Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


қарамастан, өз өмірін өзі жасауға талпынуы тиіс



Pdf көрінісі
бет5/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

қарамастан, өз өмірін өзі жасауға талпынуы тиіс.
Олардың қолдауына сеніп, ағыспен жүре беруге
болмайды.
Бұл тұрғыдан маған АҚШ-тың тəжірибесі ұнайды.
Онда мұраға арнайы салық салынады, ол 50 пайыздан
астамын құрайды. Америкалық қоғам жатып ішерлер мен
жалқауларды тəрбиелегісі келмейді. Елестетіп көріңізші,
Билл Гейтс бүкіл дəулетін мұрагерлеріне қалдырса, олар
мүлдем саусақтарының ұшын қимылдатпастан, жұмсап
жатар еді. Мотивация болмаса – əрекет те жоқ. Сондықтан
балаларға өмірде дұрыс бағдар беру – аса маңызды.
Екінші сабақ
Тіл табыса білу жетістікке жетелейді
Өзімнің басты институтым – «Өмір мектебіне»
алғысым шексіз. Оның сабақтары мені əртүрлі
адамдармен тілдесуді үйретті. Қазір балалардың көшеге аз
шығатынын, 
үлкендерді 
былай 
қойғанда, 
тіпті
қатарластарымен де онша араласпайтынын байқаймын.
Осының бəрі коммуникацияның қазіргі шектеусіз
мүмкіндіктеріне қарамастан орын алып отыр.


Жатақханада 
тұрғандықтан, 
біз 
бəріміз 
тату,
ұйымшыл 
болып 
өстік, 
аулаға 
жиналып 
алып,
үлкендермен де, кішілермен де қоян-қолтық араластық.
Футбол ойнағанымызда алдыңғы толқын ағалар жасымыз
кіші деп, жеңілдік жасамайтын. Сондай мамыражай,
ешкім ешкімді алдамайды, аяқтан шалмайды, бір-біріне
қастық 
ойламайды. 
Біз 
ешкім 
жасанды 
əлем
тұрғызбайтын шынайы өмірді сүрдік. Ал қазір кейбір
ата-аналар балаларын кез келген қиындықтан
қорғаймын деп, оларға қалқан болып, осылайша,
перзенттерін əлсіз етіп өсіруде.
Балалық шағымызда
аулада ойнап, алған қасиеттерім мен машықтарым маған
ақкөңіл əрі тіл табысқыш болуға, кез келген жастағы
адамға жақындаудан қорықпауға, сөйлескенде өзімді
жайлы сезінуге көмектесті.
Мен əрдайым көпұлтты ортада өмір сүріппін. 50-ші
жылдары біздің облысқа КСРО-ның түкпір-түкпірінен
тыңды көтеруге көп адам келді. Олардың көпшілігі
осында қалып, сан түрлі мəдени ортаны қалыптастырды.
Міне, мен осындай ортада өстім. Қазақстан – менің бала
кезімдегідей, қазір де өте ашық, өзгені сыйлай білетін
мемлекет. Мұнда өзіндік мəдениеті, діні бар 130-дан астам
ұлт тату-тəтті өмір сүріп жатыр. Осының арқасында бала
кезімнен адамдардың ұлты мен тіліне қарамастан, ешкімді
жатырқамай өстім. Бұл тəжірибе өмірде де, бизнесте де
өсуіме көп көмегін тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет