Күні: 04. 05. 2016жыл Сынып: 6 «А», «Ә» Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға Мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі152,83 Kb.
Күні: 04.05.2016жыл

Сынып: 6 «А», «Ә»

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадірлеу. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру.Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Түрі: Саяхат сабақ (Б.Момышұлы атындағы саябақ, ескерткіші)

Барысы: І. Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»
ІІ. Мәнерлеп оқу. Арнау (ақындардың өлең жырлары)
а) М. Мақатаев «Бауыржан Момышұлына»
ә) Қ. Аманжолов «Бауыржан»
ІІІ. Б. Момышұлының қанатты сөздері ІV. Әдеби - композиялық монтаж VІІІ. Қорытынды.

Кіріспе. Көзінің тірісінде – ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,» - деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз.

ІІ. Өмірдерек. «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»

Керімқұлова Інжу, Жұмабек Жасмин.

Біздің санамызда атамыз Бауыржан мен Жуалы ауданы түсінігі бір-бірімен қосарланып қалыптасқан ұғым. Өйткені бұл жер – атамыздың «кір жуып, кіндік кескен жері», қасиетті ұшқан ұясы. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең болмайды десек, бұл өлкенің аты бұрын «Мыңбұлақ» болған екен. Ал Жуалы ауданы болып кейін, Кеңес заманында, 1928 жылы құрылыпты. Қазір Бауыржан Момышұлы ауылы. 
Амир: Бауыржан Момышұлы өз туған жерін былай сипаттайды: 
Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, 
Ішсем суы татиды шекер, балдай 
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңыршқа 
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай. 
Данияр: 1910 жылы 24 желтоқсанда Мыңбұлақтың басында, асқарлы таулардың бөктерінде, желмен ырғала сыбдырлап ән салған қарағайды, қайыңды, қызғалдақты өлкенің баурайында қазақ халқының бірегей ұлы Бауыржан атамыз дүние есігін ашқан екен. Атасы Имаш «Өмірге ұл келді» деп сүйіншілеп, жан – жаққа кісі шаптырып, жар сала туған туыстары қуаныпты. Шілдехана жасаса, ол тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атасы ел қарияларынан алақан жайып бата сұраған екен. Сонда қариялар: «Төл немерең, бел немерең ғой, бата беру жөні өзіңіздікі» депті. 
Атасы «Алатаудың қыраны мол еді,- 
Қырағы болсын, құлыным. 
Қойнауы суға мол еді,- 
Бұлағы болсын, құлыным. 
Бұл жер батырлар төрі еді,- 
Сыңарлы болсын, құлыным! 
Әумин!» деген екен. 
Айнагүл: Міне, осыдан-ақ атасының болшақта немерем елін, жерін сүйетін ер болсын, халқына шырақ болатын ұл болсын деген арман-тілегі айқын танылады. 
Ал Бауыржанның өз әкесі еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған. 
Нұрмұхамед: Бауыржан Момышұлының тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген. 
Бауыржанның анасы Рәзия-қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалға, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді.Сөйте тұра,кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт -дәстүрімізге жетік, ибалы,иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі,әрі дәл бейнелеген. 
Дінмұхамед: 
Тәрбиелеп баптаған түлегіңді, 
Туған елім тілеймін тілегіңді. 
Саған қарай садағын кім кезесе, 
Қалқан етіп тосамын жүрегімді,- деп Асан қайғы бабамыз аңсаған, Қытай саяхатшысы сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалының Мыңбұлақ аймағында дүниеге келген батыр сын сағатта Отанды жаудан қорғау үшін сапқа тұрады. Бұл 1941 жыл еді. 
Рауан: 
Б.Момышұлы 207 ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 27 рет әскери ғылымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасап, 2 рет ауыр жарақаттанған. 
Жалпы Ұлы Отан соғысында А.Матросовтың ерлігі-207 рет қайталанса, біздің панфиловшылардың ерлігін ешкім қайталай алмады. Москва түбінде фашистер 500 мың адамын жоғалтып, 1300 танктен айырылды.2300 зеңбірек, 15 мыңнан астам машина мен басқа да техникалардан айырылды.Мұндай шығынды фашистер көрмеген еді. „Біз жеңілмейміз!„деген фашистік армия шынымен талқандалды. 
Тәттібала: Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен 1941 жыл 15 шілдеде Алматы облысы Талғар қаласында Қазақстан мен Қырғыстан ұландарынан 316 атқыштар дивизиясының 1073 атқыштар полкі жасақталды. Ал 31 шілдеде полк ант қабылдады, Қызыл Армияның қатарына қосылды. Олар жауынгерлік машықтандырып өтіп, ұрыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, ұйымшылдығы, тәртібі жағынан көзге түсті. 
Гүлнар: 
Панфиловтан бата алып, 
Артыма ерді мың солдат 
Тағдырын маған тапсырып, 
Ел ұлдары мың солдат. 
Белуардан қан кешіп, 
Жүзден аса соғыста 
Бал орнына у ішіп, 
Қан майданда қан кешіп, 
Намыс туын көтердік. 
Қ имылдады мың батыр, 
Мыңға татып бір батыр. 
Атамекен жері үшін, 
Қ асиетті ел үшін, 
Болмай қалар кім батыр. 
Гүлім: Мәскеу үшін шайқаста И. В. Капровтың панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. 
Елнұр: 
Соғыста бір -ақ заң бар мен білетін, 
Я өліп, я болмаса өлтіретін. 
Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды, 
Жандандыратын болмаса,сөндіретін. 
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін, 
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін. 
Жас қаның туған жерде босқа ақпасын, 
Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін 
Назира: 
Момышұлы өмірбаянының ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алды.1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Карпов басқарған 1073 -полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді.Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қомылын жаңа тактикаға жанастыра отырып,операцияны орынды басқара білді.Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып,майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе. 
Алайда аласпыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің баталон, роталармен байланысты үзіліп,жауынгерлердің қай жерде,қандай халде екенін білу қиынға соқты. 
Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі -Бауыржан басқарған бірінші батолон еді.Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады.Батальонның алдында жүретін 15 адамнан құралған барлаушы қойып взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірнің ізімен бірін жүргізе жүргізуді ұйғарды.Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды.Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды.Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады.Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды.Күндіз қалың тоғайда тыныстап,түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырады.Қ алың қарағайлы тоғай іші қар.Жауынгерлер шаршады.Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуы бойынша,осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрадыекен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты.Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В:Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен.Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды.Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды.Иван Василевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қусыра құшақтай алып,бетінен сүйіп, „Жарайсың сұңқарым„ деп арқасынан қақты. 
Ибраһим:Ел аузында аңыз болған есімі 
Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді 
Ерге лайық мінегі оның найзағай, 
Ақ боз атпен қол басы боп көсілді. 

Қалт еткенде естеліктер қалдырып, 
Қоршау бұзған қоршау бұзған жауды естен тандырып, 
Ер Бауыржан ата есімі рух берген, 
Жүректерде жігер отын жандырып. 

Қызу қанды командир ол намысты, 
Жауға қарсы жан аямай алысты. 
Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың 
Батыр ата Бауыржандай арысты 

Айымжан: Полковник Бауыржан Момышұлы сұрапыл шайқастарға қатысушы ғана емес ол жетекші командир дәрежесіне дейін көтерілді. 
Бауыржан Момышұлы - әділ, өткір, шыншыл, қырағы, айбынды, арлы, рухы күшті әскери басшы. 
Бауыржан Момышұлы тек атақ-даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір толғанысы бар, алғыр да тапқыр азамат деп бағаланған қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов 
Мағжан: Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктері үшін қазақстандық 518 жауынгер Кеңес Одағы Батыр атағын алды. Оның ішінде бұл атаққа 1990 жылдың 11 желтоқсанында Бауыржан Момышұлы да кешеуілдеп барып ие болды. 
Далила: Бұл әділетсіздіктің себебін қандыкөйлек досы Дмитрий Снегин Баукең туралы естелігінде былай деп жазған: 
«Талантты қолбасшы Баукеңе қысымшылық жасау сонау майданнан басталған. Оның әскери іске бейімдігі, туашылдығы, батылдығы кейбір басшылардың шымбайына батып, көре алмай аяғынан шалды. Оның кемшілігіне қуанып, жетістігіне налыды». 
--Б.Момышұлы өзіне арнап 1947 жылы 6 желтоқсанда жазған бір шумақ өлеңінде былай дейді: 
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, 
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде. 
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, 
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде 
Мерей: Соғыс кезінде қан кешіп жүріп істеген адал еңбегі әділ бағаланбаған Баукең мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болғандықтан осыншама жылдар бойы жүрегін сыздатқан. Баукеңнің соғыс, отаншылдық тақырыбына жазған мақалалары, қанатты сөздері шырқырап шындық іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес. 
Айдар: Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған. 
Дияр: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп.Солардың бірегейін атасақ, „Қанмен жазылған кітап„ , „Ұшқан ұя „ , „ Москва үшін шайқас,, , „ Менің отбасым „ , „Майдандас достарым„ , „ генерал панфилов„ , „ Төлеген Тоқтаров„ , „Адам қайраты„ , „Артымызда Москва„Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның „Біздің отбасы, „Артымызда Москва„ , „Майдандағы кездесулер„ сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған. 
Жасмин: Баукеңнің отан, отаншылдық, әскери тақырыптарына жазған қанатты сөздері, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мән-маңызы өз алдына бір төбе. 
* Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз, 
Басшысыз әскер - әлсіз. 
* Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды. 
* Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, 
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. 
Мақсат: Мақтанбағын мас болып, 
Абырой алсаң табысқа. 
Қоян болып тығылып, 
Жау көлгенде қамысқа 
Арыстансыма ақырып. 
Данышпансыма ақылдан, 
Елемей көзге жалпыны 
Айрылып қалма жақыннан. 

*Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. 
*Тіртіпке бас иген құл болмайды. 
*Елсіз ер болмайды 
Ерсіз ел болмайды. 
*Тізе бүгіп тірі жүргеннен 
Тіке тұрып өлген артық 
*Көре алмаған көз сорлы, 
Айтылмаған сөз сорлы. 
Аружан: 
*Ердің туы -намыс. 
*Сен жаудан қашсаң,өмір сенен қашады. 
*Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттіктің қасиеті. 
*Отан үшін тоқа түс – күймейсің. 
*Опасызда Отан жоқ. 
Арнұр: Бауыржан Момышұлы туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің ,,Арпалыс„,Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз„ , келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер„ , ұлы Бақытжан Момышұлының „Жанымның жарық жұлдызы„және тағы басқа шығармалар. 
Перизат: Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері көп.Атап өтсек: 
*Құралайды көзге атқан мерген. 
*Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен. 
* Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп. 
* Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің „Батька„ , „Ақсақал„ дегендей қошеметтеріне ие болған. 
*Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әнгіме.Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да - бөлек әңгіме. ,,Б.Момышұлының соғыс тактикасы „ деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады.Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс - тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады. 
* Кітабы әлемге таралған жазушы.. 
* Көпшілікке белгісіздеу өнері -суретшілігі. 
* Бильярд ойынының шебері.Сегіз шарды тоқпақтай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгінің ең мықты билярдшыларымен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі. 
*Сөзге шешен және тапқыр.  Гүл шоғын қою.
Қорытынды: Ел басына күн туып, ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен саз кешкен кезеңде, Ұлы Отан соғысында кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр, батыл, ержүрек даңқты жауынгер, қаһарман батыр Бауыржан Момышұлының азаматтық, жауынгерлік тқлғасы мәңгі ел жадында сақталмақ.

«№77 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қаралды»

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

---------------------Н.Б.Жетпысбаева

04/05/2016жыл

Сынып сағаты

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға

Сынып жетекшісі: М.О.Мухитова Э.С.Бактыгалиева 6 «А», «Ә» сынып

Астана, 2016жыл

1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 жылы Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924 жылы үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық мектебіне ауыстырылады.
1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928 - 1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932 жылы Қызыл армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.
1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді, сол жылы Қызыл армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы соғыс басталғанда 316 - атқыштар дивизиясының жасақталуына ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.
1941 жылы 26 қарашада маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды. Зейнеттік жасқа дейін әскери қызмет атқарған жауынгер жазушы, даңқты батыр 1985 жылы өмірден өтті.
Каталог: uploads -> doc -> 099b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
099b -> Сабақтың тақырыбы : Туындының физикалық мағынасы. Сабақтың мақсаты
099b -> Сынып жетекшісі: Гулалиева Г. Ж 2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет