Арманжан Байтасов
бизнесмен, журналист,
Forbes Kazakhstan журналының баспагері
Ата-анама арналады.
АЛҒЫ СӨЗ
Соңғы
жылдары
мені
бизнес-форумдар
мен
студенттерге арналған дəрістерге спикер ретінде жиі
шақырып жүр. Осы кездесулер барысында маған жиі
қойылатын сұрақ: «жетістікке қалай жеттіңіз?». Алайда,
бар болғаны екі сағаттың ішінде бүкіл ұстанымдарым мен
амалдарым жайлы жəне өмірлік тəжірибем туралы айтып
беру мүмкін емес. Осыны түсінген жандар кейін маған
ерекше ұсыныс жасады. Яғни студенттер, стартаперлер,
кəсіпкерлер, жалпы қай салада болмасын үздік атанғысы
келетіндер, сондай-ақ балаларын өз бетімен өмір сүретін,
парасатты əрі іскер адам етіп тəрбиелегісі келетін ата-
аналардың толғандырған сұрақтарына барынша егжей-
тегжейлі жауап беретіндей кітап жазу туралы ұсыныс
түсті.
Менің бала кезімнен ұстанатын қағидам – «жан
аямай, жарық шаш, оныңа сый дəметпе» деген
сыныбымыздың ұраны. Сондықтан жастарға дұрыс
бағытты таңдап, табысты болуына көмектесуді өзімнің
жеке миссиям деп білемін.
Бұл кітапта ата-анам мен тəлімгерлерімнің мені қалай
тəрбиелегені жəне бала кезімнен бойыма сіңген қандай
құндылықтардың тұлға болып қалыптасуыма септігін
тигізгені туралы сөз етемін. Ең бастысы, кəсіптерімді
кезінде
қалай
бастағаным,
қайда
оқығаным,
жетістіктерімді қалайша жоспарлағаным, сондай-ақ
қандай қателіктерге бой алдырғаным (сіздер оларды
қайталамассыздар деп үміттенемін) туралы бүкпесіз
айтып беремін.
Мен əрдайым өзгелерге талап қоймас бұрын, алдымен
ондай қасиетті өз бойымнан іздеймін. Сондықтан
студенттермен
немесе
кəсіпкерлермен
кездескенде
«табысты бизнесті қалай құру керек?» деп сұрағанда,
аудиториядағыларға «осындағы қайсысың күнделік
толтырасыңдар?» деген қарсы сауал қоямын. Əдетте
жиналғандардың 5-10 пайызы ғана қол көтереді. Біле
білсеңіздер, тұлға болып қалыптасуда күнделіктің пайдасы
зор. Əр күнінің қалай өткенін қағаз бетіне түсіріп
отыратындар, өзгелерге қарағанда нəтижеге тезірек қол
жеткізеді.
Маған өзімнің тəжірибем көрсеткендей, жетістікке
жетудегі негізгі құрал əрі сізге бақытты болуға
көмектесетін, ол – жоспарлау. Ал бақыттың дəмін адам
сүйікті
ісімен
айналысқанда,
дені
сау
болып,
жақындарымен жəне достарымен тілдесіп, жаны
жадырағанда, əріптестердің, достардың, туыстардың
сенімі мен құрметіне лайық болғанда ғана шынайы
сезінеді. Мен адамның бақыты – барлық саладағы
үйлесімділік пен шаттықта деген пікірдемін. Сондықтан
«Жетістікке жету Күнделігінің» көмегімен өмірде тепе-
теңдікке қол жеткізуге кеңес беремін. Мұндай күнделікті
өз басым 12 жасымнан бастап жазып келемін.
Ойлаңызшы,
Қостанай
облысының
Қамысты
ауылынан шыққан қазақтың қарапайым баласы өз
компаниясының
өнімдері
бүкіл
əлемдегі
ірі
корпорациялардың сұранысына ие болып, кейін осы
тəжірибесімен жеке кітабы арқылы бөлісуді армандап па
еді?!
Бүгінде мен əлемдегі өмір сүру деңгейі мен бизнес
жүргізуге оңтайлы үздік елдердің бірі – Сингапурда
тұрамын. Бұл елдің дамуы мен экономикасының
қарқынды өсімі көпке үлгі боларлықтай. ARMAN деп
аталатын
компаниямның
штаб-пəтері
Сингапурда
орналасқан.
Армандарым мен жетістіктерім жайлы айта отырып,
өзімнің басты нəтижем, қажырлы жұмыс пен дұрыс
жоспарлаудың көрсеткіші болған ARMAN холдингін
мысалға келтіріп отырамын. Холдинг – өнеркəсіптік
кəсіпорындарға арналған жедел-технологиялық байланыс
өндірісін өз бетімен қолға алған ТМД-дағы алғашқы
компаниялардың бірі. Менің арманымнан туған компания
биыл өзінің 16 жылдығын атап өтеді. Энергетика жəне
телекоммуникация саласындағы өндіруші əрі жеткізуші
болып табылатын, Ресейде, Қазақстанда, Сингапурда,
Германияда, БАƏ мен Үндістанда өкілдіктері мен өндіріс
орындары бар.
Əрбір жан шын мəнінде өзі армандаған адамға,
тұлғаға айнала алады. Бұлай деуіме менің өмір жолым
дəлел бола алады. Себебі, жоқтан бар жасай алдым,
дəлірек айтқанда табысты бизнес құра алдым. Көзқарасы
ортақ пікірлестер мен экстра санаттағы мамандардың
мықты
командасын
жасақтап,
бір
мақсатқа
жұмылдырдым. Біз бірігіп, əлемде сұранысқа ие жетілген
жоғары технологиялы өнімді жасап шығардық. Тəжірибем
көрсетіп отырғандай басты актив – ол шикізат немесе
ресурстар емес, адамдар жəне олардың білімі мен кəсіби
біліктілігі.
Менің өмір жолым – сізді армандарыңызға жетуге
қанаттандырса, қуанышымда шек болмайды. Демек, менің
кітабым бекер жазылған жоқ жəне осы əлемді
жақсартатын табысты адамдардың қатарын толықтыратын
дəл сіз болмақсыз!
Ізгі тілекпен, Серікбай Бисекеев
|