Білім мен ғылым министрлігі Алматы облыстық департаменті. «Қуат Терібаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
9 сынып оқушысы Нұрғазы Айдана Тақырыбы: «Қазіргі таңдағы мультфильмнің бала психологиясына әсері» Бағыты: психологиялық және тәрбиелік мәні.
Секциясы: психология
Жетекшісі: Г.К. Габидуллина.
Мақсаты: Қазіргі таңдағы мултьфильмдердің бала
психологиясына кері әсерін беретін
жағымсыз жақтарын көрсете отырып
алдын-алу және келешек ұрпаққа ой-өрісіне
кері тәрбие беретінін жеткізу.
Міндетім:Түрлі тәжрибелер жүргізе отырып әздену. Сауалнамалар алу. Ғаламтор желілерінен материалдар іздеу. Зерттеудің әдісі: Іздену Сауалнамалар алу. Тәжірибе жүргізу. Мультфильмнің шығу тарихы мен авторларына мағлұмат. Мультипликацияның тарихы ең алғаш Францияда 1877жылдың 20 шілдесінде инженер- өнертапқыш, суретші Эмиль Рейно шығарған.
Эмиль Рейноның алғашқы мультфильмі боялып,суреттелеген 15 минуттық қолмен пантомимо жасау арқылы көрсетілген. 1914 жылы Уинзор Маккей алғаш рет басты кейіпкері бар мультфильмді құрастырды. Ол кейіпкердің есімі Герти болатын. Балалар үшін Герти динозвар қызықты болды. Маккейдің Герти ойлап табуына студенттері көмектесіп, тіпті лентасын да жасаған. 1928 жылы атақты Уолт Дисней компаниясы Микки Маус есімді кейіпкері бар танымал мультфильмді жарыққа шығарса,
Қазақстанда ең алғашқы рет 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм шықты. Мултьфильмнің авторы қазақтың тұңғыш қазақ мультипликаторы, ұлттық анимация өнерінің негізін қалаушы
Әмен Қайдар.