Қуаныш шонбай екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы 2018


ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP TІЗІМІ



бет4/7
Дата04.10.2019
өлшемі2,23 Mb.
#49230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕКИНШИ БОЛМА

ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP TІЗІМІ


  • Роб Фитцпатрик. «Спроси маму. Как общаться с клиентами и подтвердить правоту своей бизнес-идеи, если все кругом врут?».

  • Даниел Канеман. «Думай медленно... Решай быстро». • Регина Бретт. «Будь чудом. 50 уроков, которые по могут тебе сделать невозможное».


IV ТАРАУ


ЖЕНІСКЕ БАРАР

ЖОЛДАҒЫ БАРЫЕРЛЕР

(КЕДЕРГІЛЕР)

ҚАБЛЕТТІ АНЫҚТАУ:

ЖОҚТЫ ҚУАЛАМАЙ,

БАРДЫ ДАМЫТУ

Ауылда өстік қой. Малды өрістен күтіп алу, жем- шөбін дайындау қалыпты шаруа болатын. Сиыр жоғалғанда оны іздеуге шығамыз. Темір жол бар. Темір жолдан өткеннен кейін жол екіге айырылады. Оңға ке- тесің бе, солға кетесің бе деген таңдау болады. Сиыр- дың қайда екенін білмейсің, елу де елу. Сонда өзіміз ойлап тапқан GPS жүйесі болатын. Екі қолыңмен екі қасың- ды жұласың. Қай қолыңда көп шықса, сол жаққа қарай жүресің. Сол сияқты, Құдай да бізді жаратқанда әрқай- сымызға GPS берген. Оның аты — қабілет. Ұйымдас- тырушылық қабілет, жинақылық пен ұқыптылық, бір жұмысты соңына дейін жеткізетін қайсарлық, кейбір адамдар техникаға, детальдарға құмар, кейбірі сөзге шебер, кейбірі математикага жүйрік. Кейбір адамдарда талгам бар. Олардың дизайнга икемі болады және оны- сы киген киімінен-ақ белгілі.

Осы дүниелер адамның болашағын анықтайды. Оның ән салатыны мен би билейтіні емес. Мысалы, Стив Джобс19 компьютер данышпаны емес. Есесіне талғамы өте жоғары адам болды. Соның арқасында ІT саласын- дағы аңызға айналған компанияны құрды. Оның өнім- дерін талғам ерекшелеп тұратын. IPhone, IPod, IPad, IMac – Appleдің кез келген өнімі әлі күнге эстетикалық тартымды дүниелер. Немесе Тиньковты20 алып қара. Ол ____________

табиғатынан эпатажға жақын болған. Және барлық биз- несінде сол эпатаждығы оның фишкасына айналды.

Бір қызығы, бізде кішкентай кезiмiзден математика- мыз бес, ағылшынымыз үш болса, ағылшымызды да- мытуға күш салатынбыз. Джи Ди Мейер21 «Аджайл для себя: система личных достижений в работе и жизни» (Geting Results the Agile Way: A Personal Results System for Work and Life) деген кітабында адамның дамуына сеп- тесетін он бағдар береді, соның бірі «Артықшылықтар кемшіліктерден маңызды» дейді. Өз тәжірибем бойынша . да солай, жеңіске жеткен адамдар, өзің мықты қырын дамытқандар. Бұл – заңдылық.

Мысалы, біздің компанияда маркетинг менің қолайы- ма жағады. Елдің алдында сөйлеу маған ыңғайлы. Ұйым- дастыру оңай. Бірақ қаржылық операциялар, деталь- дарға кіру – өте қиын. Ертеректегі ата-аналардың логика сына салатын болсақ, қазір мен маркетингтік икемділік- ті шегеріп, финансқа, бухгалтерияға көңіл бөлуім керек. Алайда ол менен өте үлкен күшті талап етеді және нәти- жесі де жақсы болмауы мүмкін. Сондықтан бұл жұмыс- тармен өзімнің бауырым Дархан Шонбай айналысады.

Оның қолынан келеді, табиғатынан детальдарға сақ. Мен сыртқы келбетін қараймын, ол астарына үңіледі. Біз маркетинг дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қазір өнімнің өзі ғана емес, оны қандай қорапқа орап беріп, жеткізіп отырғаның да бірдей маңызды.

Қысқасы, өзіңнің мүмкіндіктеріңді есепте. Қай ісің үшін әдетте мақтау естисің? Қай істі өзгелерден жақсы істейсің? Артықшылығың неде? Мүмкін кеңседе қатар- дағы қызметкерсің, бірақ талантты аспаз шығарсың? Де- мек, аспаз болсаң, жеңіске жылдамырақ жетесің. Жара- тушы ешкімді де құр қол қалдырмаған. Әр адамға өзін- ше қабілет пен талант берген. Біреудің бауырсағы дәмді біреу жақсы сөйлейді, біреу жақсы жазады. Басқаша айт- қанда, не нәрсеге икеміңнің барын білу саналы түрде өзіңді скринингтен өткізу маңызды. ____________

QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында өткен «Үміткер» реалити-шоуында Данияр Тоқтағұл деген қатысушы бол- ды. Шымкенттің жігіті. Шоу барысында дарыны мен қа- білетінің арқасында талай адамдарды жарыс барысында құтқарып, жартылай финалға дейін жетті. Біз оны «Rumi Group»-қа жұмысқа алдық, бәлкім, өзі күтпеген қабілеті үшін. Себебі, ол жобаға мейрамхана бизнесін меңгеру үшін келген және шоуға дейін Шымкентте пиццерияда пиццар болып жұмыс істеген. Ал біз Даниярды жақсы сурет сала алатыны үшін және де интерьерге деген қы- зығушылығы үшін алдық. Қазір, ол біздің жоба менед- жеріміз. Енді сұрақ: «Шымкентте бір жігіттің сурет салу қабілеті мен интерьерге қызығушылығы сұраныс бойын- ша нешінші орында болуы мүмкін?». Меніңше он алтын- шы орында болар. Ал егер, сұраныс одан да жоғары бол- са, осындай қабілетпен ол Шымкентте пиццерияда жұ- мыс істемес еді ғой. Оның бұл қабілеті екі айдың ішінде пайда болған жоқ, Даниярдың бойында бұл қабілет бұған дейін бар еді. Алайда, ол қабілет бағаланбаған. Саған жеткізейін деп отырғаным да осы. Адам өз бойындағы қабілеттерін толығымен қолданып, оны карьераға немесе бизнеске қолдана алуы керек.

Сыртқы көріністі емес, ішкі көрінісімізді ойлауымыз керек. Кішкентайымнан тез сөйлейтінім бар, оған көн- дік, мойындадық. Оған қоса, «көп сөйлейсің» деп те ай- татын. Халық арасында бұндайларды «мылжың» дейді. Енді, ақыры көп сөйлейді екенсің, табиғатында бар нәрсе болғаннан соң, сөздің көлемін өзгерте алмасам да, сапа сын өзгертуге бел будым. Сапалы, мағыналы көп сөйле- сең, онда «шешен» дейді. Шенмен мылжыңның ара сындағы кішігірім айырмашылық – сөйлеген сөздің са- пасында болып тұр. Сондықтан сапаға көңіл бөлуді жөн көрдім. Кейде бойымыздағы бар қасиетті кемшілік емес, артықшылык деп түсінсек, оның бізге тигізер пайдасы көп болады. Минусты плюске айналдырудың бір кере- мет жағы осы болар.

Қабілетіңіздің басқалардан өзгеше болғанын кемшілік





Өкініштісі, қазіргі таңда адамдар қолынан келетін істі анықтап, одан ләззат алып, жақсы нәтиже көрсе- туді алға қоймайды. Оны мына суреттегі «Жастарды, сонымен бірге ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамтылуға бағытталған іс-шаралар- дың барысы туралы» анықтамалықта көрсетілген 2017 жылы өткізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі- нен көруге болады. Тіптен, кейбіреулері жеңіске алып баратын өз ісіңе деген сүйіспеншілігің емес, басқа фак- торлар деп ойлайды екен.

деп қабылдамаңыз. Керісінше бір түрлі, өзгеше болу- дан қорықпаңыз. Ғалымжан Молданазар алғаш таны- ла бастағанда, адамдардың көбі оны қабылдаған жоқ, «ыңылдап қалған» өлең айтады деп сынады да, ал қазір Молданазардың концертінде адам лық толы, жаңа бей- небаяндары мен әндерін де тағатсыздана күтеді. Молда- назар бір түрлі, басқалардан ерекше болуға қорықпаған. Димаш Құдайбергенов те өз қабілетін анықтай алған ерекше адамдардың қатарында. Димаштың бір са- йысқа қатысқаны туралы ютубта жүрген видеоны көр- ген шығарсың. «Даусың қыздікі сияқты», «Соншама шыңғыра бермеші» деген талай сынға ұшыраған Димаш, Қытай елін бір бағындырды, одан соң бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Ол да басқаларға ұқсамайды.

Белгілі психолог Каплан былай жазады: «Соңғы отыз жылда тұлға дамуын зерттеп, мынадай қорытындыға кел- дім: адамдардың үміті мен ұмтылысына жетуінің кілті жеңіске жету емес, одан гөрі ішкі потенциалды ашу мен пайдалануға күш салуда. Бұл жолды тандаған соң жеңіс туралы өз түсінігіңіз қалыптасады, басқалардың жетегін- де кетпейсіз, қоғам стереотиптерінің қамауында қалмай- сыз. Көпшілік үшін бұл – ауыр сынақ. Өйткені өзіңізді танып, түсініп, сыртқы факторлардың көбінен абстрак- циялануға тура келеді. Адам бұл сатыдан өтсе, бейне бір қорғаныш қабыршағына ие болғандай болады. Бұл адам- ды басқалардың менсінбеушілігі мен болымсыз әңгімесі- нен қорғайды». Демек, бәрі де ішкі потенциалға тіреліп тұр. Соны анықтап алмай, бір жүйеге де келе алмайсың. Менің байқауымша, өмірде, қоғамда жеңіске әкелетін бес негізгі фактор бар дейді. Олар: сұлулық, байлық, таныс, дарын (талант), білім. Бірінші төрт фактор адамға байла- нысты емес. Сұлу болып туады, бай ата-ананы, дарынды, мықты таныстарды біз сұрап алмаймыз. Біреуде ол бар, ал біреуде жоқ. Ал бесінші фактор – білім, бұл өз қолы- мызда.

Адам дүниеге келгенде, «барлығын жасай аламын» де- ген ойда болады. Мен де кезінде футбол командасының жаттықтырушысы бола аламын, мұғалім бола аламын, кәсіпкер бола аламын деп ойлайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе «шынымен, қайсысы менің қолымнан келеді?» деп ойланасың, сөйтіп, істей алатын ісің 50%-ға азаяды. Одан соң, осының ішінен «қайсысы шын мәнісінде маған ұнайды» деген сұрақ қоясың. «Ақша таба аламын ба, таба алмаймын ба?» деген сұрақ туындайды. Мұғалім болғым келді, болып көрдім, бірақ әрі қарай жұмыс жасаудан бас тарттым. Себебі, 60 000 теңге айлықпен күн көру мүмкін емес екенін сен де білесің.



Айтайын дегенім, өзіне ұнайтын, қолынан келетін іспен айналысатын, ол үшін жақсы ақша табатын адамға мотивация керек емес. Ал егер «Маған мотивация керек» деп айтсаң, демек, дұрыс нәрсе жасап жүрген жоқсың. Егер саған ол ісің ұнамаса, мотивация алсаң да, алмасаң да, істеген ісіңнен ләззат алмайсың және қалағаныңша ақша таппайсың.

Майерс-Бриггс типологиясы бойынша ситуациядағы ориентир жасау шкаласы Sensing/ Сезіну мен Intuition/ Интуиция (SI): біріншілер өздері сезіп, білген дүниелер ден әлем туралы ақпарат жинайды: тәжірибеге, фактілер мен детальдарға сүйенеді. Екіншілер теориялар, схе- малар мен әсерлерге, болашақ мүмкіндіктерге көбірек мән береді. Шешім қабылдауға негіз Thinking/ Oйлану мен Feeling/ Сезіну (TF): біріншілер логика мен объек- тивтілікке көбірек мән береді, екіншілер сезімге сүйенеді.

Шешімді қабылдау әдісі жағынан Judging/ Пайымдау мен Perseption/ Қабылдау (JP): біріншілер өз пікірі жөнінде салмақты да берік, екіншілер иілгіш, жұмсақтау, бейім- делгіш келеді. Осы төртеудің әр түрлі комбинациясынан адам мінезінің сипаттамасы шығады.

ESTJ – реалист, администратор, ENT – командир, кәсіпкер, ISTJ – организатор, инспектор, ESEJ – оқы- тушы, тәрбиеші, энтузиаст, ENTP – өнертапқыш, арман- даушы, іздеуші, т.т.

TOMAS тесті. Біз «Rumi»-де әр адамның жеке қа- білетіне анализ жасау үшін «Tomas тестін» қолданамыз. Ол төрт фактордан тұрады, әрбір фактор адамға жеке өзі- не ғана арналып жасалады.

БІРІНШІ – басымдылық «D» деп белгіленеді.

EKIHШІ – басқа ортаға әсер етуі, «І» деп белгіленеді.

ҮШІНШІ – тұрақтылық, «S» деп белгіленеді.

ТӨРІНШІ – аналитиктер, «C» деп белгіленеді. Төрт фактор диск ретінде жазылады. Осы 4 фактор бойынша 24 сұрақ қойылады. Осы сұрақтар арқылы адамның жеке қабілеті анықталады, жеке анализ жаса- лады. Оны белгілі бір шкала арқылы анықтайды. Егер шкала жоғары болса, ол жоғары фактор, шкала төмен болса төменгі немесе қосалқы фактор деп аталады. Бұл тест жұмысқа адам алар кезде өте тиімді, мысалы, саған менеджер керек болса, тұрақты және беделді адам алған абзал, егер бізге белсенді сату маманы немесе мотиватор керек болса өз дегенін істете алатын беделді адам керек, ал егер орындаушы керек болған жағдайда тұрақты адам- ды жұмысқа алу қажет.

1-Басымдылық қасиеті (D) – ол адамдарды басқару- ды ұнататын, өз сөзін жүргізе алатын және ойын үнемі айтқысы келіп отыратын адамдар. Ол адамдардың жұмыс орындары ретсіз жатады, өз дегендерін басқаларға істет- кісі келеді. Көбінесе шапшаң қимылдайтын, шыдамсыз адамдар. Адамдармен қарым-қатынаста бірбеткей. Адам- мен сөйлескенде көзіне қарап тұрып сөйлеуден қысыл майды, конфликтіні жақсы қабылдайды, бірақ тұрпайы. Басқа адамдардың көңіліне қарамайды, өзгелердің жұ- мысы іш пыстырарлық болса, тура айтудан тарықпайды.

Нақты мақсаты бар адамдар. Бұл адамдардың ең үлкен қорқынышы – өздері қойған мақсаттарына жете алмай қалуы. Басқа ортамен жұмыс істеген кезде, өз ойларын ашық айта алады, сонымен қатар бұл адамдармен жұмыс істеген кезде оларға қатты бақылаудың керегі жоқ. Жұ- мыстарын жақсы істейді, тек шамалы биліктің болғанын қалайды. Сіздің компанияңызға бұл адамдардың әкелетін пайдасы – жаңалық енгізетін болсаң тез қабылдап, жақсы нәтиже шығара алады.



2-Әсер ету факторы (I) – олар сырттан қарағанда тәртіпті, ұқыптылықты ұнатады. Ортаға тез сіңіп ке- теді, ойын ашық жеткізе алады, үнемі болмаса да өзіне көңіл бөлгенді қалайтын қызметкерлер. Басқа фактор- ларға қарағанда қозғалыстары өте ширақ. Жылы шырай- лы адамдар, мотивацияны көпшілік алдында да немесе жеке мақтау сөз естігенде алады. Олар негізі белсенді сату маманы, бұл жұмысты оңай атқарады, шартты оңай жасасады, тендерге жұмыс істейтін адамдар. Оларға жұ- мыс беретін болсаң көп нәтиже күтіп қажеті жоқ. Себебі, олар жоқ деп те, істеймін деп те айтпайды. Негізінен бұл адамдар арманшыл келеді, көп сөйлегенді жақсы көреді, ортада ерекшеленіп жүргенді ұнатады.

3-Тұрақты адамдар (S) – жайлы аймақтарда жүріп үйренген адамдар. Алға ұмтыла бермейді, өзгерістерден қорқады, баяу сөйлейді, бірақ ойын анық жеткізе алады. Бір орында 20-30 жыл жұмыс істеп жүре беру де мүм- кін. Бұл адамдарға үлкен сеніммен ұзақ уақытқа жұмыс тапсыруға болады. Олар үшін ең маңыздысы – отбасы. Киген киіміне көп мән бере бермейді. Қорқынышы – өз- герістер. Өзгеріс болған жағдайда, көбі стреске түсіп ке- теді, конфликтіге жақын емес, жақсы ұйымдастырушы- лар, жақсы қызметкерлер, егер айтқаныңды ұзақ уақыт бойы екі етпей орындайтын қызметкер керек болса, дәл осы фактордағы адамдар лайық.

4-Бейімделу факторы (С) – олар бір жаққа бару үшін бүге-шігесіне дейін дайындалатын, бірақ көзге тік қарауға қорқатын, дегенмен, өзінікі дұрыс екенін білсе, өз дегенінен қайтпайтын адамдар. Негізінен қағазбен жұмысты жақсы

жүргізетін заңгерлер, бухгалтер. Бірақ өздеріне сенімсіз,

ойларын ашық жеткізе алмайтын адамдар. Фактор S және С олар бір нәрсе істесе оны толық зерттеп барып шешім шығарса, қалған екі факторлар өзгеріске тез үйренеді. PPL – тұлғаның сұлбалық анализі. Төрт фактор бойынша сипаттама береді.

Конфликтілік құбылыстарды зерттеу бағытында К. То- мас22 конфликтілерге деген дәстүрлі қарым-қатынасты өзгертуге көңіл бөлген. Оларды зерттеудің алғашқы ке- зеңдерінде «конфликтілерді шешу» термині кең қолда- нылатынын көрсете отырып, Томас бұл термин конфлик- тілерді шешу немесе жою мүмкін және қажет екенін түсіндіретінін айткысы келеді. Осылайша конфлик- тілерді шешу мақсаты адамдар толық үйлесімде жұмыс істейтін идеалды конфликтісіз күй болып есептеледі. Бірақ соңғы кезде конфликтілерді шешу аспектісіне ма- мандардың қарым-қатынасы өзгерді. Томастың ойынша, бұл екі жағдайға байланысты: конфликтіні мүлдем жою мүмкін емесiн саналы түрде түсіну, конфликтінің жағым- ды қызметтерін көрсететін әдістемелер санының артуы. Осыдан автор ойы бойынша конфликтіні мүлдем жою- дан оны басқаруға екпін жасалуы тиіс. Осыған сәйкес, Томас конфликтіні зерттеуде келесі аспектілерге назар аудару керек: конфликтілік жағдайларда адамдарға мі- нез-құлықтың қандай формалары тән, олардың қайсы- сы тиімді және тиімсіз; қалайша тиімді мінез-құлыққа жағдай жасауға болады .

Конфликтілі жағдайларда адамдардың мінез-құлық типтерін бейнелеу үшін Томас конфликтіні реттеудің екі өлшемді моделін қолдануды ұсынады. Мұндағы негізгі өлшем – кооперациялар, яғни адамның конфликтіге қа- тысушы басқа адамдардың қызығушылығына назар ау- дарумен және өз қызығушылықтарын қорғаумен байлан- нысты табандылық. Бұл негізгі екі өлшемге сәйкес Томас конфликтіні реттеудің келесі тәсілдерін бөледі.


  1. Басқаның қызығушылықтарына зиян келтіріп, өз қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылу ретіндегі бәсекелестік.

  2. Бәсекелестікке қарама-қарсы, яғни өзге адам үшін өз қызығушылықтарын құрбан етуді білдіретін бейімделу.

  3. Мәміле.

  4. Қашу, кооперацияға ұмтылысының және өз мақсат тарына жетуге үрдісінің болмауы тән.

  5. Бірлесу, яғни қатысушылар олардың екі жақты қы- зығушылықтарын толық қанағаттандыратын балама бо- лып келеді.

Конфликтілі жағдайдан қашуда Томас екі жақ та жеңіске жетпейді деп есептейді. Бәсекелестік, бейімде- лу және мәміле сияқты мінез-құлық формаларында қа- тысушылардың біреуі жеңіп, екіншісі жеңіледі немесе мәмілеге жол бергендіктен екеуі де жеңіледі. Тек қана бірлесу жағдайында екі жақ ұтыста болады.

Мінез-құлықтың типтік формаларын анықтауға бағыт- талған сауалнамасында Томас конфликтілі жағдайдағы индивидтің мінез-құлығының бес нұсқасын 12 сөйлем- мен бейнелейді. Олар 30 жұпқа топтастырылған. Олар- дың әрқайсысынан сұхбаттасушыға оның мінез-құлқына сәйкес келетін сөйлемді таңдау ұсынылады. Бір қараған- да жалпылама сияқты көрінгенімен, Майерс-Бриггс тесті бизнесте, басқару, білім беру саласында, әсіресе, Батыста жаппай қолданыста. Америка оқушыларының көпшілігі (кейбір деректер бойынша жетпіс пайызы дейді) болашақ мамандықты анықтарда осы тестке жүгінеді. Көп компа- ниялар жұмысқа қабылдамас бұрын ізденушіні осы тестен өткізеді. Шығармашылық сала дұрыс па, техникалық сала дұрыс па, басшылық қызметке икем бар ма, бағынушылық басым ба, детальдармен жұмыс істейсің бе, стратегиялық тұрғыдан ойлайсың ба, миыңның оң жақ жартысы билей ме, сол жағыма... сол сияқты ерекшеліктерден тұлғаның портреті анықталады.

Өзіміздің қандай қабілетіміз барын айқындай білуіміз керек. Бұл өте қиын нәрсе, бірақ, қабілетіңмен бар істі жасасаң, жеңіске жетуің оңайлау.

Өз қабілетіңді анықтағаннан кейін таңдаудың келесі сатысы алдыңнан шығады. Ол «Саған не ұнайды?» деп аталады.

Айталық менде халық алдында сөйлеу, ұйымдастыру қабілеті бар дейік. Қандай мүмкіндіктер бар? Жақсы тре- нер болуым мүмкін, мұғалім, журналист, бәлкім, имам болуым да мүмкін еді. Осы мамандықтардың әрқайсысы туралы ойландым, өзімді сынап көрдім де. Тілші болам дедім, «Алаш айнасы» газетіне мақалаларым да шыққан. Футболдан мектеп командасында ойнадым, тренер болып та көрдім. Сонда Оливер Каннға27 қызығып, қақпашы бо- лам, спортшы болсам деп армандайтынмын. Мұғалімдік- ке бейімделіп, колледжде сабақ бердім.

Икеміне қарай қолымнан келеді-ау дейтін дүние көп болады. Он бес, жиырма кәсіп. Солардың ішінен біреуін таңдау керек. Бұл таңдауға өзіңнің сезімің негіз болады. Сенің қолыңнан көп нәрсе келуі мүмкін, бірақ оның бәрі бірдей қуаныш сыйламайды делік. Саған ең көп қуаныш сыйлайтын іс қана ең үлкен жеңістерге жеткізеді. Бір са- ладағы жеңіс пен сенің сол саладағы қызығушылығың тура пропорционалды. Нені қалайсың?



Біріншіден, сыртқы факторлар, қоғамдағы қасаң қа- ғидалар мен стереотиптерден ойыңды босат.

Бізде балалардың көбі әкімшілікте, Министрлікте қыз- мет істегісі келеді. Бірақ оның арғы жағында қандай ауы- ртпашылық жатқанын білмейді. «Акимат» деген аты ғана емес, мемлекеттік қызметтің құндылықтары үшін бар- маған адам, ол жерде бақытты бола алмайды. Немесе заң- гер, экономист болам деу мода болды. Талай мектеп тү- легі, ешбір ойланбастан «юрфак» пен «экономфактарға» лап қойды. Сол қаптаған экономистер мен заңгерлердің біразы дипломдарын алған соң таксист пен күзетші бо- лып кетті. Солардың ішінде қаншама археолог, дизайнер, шаштараз не тігінші «өліп» кетті...

Мәселе мынада, болашағын таңдайтын кезде ол бала- лар «не нәрсеге икемім бар?», «не нәрсе маған қуаныш сыйлайды?» деп ойланған жоқ. Қазір менеджер деген «жақсы» сөз бар, «менеджментті оқып жатырмын» деп мақтан көріп айтады. Бірақ менеджментті оқыдың екен ___________

27 Оливер Кан – Германиядағы екі дүркін үздік қақпашысы (2000, 2001).

деп саған ешкім отырған орнын, атқарып отырған қыз- метін бере салмайды. Қай салада менеджер болғың ке- леді? Ненiң менеджері болғың келеді? Ең бастысы, ол саған ұнай ма? Менеджерлік сені бақытты қыла ма? Соны анықтап алып қана алға жылжуға болады. Таңдау жасаған кездегі ұран, «престиж үшін» емес, «маған ұнай- тыны үшін» болуы керек.



Екіншіден, «нашар кәсіп, не сала болады» деген ойды санаңнан өшір. Нашар пән болмайды, нашар оқушы бо- лады. Менеджментті, заңды не экономиканы оқуың мін- детті түрде жеңіске жеткізбейді. Есесіне өзің қалайтын кез келген сала, басқалар дұрыс бағаламайтын, менсін- бейтін болса да, жаңа есіктерді ашуы мүмкін.

Өмірдің өзі дәлелдеді, адам өз ісін тапса, оның жетісті- гіне ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы, Стамбұлда Нұсрет Гекче28 деген ресторатор тұрады. 34 жасында оның Түркия мен Дубайда бірнеше мейрамханасы бар. Жақында Абу-Дабиде, Маямиде тағы мейрамхана ашқа- лы жатыр. Оның жеңіс жолына қарасаң, бес сыныптық қана білімі бар. Он үш жасында таныс қасапшыға келіп, «білгеніңді үйрет» дейді. Содан бастап еттің барлық түрін зерттейді, еттің білгіріне айналады. Біртіндеп сол төңіректегі белгілі қасапшы болып шығады.

Ол ет тағамдарының мейрамханасын ашқанда, бірден тасы өрге домалағаны да содан. Сөйтіп, «Nusr-Et» пайда болды. Өз басым Стамбұлда осы мейрамханаға екі рет барып, кіре алмай кеттім. «Maserati», «Ferrari» сияқты небір қымбат көлікке мінген адамдар кезекте тұр. Оған келген қонақтардың арасында Мадонна, Кэни Уест, Бред Питт, Леонардо Ди Каприо, Мануэль Нойер, Криштиану

Роналду бар. Енді өзің ойлашы, бір кездегі кішкентай қа- сапшы баланың ашқан мейрамханасы Стамбұлға келген әлем жұлдыздарының сұранысқа ие орындарының біріне айналды. Оның құпиясы неде деп таңғалдым. Байқасам, өз саласында алға озған екен. Етті пісірудің шебері болғаны _____________



28 Нусрет Гекче – 2017 жылы әлеуметтік желі арқылы аты шыққан аспазшы, қасапшы. Қазіргі таңда бірнеше дамыған мемлекеттерде өзінің авторлық мейрамханалары бар.

сондай, ол пісірген сүйектің өзін қасықпен жеуге болады. Міне, осы адамға қарап қазақша ет мейрамханасын ашу ту- ралы идея келді. Әрине, ең бірінші іздеген адамым – мықты қасапшы. Егер етке икемдің болса, қасапшы болуға кім ке- дергі?

Досым Әлішер Елікбаевтың23 facebook-те жазған әң- гімесі осы жерде есіме түсіп отыр. Әлішер Елордаға жол тартқанда әпкесінің пәтеріне тоқтайды екен. Зәулім сарай емес, кәдімгі орта санаттағы жақсы пәтер, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Әлішердің әпкесі осы пә- тер үшін алған кредитін жақында ғана жауыпты. Оның пәтерін жинайтын, үй тазалаушы болып жұмыс істейтін әйел адам бар. Ол таңертең «MEGA-Astana»-да өзі та- залайтын бірнеше бутиктің әрқайсысының алдына бір- бір шелек су қойып, уақытты үнемдеп, барлығын жуып шығатын. Ал сауда орталығы ашылған кезде, келген қонақтардың алдында шүберекпен, швабрамен жүруге болмайтындықтан, сол уақытта коттедждер мен үйлерді тазалап келетін. Сауда орталығы жабыларға дейін қайта оралып енді бутиктерді емес, сауда орталығының дәліз дерін, эскалаторларын жуып шығатын. Осындай кестесі не қарамастан, ол әрдайым күлімдеп және қуанып жүреді екен. Туыстарымен бірге пәтер жалдап тұрады, бір бөл- меде он адам. Еңбектеніп, тірнектеп ақша жинап, Астана- дағы Евразия деген ауданнан бір бөлмелі пәтер сатып ала- ды. Ең жақсы аудан болмағанымен, бастысы пәтер алды ғой. Бірақ, ол адам пәтеріне көшпейді, оны жалға беріп, ал өзі әрі қарай он адаммен жалданған пәтерде тұрып, жұмысын жалғастыра береді. Ақшасын шашып, қымбат мейрамханаларға немесе киім-кешекке жұмсамайтын. Сөйтіп, жалға берген пәтері мен күнделікті тазалаушы болып істеген жұмысынан түскен қаражатқа Астанадағы Радуга деген ауданнан тағы да үш бөлмелі пәтер сатып алады. Жұмысында одан да мобильді болуы үшін, ав- токөлік сатып алған, енді жолға қоғамдық көлікпен көп уақыт жұмсамайды, сондықтан одан да көбірек жұмыс _____________

істеуге мүмкіндік бар. Қазір ол Астанадағы ең беделді үйлердің бірі «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінен өзін- не пәтер сатып алды. Түсініп отырсыздар ма, Елорданың шетінде орналасқан кішігірім пәтерде, Әлішердің әп- кесінің үй тазалаушысы болып Астанада үш пәтері мен автокөлігі бар адам жұмыс істейді.

Адам өзіне ұнайтын нәрсе тапса, онымен табандап айналысса, жеңіске жетеді. Қазақстанның реалиясында ол мүмкін болатын жайт. Бұл Америка емес. 200 жылдан бергі бәсеке жоқ бізде. Ал белгілі бір салада жеңіске жете- алмаса, оған сала емес, адамның өзі кінәлі. Аяқ киім та- залаудың шебері болып та, үй тазалаудан да табысты бо- луға болады. Үй тазалаудан басқалардың алдына түсуге болады. Мысалы, америкалық жалғыз басты әйел Джой Мангано24 еден жуатын шүберек ойлап тауып, миллио- нер атанды. Ол туралы Дэвид О.Рассел25 «Джой» деген фильм де түсірді. Қарап отырсаң, мәселе қандай салада еңбектену емес. Мәселе ішкі потенциалыңызды өтеу таңдаған салада бірінші болуға тырысу.

Үшіншіден, саған не ұнайтынын білу үшін алдымен істің дәмін татып көру керек «Баунтидің» жарнамасын көріп өстік, сонда теңіз жағасында, аппақ құмның үстіне биік пальмадан үлкен кокос жаңғағы құлап, жарылатын. Ішінен сүттей аппақ сусын төгіліп, оны сұлу қыз аузынан ағызып тұрып ішетін. Қарап отырып қызығасың. Анау кокос жаңғағынан ағытылған сусын сондай тәтті болып елестейді: құмарың қанып, тәбетің тартады да тұрады. Түркияда оқып жүргенімде сол кокос сүтін арнайы алып iштiм. Дәмі бір түрлі. Ұнамады. Бірақ ойладым, коко- стың «кінәсі» жоқ, түріктер тасымалдау кезінде бірдеңені бүлдірген ғой деп. Дубайға барғанда онда да кокос сүтін көрдім. Шынында да, маған мүлде ұнамайтынын түсіндім. Сол сияқты, кез келген істің де дәмін көрмей жатып ұнайды, ұнамайды деп айта алмайсың. Алманың дәмі ___________

жегенде ғана білінетіні сияқты, бір нәрсенің қолыннан келетінін, саған ұнайтынын тек жасап көргенде ғана білесің. Осы этапта әр нәрсемен шұғылдана беруіміз, әр нәрсенің басын түрте беруміз керек. Өйткені басқаша қолымыздан не келетінін, бізге не ұнайтынын білмейміз. Сондықтан бізге жүктелген міндет – іздену. Егер сені қызықтыратын сала болса, сол бойынша «HeadHunter»- ге кіріп, вакансия іздеу, айлығы аз болса да немесе тегін болса да, ол жұмысты істеп көру. Саған ұнайтын саланың майталмандарын тауып алып, оларға көмекші болу. Ол саланың басын түртіп көре салу емес, оның сенің қо- лыңнан қаншалықты келетінін көру, өзіңді сынау. Саған нағыз лайық, сен іздеген ісің болса, осы салада қала- сың, әрі қарай пісіп-жетілесің, ал сенікі болмаса, салаңды ауыстырасың. Ұмытпа, бұл этаптағы сенің міндетің – іздену.



Төртіншіден, монетизация заңын ұмытпайық. Моне- тизация заңы қабілетіңнің ақшаға айналуын қадағалайды. Бір саланы таңдадың делік. Мұнымен күн көре аласың- ба? Маған серуендеу ұнайтын шығар, бірақ ол үшін кім маған ақша төлейді? SMM ұнайды, одан ақша таба ала- мын, бірақ өзім күткендей көлемде емес. Әрине, табыс деген міндетті түрде байлық емес. Дәрігер миллионер бо- луды күтпейді. Ғылым жолына түскен адам, әсіресе, Қа- зақстанда, миллиондарды армандай қоймайды. Олардың фокусы басқада, басқа дүниелерден ләззат алады, потен- циалдарының пайдаланылып жатқанын, өз ісімен айна- лысып жүргенін сезініп, содан рақат табады. Бірақ қан- дай кәсіппен айналысу арқылы да өте жақсы өмір сүруге болады. Адам материалды игіліктердің бәрінен бас тарта алмайды, өйткені олар рухани өмірімізді жеңілдететін құралдар. Жеме-жемге келгенде, отбасыңның, жақында- рыңның алдында жауапкершілігің болады. Адам, қалай болғанда да, әлеуметтік жаратылыс. Сондықтан мат- риалды игіліктерге ұмтылуда тұрған ештеңе жоқ. Ұм- тылу керек, жету керек. Қолымнан келеді, өзіме ұнайды дегеннің ішіндегі қайсысы сенің қаржылық қажеттілік- еріңді өтей алады, сол аспектіні ұмытпа.

ҮЙPEHУДІ ҮЙPЕНУ

Үрену – жеңіске жету жолындағы тағы бір ке- дергі. Мойындау керек, адамдардың басым бөлігі үйренуге дағдыланбаған. Оның себептері тіл білмейді, қалыптасқан фундаментальды ой-өрісі жоқ, логика да- мымаған, кітап оқудың техникасын және мидың жұ- мыс жасау құрылымын білмейді.

Адамдар, үйренуге келгенде барлығын білеміз деп ой- лайды. Ал шын мәнісінде, іске келгенде болмайтын қате- лер жібереді.

Себебі , үйренген жоқ, үйренгісі келмейді де. Қарапа- йым мысал, Intermet-тен қажетті ақпаратты алу үшін, біз Google-ға дұрыс сұрақ қоя алмаймыз.

Кез келген істі бастаудың алғышарты – мен білмеймін деп айту, оны мойындау. Көп адам «өзім білемін», «өзім істей аламын» деген позицияны ұстанады. Қарапайым мысал: Еркебұлан деген досым келіп: «Қуаныш, шаңғы тебуді үйретесің бе?», – деді. Сонда мен: «Еркебұлан, өзіңді дүниедегі ең сорлы адам ретінде сезiндiң бе?» – деп сұрасам «иә», – дейді. Сол сезімді бастан кешкеннен кейін, мен де оған шаңғы тебудi қуа- на-қуана үйреттім. Көрдің бе, бастысы – білмейтініңді мойындау!

Біз алып жүрген білімнің жарамдылық мерзімі екі үш жыл ғана деп айтып жүремін. Себебі, заман дамуда, әрдайым жаңару, өзгеру барысында. Егер бір рет алған білімімізге жабысып қалатын болсақ, қаласақ та, қалама- сақ та ол ескіреді. Мысалы, маркетингтен алған білімің толығымен бес жылда өзгереді деп айтады. Осы уақытқа дейін маркетингтің атасы атанған Филип Котлердің26

«4P» деген маркетингтің моделі бар. Осы туралы жа- ____________

зылған Котлердің кітабын тіпті «Библия маркетинга» деп атап кеткен. Бірақ уақыт өте келе, «7Р», «7E», «Experience marketing», тағы басқалары шықты. Енді Котлердің мо- делі қазіргі таңда халыққа өтпейді. Сондықтан біз бір нәрсені үйренбеуіміз керек, ал үйренуді үйренуіміз керек. Менің ресейлік «Бизнес молодость» жобасына берген сұхбатымды көрген бір жігіт, тренингке келіп «Бағалар- ды қалыптастыруда Элияху Голдраттың27 кітабына не- гізделдім дедіңіз сұхбатта. Ол қай кітап?», – деп сұрады. Менен естіген жауап, оған ұнамаған шығар, бірақ сабақ болсын деп көптің көзінше айттым: «Google»-ға кіресің, Элияху Голдратт деп тересің, сонда шығатыны төрт-ақ кітап. Неліктен сол төрт кітапты да оқымасқа?». Еркебұлан деген досымның «Тандыр N1» деген дәмха- насы бар. Күніне 800 дана самса сатады. Басқа дәмхана- ларда жалпы норма күніне 100-120 дана. Еркебұланның жақсы қасиеті ақыл сұрайды, әрдайым үйренуге дайын Қалай айтасың, солай жасайды, басын ауыртпайды. «Үміткер» реалити-шоуының он екінші бөлімінде үміткерлер панасыз қалған иттер орталығына қаражат жинайды. Осы орталықтың иелері өздері іс-шара өткізіп, 59 мың теңге тапқан. Ал біздің үміткерлер шоу бары- сында маркетинг, нейромаркетинг дегенді оқып, айтқан ақылымызды тыңдап, соның арқасында бір күнде ша- малап алғанда 600 мың теңге табады. Бір мәселе – па- насыз иттер орталығына көмектесу, бірақ, дайындықсыз келген жағдайда аз қаражат табады, ал алдын ала ойлас- тырылған, үйреніп, дайындықпен келсе, жоғары нәтиже көрсетеді.

Тағы да, көбі үйренбей, білмей жатып бизнес ашады, өзіне сай емес қызметке кіріседі. Бір кітаптан оқығаным бар еді, бір идея туғанда, ол туралы пікірді үш әйел адам нан сұра. Сонда бұл идеяңның дұрыстығы, не бұрыс- тығы айқын болады делінген. Сондықтан да бас салып, ойыңдағыны жүзеге асыруға асықпа, _____________

Маған кеңес сұрауға 70 миллион теңгесі бар бір жігіт келді. Әдетте, идеялары бар, бірақ қалталарында 500 мың немесе 1 миллион шамасында қаражаты барлар келетін. Ал бұл жігітте идея жоқ, бірақ 70 миллионы бар. Оған «5 миллион теңгені ал да, өзіңе жұмса, саяхатта, көр, біл, шабыттан» дедім. Ол оған ақша жұмсағысы келмеді. «Олай болса, кітапханаға бар да «Менде бизнес идея жоқ болса, бизнес идеяны қайдан табам» деген кітап сатып ал» – дедім. Ондай кітап жоқ! Жоооқ!

Жаңа ақпаратқа, білімге қабілетсіз адамдар болмайды. Еріншек адамдар ғана болады. Себебі, адамның бәрі қа- білетті. Мәселе оны толық пайдаланбауда. Брайан Трей- си «Достижение максимума. 12 принципов» (Maximum Achievement: Strategies and skills that will Unlock Your Hidden Powers to succeed) деген кітабында Стэнфорд университетінің зерттеуін келтіреді. Адам өз миының мүмкіндігінің екi пайызын ғана пайдаланады екен. Ал адам миы дегеніңіз, ондаған миллиард жасушалардан тұратын күрделі құрылыс. Ол секундына ондаған фактіні тіркей алатын қабілетке ие. Кейбір зерттеулер, адам миы жүз триллион сөзге тең ақпаратты сақтай алады дейді. Ал осы ғажайып құрылыстың 98 пайызы «жұмыссыз» ұйықтап жатыр. Өмір – тұнып тұрған мүмкіндік. Міне – істе, міне – дәмін тат, оқы, үйрен.

Үйренуді үйрену қарапайым тақырып болып көрінгенімен көпшілікке жетіспейтін дағды. Үйренуді үйренудің кілті мидың жұмыс істеу механизмдерін түсінуде, жад пен қайталаудың рөлін ұғуда жатыр. Бұл бөлімде халықаралық мамандардың пікірінде теориялық ақпарат қана беріп қоймай, қарапайым құралдарды да беруге тырыстым.

Адам миы ең күрделі және толық зерттелмеген ағза. Алайда оның құбылыстары мен заңдылықтарын түсіну ісіміздің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Өзгеше айтсақ, үйренуді үйрену үшін миымыздың қалай жұмыс істейтініне, ойлау үдерісінің түрлеріне

тоқталайық. Осы бөлім Калифорния университетінің докторы Барбара Оакли28 еңбегінің негізінде алған және пайдаланған өз тәжірибемде жазылды. Барбара ханымның пайымдауынша, адамда 2 ойлану режимі бар: зейінді және шашыраңқы,

Зейінді режим – көңіліміздің барынша фокусталған кезі. Көбіне бір мәселені терең ойланған кезді білдіреді. Ал шашыраңқы ойлану режимі ештеңе шоғырланбай, ойдың кең не бос күйде болуы. Әдетте мәселеге терең- демей, үстіртін қарау не ойланумен анықталады. Мысал ретінде ойды жеміс ағашындағы алма деп алатын болсақ зейінді ойлану кезінде назар тек бір немесе бірнеше алмада ғана болады. Ойлардың жылдамдығы да жоғары болады.

Ал шашыраңқы ойлану кезінде назар алмада емес толық жеміс ағашына ауысады. Барлық алмаларды көрмесек те, толық көріністі байқаймыз. Егер есеп шығарсаң, яғни сандарды көбейтумен айналыссаң, миың зейінді режимде жұмыс істейді Өмірде бір проблемаға кездесіп, оны шеше алмай жүргенде миымыз зейінді режимнен шыға алмай қалады. Бұл өз кезегінде миға кері әсерін тигізеді және үнемі зейінді режимді болу мәселені шешуге көмектеспейді. Ешқашан бір мәселені ұзақ және үзбей ойланғаннан шешімі табыла салмаған.

Ал сурет салу сынды іспен шұғылдансаң шашыраңқы режимге ауысасың. Күнделікті тұрмыстағы серуендеу жуыну немесе ұйықтау сынды әрекеттер – шашыраңқы режимге ауысудың қарапайым жолдары. Көп мәселе шешімін таңда табатыны да осыдан.

Тиімді жұмыс істеу үшін екеуі де маңызды. Екеуі тиынның екі жағы сияқты. Екі режимді сауатты басқара алған адам ғана ойланудың шыңын бағындыра алады. Не үшін екеуін кезекпен ауыстырып отыру керек? Себебі, зейінді ойлау кезінде мида жаңа нейронды байланыстар орнай бастайды, бірақ қызмет етпейді Сол жаңа нейробайланыстың арасында «ток» жүруі, яғни жаңа дүниені қабылдауы үшін уақыт керек. Ал _____________

уақытты тек шашыраңқы ойлану режимі береді. Бұл бір кірпіш қалаумен ұқсас үрдіс. Бірқатар кірпішті қалап шыққаннан кейін, келесі қатарды қаламай тұрып, арасындағы цементке қату мүмкіндігін бересін. Асығып, уақыт бөлмей, кірпішті үсті-үстіне қалай беретін болсаң, қабырғаң ертегінде-ақ құлап қалады.

Үйрену үрдісі де дәл осылай жүреді. Тиімді үйренудің кілті – уақыттын рөлін түсіну. Мысалы, кішкентай бала тақпақ жатағаннан кейін бірден айтып беруі екіталай. Ал, ертеңіне сұрасаң, айта алу ықтималдығы жоғарылайды. Сондықтан бүгінде интервалды оқыту немесе қайталау (spaced learning/spaced repetition) ең тиімді әдістердің қатарында. Интервалды оқыту дегеніміз кез келген жаңа дүниені қабылдауда араға уакыт салып отыруды білдіреді. Мысалы, жаңа материалды үзбей және қарқынды 2-3 сағат тоқтамай айтып шыққаннан гөрі, қысқа бөлшектерге бөліп, арасында үзіліс не ойын кіргізіп өткізудің пайдасы зор.

Жад та үйрену үдерісінің маңызды элементі. Біздің есте сақтау жадымыз өздерің білетіндей, екіге бөлінеді: қысқа және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді жадты кейде жұмыс жады деп те атайды. Ғалымдардың пайымдауын- ша, біздің жұмыс жадымызда тек 4 бірлікке орын бар. Біз соларды үздіксіз қайталап тұрған кезде ғана жұмыс жадында сақтай аламыз. Мысалы, 7–8 санға қарағанда 3–4 санды жаттау жеңілдеу. Кейде кішкентай балалардың ойлану жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты және жас ерекшелігіне қарай біз үшін қарапайым заттарды есте сақтауда қиындықтар болып жатады. Дүкенге кеткен бала не үшін барғанын ұмытып қалып жатады. Мәселен, балада ұзақ мерзімді жад бірінші, ал жұмыс жады кештеу қалыптасатындығында. Жұмыс жадын орташа көлемдегі тақтайша деп елестетіңіз. Ол «тақтайшаға» көп зат жаза алмайсыз.

Ал ұзақ мерзімді жад үлкен (шексіз) қоймаға ұқсай ды. Мәселе тек қойманың ішіндегі жүйенің не бар, не жоқтығында. Жұмыс жадынан сәтті өткен ақпарат ұзақ мерзімді есте сақтау жадына, яғни қоймаға аттанады. Интервалды қайталау, яғни еске алу сол ақпараттың қой- мадағы орнын анықтау. Жиі қайталанған сайын ол ақпа- ратқа апаратын жол жақсы сақталады. Мысалы, бір жаңаматериалды меңгергенде ертеңінде, тағы 2–3, сосын 5-7 күннен кейін, 2 аптадан кейін, 1 айдан кейін және осылай араға уақыт салып қайталап отыру ұзақ мерзімді жадта жүйе қалыптастырып, үйрену тиімділігін арттырады. Аталмыш әдіс шет тілін үйренуден бастап кез келген қарапайым ақпаратты қабылдауда қолдануға тиімді. Бір ақпаратты бір күнде бірнеше рет қайталау (кішкентай кезімізде өлең жаттауды еске алайық) бұлшық етті шы- нықтыру үшін бір күнде 100 рет темір көтергенмен тең.

Нәтижесіз, тиімсіз және үнемді емес.

Шашыраңқы ойлану режимін қосудың жақсы амалы – жоғарыда аталған ұйқы. Ұйқы өзінше бір арсыз әрекет болғанымен, сауатты қолданылған жағдайда өте пайда- лы. Зейінді ойлану барысында, яғни бір мәселені қат- ты ойланғанда, не шешуге тырысқанда нейрондардың арасындағы құбылыстардан мида уыт (токсин) бөліне бастайды. Осы уыттың кесірінен нейрондардың ара- сындағы өткізгіштік қасиеті төмендеп, ойлану бәсең- дейді. Рекорд қою мақсатында бір тәуліктен көп уақыт ұйықтамаған адамдарда елестер пайда болғанын айтады. Ол да осы уыттың салдары. Бұл зиянды элементтерден айырылудың жалғыз жолы – ұйықтау. Біз ұйықтағанда мидағы сұйықтық сол уыттан толық тазарады. Ал қанша сағат ұйықтау керек екені өзінше бөлек тақырып, Неге бүкіл әлемдік тартылыс заңын Ньютон ашты?

Біздің де басымызға алма (не басқа зат) түсіп жүр ғой. Аңызға сенсек, бәрі дәл сол алма түскен кезде болды ғой. Неге Менделеевтің кестесін Дмитрий мырза ашты? Бәріміз күнде ұйықтап жүрміз ғой? Неге Архимед өз заңын дәл суға түскенде ашты? Байқасаң, көптеген ға- лымдар өз жаңалықтарын зейінді емес, шашыраңқы

ойлану кезінде ашқан. Және бір мәселе, шашыраңқы ойланудың кұр өзінен де пайда аз. Себебі, шашыраңкы ойланудан арыла алмай жүрген талай адамдар жаңалық ашып тастайтын еді. Жоғарыда аталған жандар белгілі бір мәселені терең ойланғаннан кейін ғана дем алған кездерінде жаңалық аша алған.

Америкалық өнертапқыш және кәсіпкер Томас Эди- сон29 да шашыраңқы ойлануға ауысу кезінде миға келетін шешімді сақтап қалу үшін отырып ұйықтаған. Сонымен қатар қолына ауыр темір ұстап алады екен. Теледидар дың алдында отырып, қалғып кеткенде пульт қолынан түсіп кеткен кездер болған шығар. Томас мырза да дәл осылай маңызды ойларын бекітіп отырған.

Мидың белсенді жұмыс істеуі, ақпараттарды өңдеуі нейрондарға байланысты. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы есейген сайын минутына 56 нейрон өліп отыра- ды. Яғни, уақыт өткен сайын ми қабілеті әлсірей береді. Әрине, ешқандай жұмыс жүргізілмесе. Нейрондарды сақтап қалудың ең жақсы амалы – жаттығу.

«Versus» қолданбалы жетістік академиясы Vertex кур- сының аясында жүргізілген ең қиын тапсырманың бірі күніне 10 мың қадам жүру еді. Көлігі бар, өмірінде қоғамдық көлікке отырмаған адамдар күніне 10 қадам жүру арқылы, яғни шашыраңқы ойлану режиміне ауысу арқылы өздерінің талай мәселелерін шешкенін айтқан еді. Жоғарыда айтылғандай, жаттығу – ең оңай амалдың бірі. Vertex курсының қатысушылары бүгінге дейін күні- не 10 қадам жаттығуын тастамады деп сенемін. Өз зейі- німізді басқару – үйрену үдерісін басқару.

Енді нақты техникаларға көшетін болсақ, өзіңмен по- модора тәсілін бөліскім келеді.

Помодора тәсілі – кез келген іспен айналысу барысында соңғы нәтижеге емес, сол істі орындау барысына – үрдісіне зейін қою. Соңғы нәтижеде пайда болуы керек өнімге зейін қою адамды қажытып, көбіне сәтсіздікке әкеледі. Помодора тәсілінде ең маңызды сұрақ қашан?

Қашан бастаймын емес, қашан тоқтаймын. Бастаған ісім бітсе де, бітпесе де – тоқтау. Әдетте, 25 және 5 минут та басталады. Яғни, 25 минут жұмыс істейміз. Зейін ойла- ну режимінде болу керек. Ол үшін барлық еліктіргіштерді (телефон, әлеуметтік желілер және .б.) алып тастау керек. Кейін 5 минут шашыраңқы ойлану режиміне ауысу. Қа- рапайым жаттығу жүріп келу, не бір физикалық немесе зияткерлік ойын ойнау.



Біліктілік иллюзиясы. Кез келген үдерістің сәтті жүруіне кедергі болатын күштер бар. Үйренуді үйрену- дің ең үлкен кедергісі – біліктілік иллюзиясы. Өзгеше айтқанда, «мен білемін» деп ойлау. Күнделікті өмірде байқалмағанымен, жаһандану салдары ретінде ақпарат жылдамдығының артуынан көбімпіз осы біліктілік иллю- зиясында жүрміз. Көбіміздің компьютерімізде, телефо- нымызда не өзге электронды құрылғыларымызда және бұлтта кемінде бір-екі кітап сақтап қойғанбыз. «Мынау керек болады» деген оймен талай тренингтің слайдтарын немесе кітаптардың мұқабасын фотоға түсіріп те алдық. Сол электронды нұсқаға ауысқан ақпарат пен ертеңінде қолданыс тапқан ақпараттың арасында конверсия (байла- ныс) қаншалықты екен…

Кітап оқып отырған кезде де ішінде ұнаған бөлігін арнайы маркер, қарындаш не өзге құралмен белгілеп қо- ямыз. Түрлiтүсті стижерлерде жапсырамыз. Бұл әрекет- тер осы ақпарат мен үшін маңызды және оны есімде сақтап алдым деген жалған сезім сыйлайды. Соның се- бебінен де ертең ол қолданысқа түспейді. Сол күйі қа- лады. Өкінішке қарай, байқамай өзімізді өзіміз осылай алдап жібереміз. Ертең қажет болғанда сол ақпараттың ешқайсысын еске түсіре алмаймыз. «Миымнан шығып». кетті дейміз.

Теориялық тұрғыда, миымызға кірген кез келген ақпа- рат ешқайда кетпейді. Ол сол жерде қалады. Тек біз оған барар «жолды» таба алмай қаламыз. Ұмыту дегеніміз – ақпараттың мидан шығып кетуі емес, ұзақ мерзімді жад- тың бір қуысында қалып қоюы.

Біліктілік иллюзиясының масштабтары әр түрлі. Қарапайым өлең жолдарынан бастап, кәсіби маман дықтың тақырыптарына дейін. Осы себепті бұл құбылыс ты үйренуді үйренудің ең үлкен індеті деп анықтар едім. Біліктілік иллюзиясы орын алуының тағы бір себебі – қайталау. Жаңа материалды меңгеру барысында көбіміз қайталауға басымдық береміз. Психолог Джеффри Кар- пикке30 зерттеуі бойынша қайталаудың өнімділікке әсері өте төмен. Қайталау әрекеті көмектеспегенімен ғана қой- май, кері әсерін де тигізуі әбден мүмкін екені анықталып қойыпты.

Оның орнына еске түсіру әрекеті айтарлықтай тиімді әрі пайдалы болғанын айта кеткен де жөн болар. Ғылыми мәтінді меңгеру тапсырылған студенттер қайталау емес, еске түсірумен айналысқанда ғана жоғары нәтиже көрсе те алған.

Өлең жаттау мысалында қорытындылайтын болсақ, ақпарат есте қалу үшін 10 рет қайта оқығанша, 1 рет оқып еске түсіруге тырысқаннан ұтасың. Кітапты оқу ба- рысында бір тараудан кейін кітапты жауып қойып есіңе түсірсең, не біреуге әңгімелеп айтып берсең оң әсерін ұлғайтасың. Ал қолдана алсаң мүлдем естен шықпайтын болады. Тренингке қатысқан күні үйге бара салысымен, басынан соңына дейін еске түсіріп көрсең, тренингке кеткен ақшаңның ақталары сөзсіз.

Джеффри мырза зерттеуінің ең қызығы – зерттеу- ге қатысқан студенттердің таңдауы қайталау болғаны. Олардың ойынша жаттаудың ең ыңғайлы жолы қайта- лау екен. Көріп тұрғандай, осындай жалған сенімдердің салдарынан біліктілік иллюзиясы кең тарап бара жатыр. Google сынды сервистер оған өз үлесін қосып та жүр. Те- лефонның көмегімен кез келген ақпаратты оңай әрі тез (Internet болса болғаны) табу мүмкіндігі «мен білемін» деген ұстанымды «сыйлайды» екен.

Зерттеудің ашқан тағы бір жаңалығы – жаңа материал- ды көрнекі құралға, яғни диаграммаға, интеллект кар- ___________

таға айналдыру немесе сурет ретінде салудың тиімділігі. Аталмыш әрекеттер жаңа материалдың мида сақталуы- на жақсы әсер етеді деген үмітпен практикаға кірісіп ке- теміз. Алайда, жаңа ақпараттар жұмыс жадында болған кезінде өзара тығыз байланыс орнамаса, тиімділігі айтар- лықтай болмайтыны анықталды. Яғни, жаңа материалды толық түсінбесек және бұрынғы білгенмен байланысты- ра алмасақ, ертең қолдана алуымыз да екiталай. Жоғары да келтірген қойма мысалымен түсіндіретін болсам, жаңа ақпарат тиісті орнында сақталмай, бір қуыста қалып қояды.

Ал еске түсіру дағдысын дамыту үшін, кілтті (өзекті) идеяларды анықтауды не оның мәнін түсіндіруді меңгеру керек. Бұл көбіне уақытпен келетін дағды дер едім. Сон- дықтан бастапқыда кездескен сәтсіздіктен қаймықпа. Толық көрініс (Big Picture). Бүгінгі білім беру жүйе- ұ негізгі кемшілігі қайталау арқылы жаттауға негіз- делуінде. Мектеп оқушылары көптеген ақпаратты жа- дында сақтап алған. Тіпті қатты қиналмай қайта шығара да алады. Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Ертең-ақ естен шығады.

Жұмыс жадындағы ақпаратты екі жол күтеді. Бірін- шісі – ұзақ мерзімді жадтың бір бұрышында қалып қою, сәйкесінше оны ұмытып қалу. Екіншісі, ұзақ мерзімді жадтан өз орнын табуы және керек кезде еске түсіре алу. Осы екі жад арасында үйлесiм пайда болып ортақ жұмыс болғанда ғана біздің миымызда «толық көрініс» пайда болады. Не керек екенін, не үшін және қалай керек екенін түсіне бастаймыз.

ТҮCІHУ ЕКІ ҚАДАМНАН ТҰРАДЫ. Қысқа мерзім- де жадтағы ақпараттың өзара байланысын, мәнін ұғу. Біз осыны түсінген кезде ғана олардың арасында берік бай- ланыс орнайды. 2. Сол жаңа орнаған берік байланыстағы ақпараттар жиынтығының үлкен жүйедегі орнын түсіну және орналастыру.

Мысалмен түсіндіріп көрейін. Көз алдыңа мейрамхан- наны елестет. Бәрімізге таныс мысал ғой. Даяшы келіп сенен тапсырыс қабылдады. Осы кезде даяшының миы зейінді режимде жұмыс істеп тұр. Себебі, ол әр клиенттің қалауын жеке-жеке жаттап алуы керек. Шатаспауы тиіс. Даяшылар бұл межеден әдетте сүрінбей өтеді. Сенің бер- ген тапсырысың оның жұмыс жадында сақталды. Тапсы- рыс орындалып, ас дастарқанға жеткізілгеннен кейін және сен шотты жапқаннан соң даяшыдан не тапсырыс болғанын сұрасаң, жауап бере алуы қиындау. Жұмыс жа- дында болған тапсырыс, ұзақ мерзімді жадта жүйеленбей қалды.

Дәл осындай арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар мұны «Даяшы феномені» деп атайды. Бүгінгі оқушылар- дың көпшілігі және тек олар ғана емес, көпшілігіміз осы феноменге шалдығып қалдық.

Ал егер даяшы әр клиенттің болмаса да, тұрақты кли- ент тапсырысының логикасын байқай алса ше... Яғни жұмыс жадындағы ақпараттың өзара байланысын қа- лыптастыра алса, сол клиентке қызмет көрсету деңгейі айтарлықтай жоғары болатын еді. Даяшылардың «Сізге әдеттегідей ме» деп сұрайтынын кинодан көп көріп жүр- міз ғой. Қарапайым тапсырыстар негізінде клиенттің болашақ қалауын анықтай алатын даяшы маман ретінде өте құнды. Бұл даяшы кейде клиентке сұрағанын емес, қалағанын бере алуы әбден мүмкін. Ал даяшының осы қабілеті – толық көріністі көре алғанында.

Осы бөлім үйренуді үйренуге байланысты тұжырым- ды екі сұраққа жауап бере алды деп сенемін. Олар:


  1. Не істеу керек?

  2. Қалай істеу керек?

Біріншісінде қайталау керек десек, екіншісіне ин- тервалмен, яғни араға уақыт салып қайталауды ұсынып отырмын.

ҚАТЕЛІКТЕР. Үйренуді үйренуге мүмкіндік ашатын келесі элемент – қателіктер. Жағымсыз негативті әсері бар ұғым болғанымен, үйрену – қабілетті шыңдаудағы таптырмас амал. Қателік жасау табиғатын бір тараудың ғана масштабына ашу оңай емес. Сол себепті негізгі ойда ғана жазуды жөн көрдім.

«Ақымақ ешқандай қателіктен сабақ алмайды; ақыл- ды өз қателігінен сабақ алады; тек дана адам ғана өзгенің қателігінен сабақ алады» деген сөз бар халықта. Бұған «Біреудің тонна қателігі бес тиын, өзіңнің грамм қателі- гің мың тиын» деген нақылды да қосуға болады. Саналы адам өзінің қателігінен сабақ алады. Бұл біздің бойымы- ға туа біткен қабілет. Кішкентай кезiмiзден одан әрі да- мып отыруымыз керек. Алайда, кейбір келеңсіз жағдай- лардың әсерінен бар заттың өзі жоқ болып қалады. Қателікке ұрынған сайын үйренуді үйренудегі тәжіри- бең артады. Қателік істеуден қорықпау керек. Ең басты- сы, бір қателікті қайталамасаң болғаны. Қателіктен сабақ алмаған жағдайда ғана қателік қайталанады. Кейде бір қателіктің беретін сабағы көп болады.

Қателіктің ең үлкен пайдасы – жадымыздағы ақпарат- тардың негізінде құрылған заңдылықтардың өзектілігін анықтау, себеп-салдарлы байланысын жою не күшейту. OVER ОҚУ. Жаңа идея, жаңа сөз, жаңа тұжырым не- месе жаңа амалды үйрену кезінде, белгілі бір уақыт ішін- де, оларды жаттап алып, жадымызға сақтаймыз. Енді осы жерден тоқтамай одан әрі ізденіске көшіп, одан көп жаңа дүниені тұтына беруді over оқу (овер оку) деп атаймыз. Яғни, жаңа ақпараттың арасында байланыс орнап, өз ор- нын тапқаннан кейін қолданысқа өтпей, алдыңғы әрекет ті қайталай беру.

Овер оқудың өзіндік орны бар. Ол белгілі бір әре- кетті автоматизмге (дағдыға) жеткізуі мүмкін. Мысалы, былғары қолғап шеберлерінің қауіп төнгенде қол серме уі, музыка маманының аспапта еркін ойнауы. Аталған жағдайларда овер оқу өте пайдалы. Автоматизм жүйке сыр берген кезде жақсы көмектесе алады. Халықтың ал- дына шығуға уайым пайда болғанда сәтті өнер көрсетуге өз ықпалын тигізеді.

Алайда, осы саладағы зерттеулерге сүйенсек, овер оқудың ең үлкен кемшілігі – құнды уақыттың зая кетуі. Ұзақ мерзімді жадта пайда болған бір байланысты ғана шындау арқылы шектеліп қалуға болады. Үнемі балға- мен ғана жұмыс істеген адамға өзге жұмыс тапсырсаң, ол тек балғамен орындауды ойлайды.



ШЛАГБАУМ ЭФФEKTICI. Өмірде оқыған кітап- тарымыз, жинаған тәжірибеміз және түйген сабақтары- мыз бізге көмекші деп сенеміз. Алайда, осы тақырыпта жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кері тұстары да анықталған екен. Миымызға кірген кез келген ақпарат жаңа ақпараттың келуіне белгілі бір деңгейде кедергі бо- лады. Шлагбаумдар сияқты өткізбей қояды. Бұл үйренуді үйренуге қатысты тағы бір маңызды мәселе. Олай болмауы үшін миымызда қалыптасқан шаблон дардан бас тарта алуымыз керек. Жаңа ақпаратқа ашылуға дайын болуға тиіспіз. Онсыз тұрақты дамып отыруымыз екіталай. Кәсіпте қанша тәжірибем болса да, осыған дейін қанша кітап оқысам да, қаншама серіктестермен жұмыс істеу тәжірибесі болса да, жаңа мүмкіндік пайда болғанда жас баладай «ашқарақтана» кірісемін. Білемін деп емес, білмеймін деген позициядан бастаймын.

ЛОГИКАНЫҢ

ЛОГИКАСЫ

Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайрат- кері, физика-математика ғылымдарының док- торы – Асқар Жұмаділдаев37: «қоғамымызда екі нәрсе логика және салыстырмалы теория жетіспейді» – дей- ді. Ойланып қарасақ, шын мәнісінде еш нәрсені қиын- датпай, барлығын логикаға салатын болсақ, өмір біз ойлағандай қиын болмайтын еді. Біз өзіміз оны тым қиындатып жіберуге құмармыз. Оның мысалын «Versus» академиясына білім алуға келетін адамдардың көпшілі- гінен көре аламын. Олар үйренуге келген, жауабын таба алмай жүрген сұрақтарын жай ғана логика мен ақылға салса, шешімін оп-оңай табар еді. Логикалық ойланба- уымыздың басты себебі – бала кезден біздің орнымызға шешім қабылдағанына, біз үшін барлығын ата-анамыз- дың ойлап қойғанына үйренгенбіз. Жалпы статистика бойынша дүние жүзіндегі адамдардың 2%-ы ғана ойла- на алады, ал 3%-ы «ойлана аламын» деп ойлайды екен, қалған 95%-ы мүлдем ойланбайды.

Ресейде «Магнит» деген үлкен азық-түлік дүкендер желісі бар. Олардың иесі, Краснодар қаласының тума сы – Сергей Галицкий38 – Мәскеуде тұрмай-ақ, Ресейдегі миллиардерлердің қатарына кірген адам. Олег Тиньков өзінің «Бизнес секреты» деген бағдарламасында: «Cіздің ____________





  1. Аскар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990)

  2. Сергей Галицкий – Ресейдегі ең ірі «Магнит» сауда желісінің негізін қалаушы, басшысы.

ерекшелігіңіз неде? Неге сізбен бір аулада ойнаған бала- лар жеңіске жетпеді, ал сіз миллиардер болдыңыз?», – деп сұрайды. Сергей Галицкий: «Мен де ұзақ ойландым. Түсінгенім, бізде адамдардың көбісі логикалық ойлап дағдыланбаған. Егер олар логикалық түрде ойланатын болса, кез келген адам жеңіске жетер еді» – деп жауап бе- реді. Миллиардер мен әйгілі математик бір мәселені ай- туда. Логикалық түрде ойлау, жасау дегеніміз – барлығын кезегімен, рет-ретімен және дұрыс нәрсені дұрыс жасау. Ал бізде адамдар дұрыс емес нәрсені дұрыс жасауға құмар. Мысалы, темекіні әдемілеп шегеді, арақ ішкенде тіскебасарларын дайындап қояды, оған бір маңызды ри- туал сияқты қарайды.

Ал негізінде, барлығын логикаға салып, дұрыс нәрсені дұрыс жасасақ, біз көптеген сұрақтарымызға жауапты да табамыз, көшіміз алға жүріп, табысқа да жетеміз, өзімізді де дамытамыз. Шынында да, өмірдегі іш пыстырарлық қызық емес нәрселер, ол – пайдалы нәрселер. Таңертең ерте тұрып жүгіру, ойлану, дұрыс тамақтану, кітап оқу іш пыстырады, бірақ пайдасы зор. Ал түнгі клубқа бару дұрыс емес нәрсе, бірақ біздікілер оған ұйқысын қиып барады, тамақты талғап жеймін десең, таңдау үлкен. Сондықтан да өмірдің барлығы осындай логикалық ой- лаудан, таңдаудан тұрады.



ПІКІРДІ ӨШІРІП,

АҚЫЛДЫ ҚОСУ

Түріктің атақты комигі Джем Йылмаздың31 «Бұлардың ақылы жоқ, пікірі бар» деп айтқаны бар еді. Сол сияқты, кез келген жағдайды, істе, бастап- қыда «менің ойымша солай болу керек еді» деген сияқ- ты біз өзіміздің пікірімізді қосамыз. Әрине, егер сен ел мойындаған, кәсіби орта мойындаған шебер маман болсаң, сенің пікірің үшін ақша төлейді, оған құлақ аса- ды. Ал қазір кітапты қолына алып отырған адамдар- дың басым бөлігі – енді ғана жеңіс жолына тұрған адамдар. Сондықтан бұл жерде маңыздысы – пікірді өшіру. Мысалы, мейрамхана бизнесін ашқысы келген жігіт осы салаға байланысты өз пікірін білдіреді. Бірақ әлі мейрамханасы жоқ, демек, бұл жігіт әлі «шикі». Мейрамхананы ашу барысында қалыптасқан тәртіпті өзгертіп, өзінің ойынша, өзінің қалауынша жасайды, яғни пікірін қосады.

Мысалы, біздің «Rumi»-де палаумен бірге ең көп саты- латын тағам – манты. Оны мәзірге қосу «Палау жемейтін- дерге не ұсынуға болады?» деген сұрақ туындағанда кел- ген ой. Бұған дейін, «Rumi»-ден басқа мейрамханаларда да манты ұсынылатын, бірақ біз айына қырық мың манты сатамыз, біздегі мантылардың дәмді екенін көбі айтады, мойындайды да. Біздің «Rumi»-дің мантылары үйдегідей түйілген, ал басқа мейрамханаларда шет-шеті өрнектеліп, дұңғанша түйілген. Сонда «неге шеттен түйілу керек?» деп сұрадым, аспаздар «енді, барлығы солай істейді ғой» деп жауап берді. ____________



Бірақ, «барлығы солай істейді» деген – ол пікір. Ал миды қосатын болсаң, барлығымыздың ең жақсы көретін мантымыз, үйде түйілген, аналарымыздың жасаған ман- тысы. Демек, барлығы жақсы көретін, өз үйіміздегідей манты жасау ақылға қонымды ғой. Сол кезде мен пікірді өшіріп, ақылды қосуға ұсыныс тастадым.

Кейін білгенім, үйдегідей мантының жасалуы, шетінен түйілген мантыларға қарағанда ұзағырак, яғни көбірек уақыт алады екен. Дегенмен, біз «барлығы солай істей- ді, оған қоса азырақ уақыт алады» деген пікірді өшіріп, ақылымызды қостық. Есесіне, қазір айына қырық мың манты сататын, бізге бәсекелес бола алатын мейрамхана жоқ.

Кітап оқығанда да, «Жатып оқығым келіп тұр» деу – қате пікір. Себебі, кітапты жатып оқуға болмайды. Ол миға қонымды емес. Оған қоса, жарық сол жақтан түсуі керек, арқан тік болуы керек, таза ауа кіріп тұру керек дегендей, өзінің ережелері бар.

Колледже сабақ беріп жүрген кезімді еске түсіріп, «Алғашқы «Rumi» біздің қазақ-түрік колледжінде жа- салған» деп күлемін. Колледжде буфет болатын, оның бір күндік саудасы – бес мың теңге. Мен маркетингтен сабақ беремін, бірде буфеттегі қызметкерлерден «неге мәзіріңіз кішкентай?», «неге жұмыс жүрмейді», – деп сұраймын.

«Осылай болып қалыптасып қалған» деп жауап береді,

бұл да пікір. «Мәзіріңізде кофе болу керек, мерчендай- зинг болуы керек» деп түсіндіріп ақылды қосып жатсам, ешкім мойындамайтын. Ал біз студенттерімізбен сауал- нама жүргіздік, студенттер колледжге қанша ақшамен ке- летінін біліп алдық. Біздің анализ бойынша, студенттер аптасына бес жүз, мың теңге алып келеді екен. Ал, сол кездегі буфеттегі қызметкерлер «студенттердің ақшалары жоқ» деген қате пікірде болды. Нарық бар, бірақ нарыққа дұрыс өнім берілмеді. Ақылды қосу арқылы біз студент- термен бірге буфеттің бір күндік саудасын отыз бес мың теңгеге, яғни жеті есе көтердік.

Досың келіп, бірге бизнес жасауды ұсынды, сен келістің. Уақыт өте келе, ішіңде критикалық (сыни) ой- лану пайда болады. «Егер жүрмей қалса», «ақшамнан айырылсам» деген күмән пайда болады. Осындай жаман ойға берілудің әсерінен, жақсы идеяң құрдымға кетеді, сөйтіп, ештеңесіз қаласың,

Біреудің жасап жүрген ісіне, бастамасына міндетті түрде өз ойымызды қосамыз. Бұл жеңіске жету жолында бізге қатты кедергі жасайды. Себебі, тек қана сырттан тон пішетін, сынға ғана жарайтын адам болып қала береміз. Үнемі біреуге ақыл айтамыз, ал өзіміз еш нәрсе жасауға талпынып та көрмейміз. Ал сен сынаған адам, пікіріңе қарамастан жеңіске жеткенде, сен әлі бір орында қалып қойған адам болып отыра бересің. Бірдеңені болса да қо- рықпай іс-әрекет жасаған адамда прогресс болады, опық жеп қалса тәжірибе жинайды. Ал сен қандай болдың, сол күйіңде қаласың. Негізінде, өмірді көрген, кәсібін дөңге- летіп нәтижеге жеткен азаматтар, біреудің ойын, идеясын жамандамайды, адамдардың бетін қайтарып, ешқашан еңсесін түсіруге жол бермейді. Олар «істеп көр» деп ай- тады. Себебі, ертеңгі күні ұтылып қалса, минусқа кірсе де, ол адамның көзқарасы, ойлау қабілеті өзгеретін тәжірибе жинайтыны біледі және оны дұрыс санай- ды. Кезінде оларға да ешкім сенбеген, ал пікірін қосып, сынағандар көп болған.

Ақыл заңға негізделеді, біліммен жұмыс жасауды талап етеді, ал біздің «менің ойымша» деп айтқан пікіріміздің 99%-ы қате. Оған қоса, пікір көп жағдайда субъективті болады, ал бізге объективті нәрсемен жұмыс жасау керек. Сондықтан біз де ойлануымыз керек, өмір бойы біреудің әрекетіне сын айтып, жаңсақ пікірге сеніп отырамыз ба, әлде ақылды пайдаланып, өз өмірімізді өзіміздің қолы- мызға алып, оны өзгерте аламыз ба? Мәселе осында.



KITAП ОҚУ ШЕБЕРЛІГІ

Бернард Шоудан32: «Сіз бос уақытыңызда не істей- сіз?» – деп сұраған болу керек. «Бос уақытымда серуендеймін, ұйықтаймын, достарыммен пікірлесе- мін», – деген екен. «Сонда қашан кітап оқисыз?», - дей- ді сұхбат алушы. «Шоу: Кітап бос уақытта оқыла- тын нәрсе емес, оған арнайы уақыт бөлемін», – деп жа уап берген екен.

Аптасына бір кітап оқимын деп нысана қойған адам, ең азы, бір жылда елу кітап оқиды. Бір сала бойынша кітаптарды үздіксіз оқу әдетке айналса, бірнеше жылда сен сол саладағы сарапшы болып шығасың. Ал түбегейлі білімнің адамды өмірдің кез келген саласында алға же- телейтін қуатты күш екенін айтудың қажеті жоқ шығар? Батыс мамандары дабыл қағады: «Ақпарат қай салада да тез дамып жатыр. Бәсекеге қабілетті болу үшін тұрақты түрде оқып отыру керек». Бізде дәл сондай бәсекелестік жоқ. Басқа елдерге қарағанда, біздің адамдардан жеңіске



жету үшін сұралатын дүние аса көп емес. Біз- де өзгелерден сәл ғана көбірек ізденсең, өзге лерден оқ бойы озық тұрасың. Бастысы, ны- санаңды таңдау, өзің бірінші болатын саланы анықтау. Мысалы, біз Астана қаласында мей- рамхана аштық. Қасын да он бес мейрамхана бар. Ал «Rumi»-ге кезек қандай? Өзіндік фиш- каң болса, бәрі болады. ____________

Фишка табу үшін көп дайындық керек. Бір салаға қатыс- ты оқи берсең, ұңғыл-шұңғылын еріксіз біліп аласың, се- нен асқан сарапшы маман табылмайды.

Кітап оқу – жеңіске жететін, жолы болғыш адамдар- дың әдеті екен.

«Жеңіске жеткен адамдардың кітапханасы үлкен бо- лады, ұтылғандардың теледидары үлкен болады» деген екен Дэн Кеннеди33. Адамның не тұтынатындығына қа- рап, оның кім екенін айта аласың.

Стамбұлға барған соң, біраз уақыттан кейін эйфория тарады. Шет елді көріп, бизнес жасайтынымды білдім. Сөйтіп, бизнес туралы оқи бастадым. Стипендиям жүз сексен түрік лирасы (сол кездегі курспен) теңгемен он сегіз мың шамасында. Оның жартысын кітапқа жұмсай- тынмын. Жүрген жерде кітап қарап жүру әдетім, әлі де бар. Басқа елдерге, бөтен қалаларға барғанда да менің шоппингім кітап дүкенінен басталады не онымен аяқта- лады.

Мысалы, Мәскеудегі «Библио-Глобус» дүкенінде күт- пеген жерден, өзіңе нағыз керек кітапты тауып алуға болады. Әдетте ойыңды басқа жаққа бұрып жіберетін, демек, бизнесіңе де жаңалықтар әкелетін кітаптарды та- басың. Белгілі маркетинг профессоры Иона Бергердің34 «Заразительный. Психология сарафанного радио. Как продукты и идеи становятся популярными» деген кітабы мен үшін сондай табыс болды. Онда айтылатын сарафан- дық радио принципін «Rumi»-дің маркетингіне негіз етіп алдық.

Мен оған дейін-ақ өзімді білімді санап, осы істі бастай беруіме болатын еді. Маған сенген адамдар болды. Ақша салынып тұр. Біреудің ақшасы. Ештеңең кетіп жатқан жоқ. Егер сондай логикада ойлаған адам болсам, «Rumi» жертөле де сасыған көп дәмхананың бірі болып, екі ай- дан кейін жабылып қалар еді. ____________

Менің ойымша, мінсіз адам жоқ. Сен де осы ойға өзіңді сендір. Өзінді қанша жақсы көріп, ең ақылды, бәрін білетін, кітап оқымай-ақ жеңіске жете алатын адам деп санап тұрсаң да, аспандағы қиялынды жерге түсір. Идеал емессің. Менің түсінгенім, адамның ең ғажайып қасиеті, оның идеалдылығы емес. Өзгеруге, өсуге, білім алуға әзірлігі. Қазір мінсіз болмаса да, келешекте оған ұмтылатын, сол жолда көп оқуға, ізденуге дайын адам- мен бағытымыз бір деп санаймын.

Брайаи Трейси «Достижение максимума. 12 принци- пой» деген кітабында мынадай ой айтады: «Зерттеулер- ге сенсек, ең табысты америкалықтар жылына 70-тен аса кітап оқиды. Кедей америкалықтар мүлде оқымай- ды. Мүмкін, барлық оқырмандар лидерлер емес шығар. Бірақ барлық лидерлер – оқырмандар». Қарап отырсаң, лидерлікке жетелейтін қарапайым жол – кітап оқуды әдетке айналдыру.

Әдетке айналу үшін ол күнделікті оқылуы керек. Де- мек, күн тәртібінде кітап оқуға уакыт бөл. Уақыт кымбат, бірақ мақсатсыз өткен уакыттан гөрі оқумен өткен уақыт бағалы. Сонымен, кітап оқуға қанша уакыт бөлу керек? Ересек адам үшін орташа оқу жылдамдығы минутына 200-250 сөз иемесе минутына екі бет. Егер бір аптада бір кітап оқу міндет болса, кітаптың көлеміне қарай, күніне 20- 40 бет оқысан жеткілікті. Ал күніне жиырма бет де- генің, он-ақ минут. Қырық бет дегенің, жиырма минут. Өте баяу оқырмансың деген күннің өзінде, күніне жарты сағат жеткілікті. Ұйықтар алдында жарты сағат кітапқа көңіл бөлу қиын ба? Бастапқы күндері қиналарсың, ал әдетке айналған соң кітапқа қолың жүгіріп бара жатқа- нын өзін де байқамай қаласың.

Қазір мен жылына елу, алпыс кітап оқимын. Бұрын дебатқа қатысқанмын, облыстың чемпионы да болдым. Пікірталастың бір кереметі, пікіріңді дәйектеуге үйре- теді. Демек, неғұрлым көп окуың керек. Содан қалған

әдетте шығар, бірер жыл бұрын көбіне әдебиет, тарих, теология туралы көп ізденетінмін. Күндердің күні «осы мен не үшін кітап оқимын?» – деген сұрақ туды. Сәл ой- ланып қарасам, жарыс үшін сияқты. Өйткені, оқығаным, білімім басқалардан артық болу үшін, басқалардың аузын жабу үшін керек сияқты. Сол ойдан өзімді ұстап алдым.

Стоп, Қуаныш! Одан кейін келесі кезеңге өттім. Жұмыс үшін оқуыма тура келді. Мұнда алгоритм басқа: оқыдың > іске асырдың > нәтижесін көрдің > қуат алдың/шабыттандың > басқа кітап оқыдың. Сондықтан маған кітап оқу қиын емес. Бәрі өзіңе байланысты. Қазір менің негізгі мақсатым оқу емес, оқығанды іске асыру. Бизнеске, өміріме пайдалы әрекетке негіз іздеу. Сондықтан жақсы идея, мені қызықтырған сұраққа жа- уапты көрген бетте... кітаптың бетін жабамын. Солай, мен оқыған кітаптың тоқсан пайызы бітпеген. Ойды алдым. Бітті. Кітапты оқып бітіру маңызды емес. Есесіне осы техниканың арқасында бизнесіме де, өзіме де көп идея- лар алдым, алға жылжыдым. Оған мысал көп. Мәселен, ұжымдағы басты адамдарды қалай қызықтыру керегін ойлап жүрдім. Сол кезде бізде мейрамхана басқарушы директоры болды. Онда бекітілген жалақы, айналымнан проценттер, тағы да басқа игіліктері бар еді. 2015 жылы Стамбұлға барғанда, осы тақырыпта 150 долларға кітап алдым. Мақсат айқын еді – жаңағы адамды мотивациялау- дың жолын табу. Алматыға келіп, кітаптарды ақтарып отырғанмын. Алғашқы кітап, алғашқы бөлім, алғашқы абзац: қызметкерлеріңізді партнер (серіктес) қылыңыз дейді. Бұл миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир және бизнесмен, Гарвардтың МБА түлегі Хусейн Озйе- геннің35 кітабы болатын. Мұндай адамға қалай сенбей сің? Оның принциптері дұрыс болмаса, соншама жеңіске қалай жетер еді? Кітапты жаба салып, іске кірістім. Нәти- же де жаман болған жоқ. Біз жаңағы адам, операциялық кірістің проценттерін алады деп келістік. Келесі айда ___________

оның жалақысы 100 мың теңгеге көбірек болды. Бірақ сонымен бірге, ол 800 мың теңге үнемдеді. Демек, біздің табыс ай сайын 700 мың теңге еді. Міне, қандай жақсы инвестиция – 150$ салып, 700 мың теңге пайда табу. Біздің «Rumi»-дің негізгі ерекшеліктерінің біріне ай- налған Masstige – ол да кітаптан алынған ұғым. Бұл қол- жетімді (mass) және беделді (prestige) деген категория- ларды біріктіреді. Оны әдетте косметикалық брендтер өте жақсы пайдаланады. Nivea, L’Oreal, MaXFactor – осы салада өзін дәлелдеген брендтер. Бір қарағанда қымбат та емес, бәрінің қолы жетеді, қалтасы көтереді. Және са- тып алуға да ұялмайсың. Merсі – қонаққа барғанда сатып алғанды жақсы көретін тәттілеріміз. Сол 1500 теңгеге, «құрқол бармас үшін» дейтін одан басқа, жақсырақ дү- ние сатып алуыңыз неғайбыл.

Сөйтіп, «Rumi»-де осы техниканы пайдалануға талпындық. Біздің кейбір нүктелерімізде орташа чек «Starbucks»-тан арзанға шығады, бірақ онда қандай жағдайда да, кіммен де баруға ұялмайсың. Достарыңыз- бен кездесуге де, құдалық жасауға, сүйіктіңді кешкі асқа шақыруға, шетелдік қонақтарды күтуге, іскерлік кездесу ұйымдастыруға да болады. «Би түсетін үй» деген ұғым бар қазақта, біз сондай, министрді де күтуге болатын орын жасадық

Әдетте, «Masstige» категориясындағы бренд қалып тастыруда антураждың орны орасан: «упаковка», «подача», т.б. Арзан бағада ұсынған күннің өзінде, та- уарды біздікінен үш есе қымбатқа сататын әріптестеріміз секілді «упаковать» етіп беруіміз керек. Осы техника бизнес әлемінде 2003 жылдан бері бар. Неге бізде ешкім қолданбайды? Көрмей, білмей жүр ме? Меніңше, бізде бизнес жасауды ақша салу, сосын күреп ақша табу деп қана түсінетін секілді. Бизнес жасау үшін білім кере- гін, әлемдегі үздік идеяларды кішкентай кәуапханада да қолдануға болатынын білмейді. Білмейді емес, білімнің маңыздылығына мән бермейді.



МИНУСТЫ ПЛЮСКЕ

АУЫСТЫРУ

Алғашқы рет «минусты плюске ауыстыру» деген- ді естігенімде өз басым қатты қиналғанмын. Себебі, бойым басқалардыкіндей ұзын емес, басым қазандай, қалай мен өзімнің осы минусымды плюске ауыстыра аламын?

Адамдардың көбісі «бізде бизнес дамымаған, сервис жоқ» деп, қызмет көрсету саласына қатысты бір идея айт- саң, оны қабылдамайды. Сылтау іздеп, тек минустарын тізбектей береді. Ал бұл, керісінше плюс қой. Себебі, ол сала дамымаған, ешкім ештеңе жасамаған, ал сен қадам жасап, оны өзгертіп, бірінші болсаң, сол салада моно- полист атанасың, бұл саған жақсы қаражат алып келеді. Неге өмірде кездесетін осындай минустарды, сылтаулар- ды плюске айналдырмасқа? Кез келген нәрсеге екінші жағынан қарап көрсең, оның өзің үшін ұтымды жағын табасың.

Егер өміріңде қандай да бір кедергіге жолықсаң, оны өзіңе оңтайлы болатындай етіп пайдаланып, плюске ай- налдырып ал.

Мысалы, көп сөйлейтінмін деп айттым. Ол менің үл- кен минусым болды, ал мен оны плюске айналдыру үшін мұғалім болдым. Нәтижесінде, Тараздағы қазақ-түрік колледжінде оқыған менің студенттерім ең үздік атан- ды. Себебі, көп кітап оқып, жақсы есте сақтау қабілетім бар, оның үстіне көп сөйлегенді жақсы көремін, әйтеуір, барлығын дұрыс пайдалана отырып, жақсы жақтарым- ды дамыттым. Қазіргі таңда да істеп жүргенім осы. Биз- несімді дамытамын, бірақ білгенімді бөліскенді жақсы көргендіктен, тренинг өткіземін. Өзімнің компаниямда да қазір мұғаліммін, заманауи тілмен айтсақ, коуч. Мен әр бөлім басшысын шақырып алып, оның ойын тыңдап, оған жол сілтеп отырамын. Осыған дейін бетіме басып келген кемшілігімді артықшылығыма айналдырдым, қазір мейрамхана бизнесіндегі мықты компаниялардың бірінің тізгінін ұстап отырған, негізін қалаушыларының бірімін. «Versus» қолданбалы жеңіс академиясының не- гізі қалануының себебі де осы шығар. Сол себепті өзіңнің кемшіліктеріңді артықшылығыңа, ерекшелігіне айнал- дырудан қорықпа.



СЕНДЕ БІЛІМ БАР МА, ӘЛДЕ ЖАЙ ҒАНА КРУГОЗОР МА?

БІЛІМол қараңғылықты жарық қылады, бізді алға жетелейді деп айтамыз.

Қазіргі заманның дерті – адамдар тренингтен тре- нингке баруға, ақпарат жинауға құмар, көп кітап оқиды.

Бірақ, оны қолданбайды.

Жалпы, бұл ойға мені өмірдегі бір оқиға жетеледі. Бірде жұмыс бабымен бір ғимаратқа кіріп барғанымда, күзетші жігіттің бизнеске қатысты, қабылдануы ауырлау болып келетін, кәсіпкерлерге негізделген кітапты оқып отырғанын байқадым. Сол кезде, осындай мықты кітап- тың бұл жігітке неліктен көмегі болмады екен деп ойлан- дым. Кейін түсіндім, білім мен кругозор екеуі екі бөлек нәрсе екен. Қолыңа кітап алған кезде, «бұл ақпарат маған білім бола ма, әлде менің кругозорыма кетеді ме?» - деп өзіңе сұрақ қой.

Егер оқыған кітабыңды пайдалансаң, ол сенің бір сұрағыңа жауап тауып берсе, мәселеңді шешсе, бұл – білім. Ал егер де әр түрлі ақпаратқа басымызды толтыра берсек, үйренуге, білуге құмар болып, оны шынайы өмір- де қолданбасақ, ол жай ғана кругозор болып қалады. Мысалы, PR-директорымыз Айна ханымға Астана қаласынан ашылатын мейрамхананың басы-қасында болып, оның салтанатты түрде өтуіне тапсырма бердім. Айнаның көздерінен тапсырған жұмыстың қолынан келіңкіремейтінін байқадым. Мен оған кітаптар тізімін беріп, оқып шығып, содан сұрақтарға жауап табаты- нын айттым. Айна ханым болса: «Қуаныш мырза, мен ол кітаптарды оқып қойғанмын», – деді. Ал менің оған: «Сіз бұл кітаптарды кругозор үшін оқығансыз, ал қазір алдыңызда нақты тапсырма тұр. Ал оның шешімін сіз нақ осы кітаптан тауып аласыз, сол кезде ол сізге мүлде басқаша көрінеді», – деп жауап бергенім бар, кейін баяғы оқылған кітаптар кругозор емес, білімге айналды. Тағы бір мысал ретінде, «Versus» академиясындағы сату бөлімінің басшысы Ардақ ханымды айтқым келеді. Жұмыс барысында ол маркетинг бойынша келген лид- тарды саудаға айналдыруға қатысты кітап оқып жүр екен. Ол кітаптың Ардақ ханымға пайдасы тиеді, себебі, оның қазіргі таңда алдында үлкен проблема тұр. Оқыған-біл- генін қолданса, ол проблемасын шешеді және өзіне пай- далы білім алады.

«Rumi»-ді бастағанда Йона Бергердің «Заразитель- ный» деген кітабын оқып, содан білім алғанмын. «Rumi»- дің философиясын құруда ол кітаптың маған үлкен пай- дасы тиді. Бір жігіт маған: «Екеуіміз бірдей кітап оқимыз. Неге ол кітаптың пайдасы саған тиеді, ал маған тимейді» дейді. Өйткені мен кітапты сұрағыма жауап алу үшін оқи- мын. Бұл өте маңызды мәселе. Қолыңа кітап алған кез- де немесе Google-дан ақпарат іздеп, YouTube-тан видео көрген кезде, оның білім бе, әлде кругозор екенін ажы- рата білу керек. Шымбұлақта шаңғы тебуді үйренгенім бар. Сол уақытта Youtube-тан шаңғы тебудің техникала- рын үйрену туралы видеосабақтар қарадым. Егер де мен оны Шымбұлаққа шаңғы тебуге барған кезде емес, жазда көрген болсам, ол мен үшін жай ғана кругозор болып қа- латын еді. Ал алдымда нақты мәселе туындағандықтан, шаңғы тебуді үйрену мен үшін білім болды.

Қолыңа кез келген кітапты алғанда, «бұл маған білім бола ма, әлде оқыған он кітабымның тағы біреуі бола ма?» – деп ойлан. Сондықтан кругозорыңды үлкейте бер- мей, нағыз білім жина.

ЖАСАУ МЕН ТЫРЫСУДЫҢ

ФУНДАМЕНТАЛЬДЫ

AЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Бір қарағанда екі ұғымның айырмашылығы жоқ. Алайда, қате анықтама қате әрекет пен қате нәтижеге алып келетінін еске түсіріп, осы екі ұғымды толық ашып көрейік.

«Тырысу» – біздің қоғамда позитивті сөз. Tырысып жүрген адамды көбі мақтайды, үлгі тұтады. Себебі, құр босқа әрекетсіз жатқанмен салыстырғанда расында да жақсы ғой.

Ал менің түсінігімде, тырысу бiздi алдайтындай. Бұл жерде тырысу деп нені түсінеміз. Кез келген істі жүзеге асыру барысында «ырымын» жасау деп білемін. «Істе- медім» деген атаудан арылу үшін ғана өтірік бір әрекет- тің сипатын істеп қою. Жұмыста талай адам бастықта- рының көзінше «тырысып» жүр ғой. Қарасаң тәнті бола- сың. Қарбалас тірлігі көп сияқты, ал нәтиже жоқ. Қорыта айтқанда, бұл кітапта «тырысу» – нәтижесіз, бірақ бел- сенді орындалатын әрекет, яғни көзбояушылықтың бір түрі деуге болады.

АЛ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бұл істің сәтті болуына қатысты барлық жауапкер- шілікті бір өзіңе алу. Істің ауырлығын мойныңмен көтеру және үнемі нәтижеге қол жеткізу.

«Сәтін салмады», «бұйыртқаны» және тағы басқа сыл- тауларды айтпау. Ретімен жасалған істе оң нәтиже бол- мауы мүмкін емес. Біз «жасаудың» орнына «тырысамыз да», «тырыстым ғой» – деп, өз-өзімізді алдаймыз.



ТЫРЫСУ – ІСТЕМЕУДЕН ЖАМАН. Істемейтін адамның өзін ақтайтын амалы жоқ. Ал тырысушыда амал-сылтауы бітпейді. Тек жасаушыда ғана нәтиже бар. Қарап тұрсаң, қарапайым сөздер сияқты. Алайда, осы- ның мәнін ұғып «жасап» жүрген адамдар үлесі әлем йынша 1%-дан аспайды. Өз атын танымал еткен, жеңіске жеткен адамдар көп емес. Оларды көбіміз білеміз және олардың жетістігінің кілті неде деп те ойланамыз. Мы- салы, АҚШ-та осы салада зерттеулер мен ізденістер өте көп. Солардың бірін өзіңізбен бөліскім келеді:




Майкл Фэлпе дене құрылымының сараптамасы


Майкл Фэлпс – атағы жер жарған әйгілі атлет. Әлемнің 26 дүркін, Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы. Нағыз жеңімпаз. Медаль саны бойынша абсолютті рекордсмен. Бір ел болып 7 алтын алып жүргенде, жалғыз өзі 7 алтын алған жүзуші. Қарапайым халықтан бастап, арнайы ма- мандарға дейін оның құпиясын зерттеген. «Майкл Фэлпс дене құрылымының ғылыми сараптамасы» атты мақала да оның жетістігінің себебі дене бітімінің ерекшелігінде дейді. Бойы 1,93 метр болса, қолын ашқандағы екі алақа- нының арасы 2 метрден асады. Оның үстіне денесі ұзын, ал аяқтары қысқа екен. Жазылған деректердің растығына шүбә келтірмеймін. Бұл жердегі мәселе – осы ақпараттың оқырманға әсері. Бұны оқыған адам қандай ойға келеді? Сен қандай ойға келдің? Кішкене үзіліс жасап ойланшы, өз-өзіңе сұрақ қой. Бұл мәселені де зерттеген екен. Атал- мыш деректері бар ақпаратты оқыған адамдардың басым бөлігі атақты адамдардың жеңіске жетуі көктен келген бір сый деп ой түйеді. Яғни, осындай жеңіске жету үшін менің де денем осындай болу керек деп ойлаймыз. «Әт- тең, Құдай ондай мүмкіндік бермеді…» – деп ары қарай тырысып жүре береміз.

Бұның басқа да нұсқалары болуы мүмкін. «Менің он- дай таныстарым жоқ», «Ол – байдың баласы», «Кішкен- тайынан мектепте жақсы оқыған» және тағы сол сияқты. Өзімізді барынша сол жеңіске жеткен адамға ұқсатпауға тырысамыз. Ұқсастық болып қалса қайталау керек қой. Жасау керек болады. Ал тырысып жүре берген ыңғайлы, жайлы.

Тереңдеу ойланып қарасақ, көп жеңімпаздың құпи- ясын талантқа не дарынға ысырып тастайды екенбіз. Фэлпстің тәуліктің жартысынан көбін жаттығумен өт- кізетіні орынсыз. Мәселе денесінің диспропорциясын- да. Расында солай болса, талай денесі диспропорция адамдар жеңімпаз болып кетпей ме? Бұндай мысалдарды шексіз жалғастыра беруге болады: Усэйн Болттың тізе- лері бірдей екен, Головкиннің жүрегі асинхронды жұмыс істейді екен, Витастың кеңірдегінде ақау бар екен… Ал «жасау» мен «тырысудың» ара-жігін ажырататын не? Қандай қабілет не қасиетке ие болсақ қана біз «ты- рысу» фазасынан «жасауға» ауыса аламыз? Әбден бір сиқырлы «дәрі, бейне бір панация» іздеп үйреніп қалдық қой. Ондай абсолютті зат жоқ, бірақ маңызы орасан бір құбылыс бар. Ол – жауапкершілік. Біріншіден, оның та- биғатын толық түсіну кейін оны мойындау маңызды. Жаздың ба? Онда кеттік! Өкінішке орай, жауапкер- шілік бақылау бар кезде ғана пайда болатын құбылыс болып кетті. Уақыт өткен сайын жауапкершілік әдеттегі қабілеттен сирек кездесетін санатқа ауысып барады. Әр басшының топ сұрауында жүреді. Бұл ұғымды Стивен Ковидің сөздерімен, ойларымен ашып көрейін. Оның пайымдауынша, адамдар екіге бөлінеді: реактивті және проактивті. Реактивті адамдар әдетте көп болады. Олар- ды басқару оңай. Ең бастысы, олардың шешіміне және өзіне бір фактор әсер етеді. Мысалы, реактивті адам бір тренингке барамын деген күні қатты дауыл болып кет- се, оның шешіміне бірнеше фактор әсер етеді. Ауа райы жылы болса, баратын едім. Ақша төлегендiгi не сомасы тегін болса, бірден үйде қалады. Төлеген ақшасы қалта- сына ауыр болса, барудың амалын жасайды. Қысқасы әсер ететін фактор көп және олар сырттан келеді. Проактивті адамның шешім қабылдауы, керісінше ішкі күштерге сүйенеді. Ол адам құндылықпен жүреді. Қандай дауыл болса да, ол білім алу деген құндылықтың себебімен барады. Байқасаңдар, реактивті адам жауап- кершілікті өзге күштерге сілтей салады. «Менен басқа- ның бәрі кінәлі» позициясынан таймайды. Ал проактивті адам, олай болмаса да, жауапкершілікті бір өзінің мой- нына алады. Сол себепті де ол жасайды. ТЫPЫСПАЙ- ДЫ. Проактивті ұстазға бір мысал келтірейін. Үлкен оқу орнында бір топ «нашар» бала болады. Олар ешқандай сабаққа толық қатыспайды, тапсырма орындау атымен жоқ. Барлық өзге оқытушылар (реактивті) олардан үміт үзген: «Бұлардың тәрбиесі жаман, оқыту мүмкін емес. ТЫҢДАМАЙДЫ» дейді. Ал проактивті оқытушы: «Жоқ, МЕН оларды ТЫҢДATА АЛМАЙ жатырмын» деп күнде балалардың жүрегін жаулауға және шырағын жағуға ты- рысады. Нәтижесінде, әлгі бір «құмалақ» оқу орнын ең үлгілі түлек ретінде тәмамдайды.



«Тырысушы» жауапкершілікті өзгелермен бөлісіп жүрсе, яғни, нәтижесі болмаса өзгені айыптайды. Ал «жасаушы» жауапкершілікті ешкіммен бөліспейді, жа- ман нәтиже көрсетсе де, тек өзінің аз жұмыс істегенді- гінен, ізденгендігінен, оқығандығынан, сұрағандығынан көреді. Ал марапат не мақтауды бөліскенде жағдай керісінше. «Тырысушы» бар мақтауды, атақ-абыройды өзіне қарай тартады, ал «жасаушы» өзгелермен бөліседі. Жоғарыдағы мысалдан көріп тұрғанымыздай, көп «ты- рысушыдан» пайда аз. Бір «жасаушы» оң және түбегейлі өзгеріс жасай алады.

Татьяна Черниговская36 айтпақшы, біздің тіліміз – ішкі ұстанымдарымыздың көрінісі. Басқаша айтқанда, «жа- саушы» не «тырысушы» ұстанымын ұстап жүргеніміз біздің айтқан сөзімізден білінеді.

Баршамызға таныс тағы бір мысал келтірейін. Өткен ғасырдың соңында талай компания нарыққа серпіліс әке- летін өнім жасағысы келді. Бірақ көбі тек тырысып жүрді. Ксерокс компаниясы «мышка», тағы бір компания интер- фейс жасап тырысты. Ал Apple сол тырысулардың басын қосып жасай салды. Сөйтті де, алғашқы Макинтошты нарыққа әкелді. Сенсорлы телефонды бірінші болып жа- сауға тырысқан – Nokia. Ал жасаған – Apple. Facebook-ке дейін әлеуметтік желі болды. Whatsapp-қа дейін мессен- джер болды. Олар тырысты, біз білетіндер жасады. Жаса- уға тырысу бар. Жасау бар. Таңдау – Сенікі! Қоғамдағы көптеген ақпарат не адамдар бізді ты- рысуға ғана итермелейді. Тырысқанды марапаттайды.

«Талпыныс» бағаланады. Ал өмірде ол есепке алына ма?

Мынау он рет банкрот болды екен деп мойындай ма? Форбсқа шығара ма? Тек жасағанда шығарады. Ал жасау үшін еріксіз олқылықтарынан үйренді. Тек бізге сырттай тырысу болып көрінеді. Қанша жолы болмаса да, қайтпа- ды дейміз. Сөзсіз, бірақ ол тырысып жүрмей бірден жа- саса ше? Бірден жеңіске жетуі мүмкін бе? Менің ойым- ша, біз өмірден таяқпен ғана сабақ алып үйреніп қалдық. Әрине, ол таяқ та бірдеңе үйретеді. Мәселе көпшілігінің сол таяқтан ес жия алмай қалатындығында. НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖАСАЙМЫЗ? Бір байқағаным көбіміз шартты сөйлемді қажетінен көп қолданамыз. Мысалы: «Егер жаңбыр жауса, өзіммен қолшатыр алып шығамын», «Егер көлік алсам, аяқ киімім таза болады. Әзірше автобуспен жүрмін, сондықтан аяқ киімім кір» дегендей. ____________

Тағы бір өмірден алынған жақсы мысал. Бизнестегі әріптесім Айдос мырза кезінде мұғалім болып, универ- ситетте дәріс берген. Оған қоса жеке бизнесі де болған. Мұғалімдердің қасында журнал, кілт таситын көмек- шілері жүреді екен. Бір күні Айдос мырза кілтті күтіп ұзақ тұрды. Әлгі көмекші қыз әлі жоқ. Айдос мыр- за көмекшісіне кілт алуға өзі барса, ол қыз Internet-тен жұмыс іздеп отыр екен. «Маған басқа жұмыс керек еді, қазіргі айлығым 60-ақ мың» дейді. Сол кезде Айдос мыр- заның келіп, маған айтқаны: «Қуаныш, компанияма жақ- сы хатшы қыз іздеп жүр едім, айлығы 120 мың. Әтте- ген-ай, университетте маған көмекші болып жүрген қыз жұмысына тиянақты болғанда, оны алар едім». Көрдіңіз- дер ме? Егер, Айдос мырзаның көмекшісі сол кезде жұ- мысын жауапкершілікпен орындаса, басқа жұмысқа да тұрар еді, айлығы да жоғары болатын еді.

АҚШ-тың Әскери-теңіз флоты генералының лекция- сы бар. «Егер сен әлемді өзгерткiң келсе, өзіңнен баста. Әлемді өзгертуді, төсегіңді жинаудан баста» деген. Кіш- кентай нәрсені дұрыс жасамаған адам, үлкен нәрсені де дұрыс жасамайды.

Шартты сөйлемді бастан шығарып тастау керек.

Айтпақшы, осы лекцияны YouTube-қа кіріп, қарап ал. «Если ты хочешь изменить мир, заправь кровать» деп аталады. Ол үшін мына берілген QR кодты сканерлеу жеткілікті.





Генералдың лекциясын QR кодты сканерлеу арқылы көре аласың

Ал шартты сөйлемді пайдаланбау үшін, адам өзінің жұмысын жақсы көру керек. Біздің «Rumi»-де еден жуушы адам бар. Қарайсың да, сүйсінесің, өз жұмысын үлкен махаббатпен жасайды. Сол адамның құрметіне біз, Rumi»-дегі барлық еден жуушы адамдардың жалақы- сын көтердік. Себебі, оның жұмысында «бүгін қалай болса солай жуа салайын, ертең жақсылап жуамын» де- ген шартты сөйлемдер жоқ.

Сонымен, тырыспай жасау үшін, біріншіден «нені – қазір бар жұмысты» жасаймыз, екіншіден «қашан – қазір». Шошқа мен сиыр туралы әңгімені түсінікті болу үшін келтірейін.

Бір күні шошқа сиырдан «неге сені адамдар бағалай- ды, ал мені бағаламайды? Мен етімді беремін, терімнен аяқкиім, ал қылдарымнан қылшық жасайды. Сен болсаң, тек сүт бересің» деп сұрайды. Сиыр ұзақ ойланып, жа- уап береді: «Өйткені сен етіңді, теріңді және қылда- рыңды өлгеннен кейін бересің, ал мен сүтімді тірі кезім- де беремін. Сол сияқты, «ертең, ертең» демей, қазірден бастау керек.

Үшіншіден, «қалай?» жасаймыз, «болмасаң да, ұқ- сап бағу». Яғни, идеалды образға ұмтыламыз. Бұл тура- лы «Форманың жоқтығы немесе барың мен жоғыңның айырмашылығы», «Образ таңдау: қияли болудың пайда- сы» деген бөлімдерде толыққанды талдап жазғанмын. Егер сенен қарызға ақша сұрағанда, «тауып көрейін» десең, нәтиже 50/50, не болады, не болмайды. Курстарға жазылып, тіл үйреніп көремін, бизнес ашып көремін – тырысқан кезде, әрдайым 50/50 болады.

Tырысу дұрыс болса, нәтижеге алып келеді, ал қате болса, тағы да тырысты, қайтадан 50/50 мәселесі туын- дайды. Сөйтіп, әрдайым «қате» болып қайталана берсе, өмір бойы тырысса, бітпейтін нәрсе, шексіз, қайталана береді де, бір нәтижеге алып келмейді.

Ал жасауда 100% нәтиже болады. Не жақсы нәтиже немесе онша жақсы емес, бірақ нәтиже бар.

Түріктерді жақсы көремін, оларды жақсы түсінемін деп әрдайым айтып жүремін. Бірде Түркияда аяқ киімімді та- залаттым. Тазалап берген ұста өз жұмысын жанын салып, тиянақты жасайтыны көрініп тұр. Өзімен әңгімелессем өміріне риза, жалақысы тұрмысына жеткілікті, аяқ киім тазалайтынын мақтан тұтады, оған қоса әкесінің кәсібін жалғастырып жүр екен. Одан соң, таксиге отырдым. Стамбұлда барлығы 18 мың ресми такси бар. Біздегідей әр адам өз көлігіне мініп алып, таксист болып жүрмейді. Бірде Астанада таксиге мінгенімде, ресми костюм-шал- бар киіп алған, түрі мен сипаты келісті жігітке кезiктiм. «Неге әдемі болып киініп алғансың?» – деп сұрасам, бұл жігіт мемлекеттік қызметте жүр екен, ал жұмыстан уақы- ты бос кезде, таксист болып қосымша табыс табатын бо- лып шықты. Ал, Түркияда олай емес. Таксистер ресми түрде жұмыс істейді, барлығы да біз сияқты футболка, джинсымен жүре береді. Алайда, бір күні әдемі болып, ақ жейде киіп алған, үсті мұнтаздай таза киіміне қарап тамсанатын көлік жүргізушісіне жолықтым. «Неліктен соншалықты әдемі болып жүрсіз?» – деп сұрадым. Ол адам: «Егер маған Құдай жолаушы жіберсе, неге оны ал- басты сияқты күтіп алуым керек? Әр клиентім – құтты қонағым» – деп жауап берді. Сондықтан тек жоғары ла- уазымда отырсаң ғана емес, жалпы, әркім өз жұмысын жақсы істесе, өзі де нәтижеге жетеді, оның қоғамға да пайдасы тиеді.

Tырысу мен жасаудың айырмашылығын аша алдым деп сенемін. Және де тиісті ұстанымды таңдауға әсер ете алдым деп үміттенемін. Егер сен менімен әлі бірге бол- саң, осы бөлімнен түйгеніңді бір қорытындылауға кеңес беремін. Ал келесі бөлімде тырыспай, жасаудың техника- сына қатысты түйген ойларыммен бөліспекпін.



ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙТЫН

НӘPCE – ЖАСАУ: ЗАТОК

Кез келген жұмысты істегенде, кәсіп бастау, тұ- саукесер жасау, кітап жазу болсын, оны ЗАТОК модель бойынша жүзеге асырамыз. Ол үшін ісің мына- дай бес мәселені қамтуы керек:

Нені және

Қалай жасау?

Заң бойынша

Аяқталған

Тәртіп бойынша

Ойластырылған

Көрікті (Әдемі)

ЗAҢ БОЙЫНША. Өкініштісі, біздің азаматтар үшін барлығын заң бойынша жасау үлкен қиындық тудырады. Олар әрқашан алдауға тырысады, жалпы заңға қайшы жүргенді ұнатады. Бір сөзбен айтқанда, өздерін көрсет- кісі келеді. Дәмхана ашады, СЭС-тың талаптарын орын- дамайды, адамдар уланады; бағдаршамның қызыл түсінде жүріп кетеді, жаза берсең, аз емес. Бірақ, бұның барлығы өзімізді көрсету үшін жасалады ғой, шын мәнінде, эгоң- ды жұбатып қою үшін, мәртебеңді көтеру үшін. Өз ба- сымда болған жағдай:

Үлкен генерал ағам бар, Ішкі істер департаментінің бастығы, бірде соның көлігіне отырдым. Ызғытып кетіп барамыз. Қауіпсіздік белдігін таққан жоқпын. Енді ағам мықты генерал болса, ол белдіктің не қажеті бар, келісесіз бе? Көлік жүріп келеді. Ағам маған анықтап бір қарады. Сезіп тұрмын бірдеңе айтуға оқталып тұрған сияқты. – Қуаныш, сен сонда, қауіпсіздік белдігін тақпайсың ба? Мен, мысалы, әрдайым тағамын, – дейді ағам.

Амал жоқ, жағдайдан шығу керек:

– Генерал ағаңыз жоқ шығар сіздің, деп қалжыңдап құтылдым.

Негізінде, сол кезден-ақ түсінгенім, басқа бәле тіле- мей, барлығын заң бойынша жасау керек.

Сен заңды алдасаң, өзіңнің ісіңнің де берекесі бол- майды.

АЯҚТАЛҒАН. Біздің адамдарға кез келген істі бастау қиын емес, аяғына дейін жеткізу қиын. Олар кәсіпті оңай бастап кетеді, бірақ бастаған ісін аяғына дейін бітірмей жатып, бір жұмыстан келесі жұмысқа оп-оңай ауыса бе- реді. Мен, өз басым, осы жасыма дейін 28 түрлі хоббимен айналысып бастаған екенмін. Аяғына дейін жеткізгенім біреу-ақ, ол – маркетинг.

Аяқталған дегеніміз – туындаған мәселенің шешімін табу, яғни нәтижемен аяқтап, нүктесін қою деген сөз емес пе?

Ал, бізде қалай? Өздері қандай да бір айла ойлап та- бады. Әсіресе үнемдеп ұту үшін сылтау іздейтіндер көп. Соңында шығынға бататын да өздері. Сондықтан қандай жағдай болса да, кез келген істі соңына дейін жеткізу, яғни аяқтау аса маңызды.

ТӘРТІП БОЙЫНШA. Орысшасы «по закону жанра». Автокөлік моторының майын он мыңдық болса, он мың- дыққа ауыстыру керек екендігін барлығы біледі. Кейбір көліктердікі сегіз мыңдық, кейбіреуiнiкi он екі мыңдық болады, бірақ, әйтеуір өзінің бір нормасы бар. Ешкім оны, он мың десе, он екі немесе он бес мыңдыкiне ауыстыр- майды, себебі тәртіп сондай. Ал егер дұрыс ауыстырма- саң, моторы бұзылады, ол қымбатқа түседі. Бұл қағиданы кез келген көлік жүргізушісі біледі. Дәл сол секілді, әр нәрсенің өз тәртібі бар: бизнестің тәртібі бар, кітап жазу- дың тәртібі бар. Бізді ерекшелендіретін нәрсе – біздің ақыл қосып, тәртіпті, қағиданы (орысша айтқанда закон жанра) бұзғанымыз емес. Сол қағиданы біздің клиент- ке, сатып алушыға, бізді қоршаған адамдарға әдемірек, ұсынылғанын, оларға ыңғайлы болуын ойластыру. Сон- дықтан да осы ЗАТОК-тағы «Тәртіп бойынша» деген осыдан шыққан. Мысалыкітап жазудың өзіндік бір тәртібі бар, бірінші кіріспе немесе алғы сөзін жазасың, логикалық құрылымын сақтайсың.

Адамдардың басым бөлігі, қажетінше, тәртіп бойын- ша жұмыс жасамайтындықтан, кейінірек опық жейді. Өз ойын қосады, қалауын айтады. Ал, негізінде, Б.Мо- мышұлы атамыз: «Тәртіпке бас исең, құл болмайсың», – деп бекер айтпаған. Сондықтан да бастағалы отырған істің өзіндік қалыптасқан заңдылығы бар делік, егер бар болса, сол жолмен жүр. Басқа жолды іздеудің, жаңадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ.

Мысалы, бізде палау басудың тәсілі бар. Ал өзбек аға- йындарымыздың жүзжылдықтар бойында келе жатқан рецептураcы жеткілікті. Алматыға сол рецептурамен келген кезде, ішінде зирасы, бұрышы көп деп адамдар сын айтады да, тағамның рецептурасын өздері өзгертіп алып, одан соң: «Түф, Ташкенттің палауы дәмдірек еді», – деп мінейді.

Ал негізінде, бар заңдылықты сақтасаң, бұл палау да дәмді болар еді ғой. Дайындалу заңдылығын өзгерттің бе, демек, палаудың да дәмі бұзылады. Бізге де осы палауға байланысты талай сын айтылды, бірақ біз рецептурасын өзгерткен жоқпыз.

Әр нәрсенің өзінің бір тәртібі бар. Маркетингтің өз тәртібі, сатудың, кітап оқудың, мейрамхана ашудың, ре- зюме жасаудың да өз тәртібі бар. Айтпақшы, досым Әлі- шер Елікбаев жазған резюме жасау және берудің тәртібі- не байланысты қызықты мақаламен бөлісіп отырмын. QR кодты скрин жасап, оқып ал. Өте пайдалы мағлұмат көп.





Әлішер ЕЛІКБАЕВТЫҢ мақаласына сілтеме QR код

Мен жоғарыда айтып кеткен пікірді өшіру мен ақыл- ды қосуды дәл осы жерде пайдалану керек. Бұл жағдайда ешқандай пікір қоспаймыз. Сенің көмекшің Google, ма- ман және кітап.

ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН. Барлық жасайтын нәрсені ой- ластыр. Мысалы, тренинг жүргізген кезде, екі жерден led-экран қою керек пе, соны алдын ала ойластырып, заң және тәртіп бойынша екеу болғандықтан, жалдап алып, әкеліп қоясың. Міне, сол кезде тренингің де жақсы өтеді, келген адамдар да экрандағы мағлұматты жақсы көре алады.

КӨРІКТІ. (Әдемі). Әр жасаған жұмысың аяқталған болса, көзге де көрікті және жағымды болуы керек. Есіңе саламын, тауардың сапасы ғана емес, визуалды, эстети- калық маңызы да зор. Ал енді сызбаға назар аудар. Көп жағдайда ЗATOK қолданыста қалай жүретінін айтып бе- реин.



Әдетте, адамдар күш-қуатының 10%-ын заңды айна- лып өтуге, алдауға; 20%-ын істі қалай болса да, әйтеуір бастап кетуге, туындаған мәселелердің шешімін таппай, жұмыс жасай беруге; 60%-ын өз пікірін, ойын қосып, өз дегенінше жасауға жұмсайды. Ал соңында, нағыз ойла- натын жерде, жай ғана оның энергиясы жетпей қалады да, ұсынған тауарының сыртқы көрінісіне, көріктілігіне назар аудармайды. Бұндай жағдайда нәтиже болмайды. Сондықтан өз ойымызды, пікірімізді қоспаймыз.


Жасау және жақсы нәтиже




Ал ЗАТОК бойынша дұрыс жұмыс істегенде, бірінші үш пунктті дұрыс, заң бойынша жасасаң, оны алдауға не- месе бұзуға энергияңды жұмсамайсың, тәртіп бойынша жасайсың, өзің ойланбайсың, Internet-тен қарайсың не- месе маманның кеңесіне жүгінесің. Яғни, күш-қуатың, энергияң керек емес жерде ысырап болмайды. Ал нағыз ойланатын, пікір қосуға болатын кезде, энергиянды соған бағыттайсың, дегенінше жасауға жұмсайсың. Өмірімнен алынған тағы бір мысал. Бірде бухгалтер- лік есеп пәнінен мықты мұғалім үй жұмысына суретте көрсетілген тапсырманы берді. Бұл – есеп. Бірақ, ондағы сандардың бір бөлігі нақты емес, яғни оның орнына түр-



Ол болмайды,

Ана жерде былай екен... Оны анау істеп көрген... Анау былай деп айтты...

Менің ойымша...

Осылай бола береді...

Ұнайды / Ұнамайды...

Қымбат...

лі символдар жазылған. Келесі күні тәлімгерлердің 90%-ы үй жұмысын орындамай келді. Тырысты, түсін- ген жоқ, жасамады. Ал мен, ол адамның қатал мұғалім екенін, қитұрқы әрекеттерді жақсы көретінін білемім. Үй жұмысын қалай орындасам екен деп ұзақ ойландым, сөйтсем, жаңағы символдар компьютердің пернетақта- сындағы сандар екен.



Ойластырылған

& Aяқталған

Use the following information for Questions 19 - 20: An employer has computed the following amounts for its employee Mary during a week in January: gross wages $500.00; FICA tax withheld $3*Q%; federal income tax withholding $67.25; State income tax withholding $20.00; unemployment taxes $24.00; worker compensation insurance $5.00. The company does not provide health insurance, paid vacations, or any other benefits.

«Rumi» ашылғанда, қонақтарға ұсынылатын меню (ас мәзірінің тізімі) маған онша емес болып көрінді. Бізде та- мақтану орнын ашқан адамдардың 90%-ы менюдің қан- дай болу керек екенін өздері ойлап табады: ою салады, тағамдардың тізімін өзгертіп жазады. Түрлі мейрамхана- ларға барып, олардың менюлерін қарадым, тіпті Мәскеу- ден бірнешеуін ұрлап та алдым. Оны суретке түсіріп қа- рау бір бөлек, ал ұстап көру бір бөлек. Екі ай бойы мәзір қандай болуы керек деген ой мені мазалады. Осы менюге қатысты көптеген кітаптарды оқып шығып, зерттеп, ЗА- ТОК, нейромаректинг бойынша барлығын жасадым. Ке- лесі күні «Rumi»-дің сауда айналымы 25%-ға өсті.

ГЕОРГИЙ ЦУРЦУМИЯНЫҢ

ОЛИМПИАДАДАҒЫ ФИНАЛЫ:

БАРЬEP VS AДЫРАСПАН

Жеңіс жолында жүріп, үйренуді үйрендік, ты- рыспайтын болдық, жасаймыз, қабілетімізді анықтадық делік. Бұның барлығын бизнес жолында жүргендер кәсібін дамыту үшін, мамандар біліктілігін арттырып, мансабын жоғарылату үшін істейді. Бірақ мен адыраспандар мен барьерлерді (кедергілерді) ерекше атап өткен себебім, адамдар қаншама жерден білікті маман немесе мықты кәсіпкер бола тұра, өздерінің ады- распандары мен барьерлерінен жеңіліп қалады, демек, өз жеңісінен алыстайды.

Менің командамда керемет мамандар жұмыс іс- тейді, бірақ қырсық мінезі мен эгосының салдарынан кейбіреулерін қызметтен босатуға тура келді. Өз ісі- нің нағыз маманын командамнан шығару мағанда да оңайға соқпайтын. Біз жеңіс жолында жүріп, көптеген құрбандыққа барамыз, білім жинаймыз, шыңдаламыз, өзгереміз. Бірақ, аяғымыз адыраспандарға келгенде ша- лынады.

Спортта да дәл солай, осыған қатысты мысалым да бар. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Цур- цумия 2004 жылы Афинада грек-рим күресі бойынша финалға шығып, ресейлік палуанмен күреседі. Күрес екі раундтан, әр раунд үш минуттан тұрады, жалпы алты ми- нут жүреді.

Екi де нөл есебімен жеңіп келген Цурцумия жекпе-жек- тің аяқталуына бір минут қалғанда, күрестің ең қара- пайым «подсечка» деген әдісіне түсіп қалып, ұтылады.

Әрдайым күрестің ең қиын әдістерін үйренген, соларға қарсы әрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым әдіске ұсталып, жеңіліс тапқан.

Өмірде де бұндай жағдайлар орын алады. Өзіміздей қарсыласымыз ретінде өмір жолымызды көрсек, оны жеңу үшін мықты әдіс-тәсілдерді үйреніп, оларды пайда- ланамыз. Алайда, өкініштісі, 90%-ымыз «подсечкадан» жеңіліс табамыз. Бұл дегенім, адыраспандардан арыла алмаймыз.

Адыраспандармен күресу оңай емес, бірақ күн сайын өзіңмен жұмыс жасау арқылы, сенің оларға төтеп беруге мүмкіндігің бар, әрине ол үлкен күшті талап етеді. Әр- дайым олармен алысасың. Негізінде, бізді екінші қы- латын, біздің идеалды нұсқамыздан алыстататын – осы адыраспандарымыз. Кей кезде қырсықтығын ұстап, эгоң ойнап жатса, әрдайым ойыңда ұста: «Сен қазір не екінші боласың немесе бірінші боласың». Сондықтан да, екінші болмай, адыраспандарымызды жеңуге аса мән берейік.





Осы QR кодты сканерлеп Георгий Цурцумияның олимпиададағы жекпе-жегін көре аласың




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет