Менің
кейбір
курстастарымның
институтты
бітіргеннен кейін салы суға кетті. Өміріңнің бес жылын
арнаған мамандығыңның ендігі жерде керек болмай
қалғаны əрине, жанға батты. Заман өзгерді, бірінші
кезекке басқа құндылықтар, басқа мамандықтар шықты.
Алайда, бұл – өмір. Кеңестік тоқырау кезеңі аяқталды,
енді барлығы қарыштап дамиды деген ойға келдім. Заман
осындай қарқынмен алға басып жатқанда, өзімді
өзгертпесем, ештеңе шықпайтынын түсіндім. Жетістікке
жету үшін міндетті түрде нарықтық жағдай мен хал-
ахуалға бейімделу керек.
Нарықтың қажеттіліктерін
ескермей, өз ойларымен жəне тілектерімен өмір
сүретін адамдар сұранысқа ие өнім жасай алмайды.
Оның үстіне, əлемде күн сайын жаңалықтар ашылып
жатқанда, міндетті түрде соңғы беталыстардың аңысын
аңдап, ұдайы біліктілігіңді арттырып отыру керек.
«Күн
сайын жасауымыз керек басты жұмыс – ол өзінді
дамыту»
деген пікірді ұстанамын.
Достарыңызбен бөлісу: