі» деп атайтын күнделік жүргізуді ұсынады. Бұл өмірдің қараңғы жақтарын көру- ге бейім жандарға өзін өзгертуге тамаша мүмкіндік дейді ол. Мысалы, Марк Аврелий екі мың жыл бұрын «Меди- тация» деген кітап жазды. Онысы тек қана күн сайынғы алғыс еді. Қазіргі смартфондарда көңіл күйіңді, ішімдік пайдалануыңды, ұйықтауыңды, диетаңды, физикалық жаттығуларыңды, шығыстарың мен кірістеріңді, қысқа- сы өміріңнің кез келген аспектісін тізіп отыратын қосым- шалар толып жатыр. Өз әдеттерің мен эмоцияларыңды тізіп отыру, өз өзіңе есеп беруге және өзіңді тәртіпке са- луға көмектесетін жақсы құрал дер едім.

Және әрине, жеңістерді де тізіп отыру керек. Темекі шекпеуге шешім қабылдадың ба, оны атап өт. Күн сайын. Қанша уақыт темекісіз өмір сүрсең, соншалықты өзіңе деген бағаң артады. Грек философы Эпиктет кез келген жаман әдеттен арылу үшін отыз күн керек деген. Тізім, жасауға күніне ұйқыға кетерде уақыт бөл. Қажет болса, телефонға ескертпе орнат. Бірақ тізім жасамайынша, ұй- қыға кетпе. Сократ айтқан: «Қандай ас ішіп, қандай жат- тығу жасағанын үнемі қадағалап жүретін адамға дәр- гердің керегі жок». Қысқасы, тізім жасау өзіңді жетілдіру жолында жүйелі қадағалаудың кұралы бола алады.

СЕНІ БІРЕУ ҰРСА,

ҚАЛАЙ ЖAУАП БЕРЕСІҢ?

Немесе ПРОАКТИВТІЛІКТУРАЛЫ

МОНОЛОГ

Өмірде әсер ете алмайтын нәрселер бар: ауа райы, адамның өлімі, ақша бағамының өзгеруі. Қала- сақ та, қаламасақ та бұларды өзгерте алмаймыз. Бірақ, әсер ететін нәрселер бар: біліміміз, іс-әрекетіміз, табы- сымыз. Өзімізді дамыту арқылы басқа жайттарға әсер ете аламыз.

Проактивтілік дегеніміз – өрт лаулаған сәтте әрекет ету емес, өртті болдырмау үшін, алдын ала әрекет ету. Сені біреу ұрған кезде, жауап қайтару емес, сені біреу ұр- мас үшін не істеу керегін ойлау.

Мысалы, студент болып жүрген кезде, жоғары оқу ор- нын бітіргенде жұмыс істеу емес, оқу орнын тәмамдаған- да, саған жұмыс берушілер кезекке тұру үшін әрекет жа- сау. Отбасыңның қашан ыдырап кететінін күтіп отырмау, оны болдырмау үшін жарыңды сыйлау, оған гүл әкелу, бұл – проактивтілік.

Егер біз болған жағдайға реактивті емес, проактивті көзқараспен қарасақ, біздің өміріміздегі көптеген кері әсер тигізетін жағдайлардың болмауына әсер ете аламыз. Осы қағиданы дұрыс ұстансақ, көптеген жеңістерге жете аламыз.




ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН ФИЛЬМДEP TIЗІМІ




  • «Переломный момент» фильмі.

  • «Құстар әні» сериалы.

  • Малкольм Гладуэлл. «Переломный момент: Как не значительные изменения приводят к глобальным переме нам».

  • Коносуке Мацуста. «Твой путь».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет