Бəрі спорттан басталады
Бала кезімде мінез-құлқымның жəне жан дүниемнің
қалыптасуына спорттың көп көмегі тиді. Барлығы 7
жасымда басталды, ол кезде мен бокспен шұғылдануды
армандайтынмын. Алайда, оған жасым жетпеді. Кеңес
заманында спорттың бұл түріне бала қалыптасып, өз
қимылын саналы түрде басқара алатын 12 жасқа толғанда
ғана алатын. Мен бокспен айналысудың өзіме қажет
екенін айтып, ата-анамды көндірдім. Олар болса,
бапкерден жасымның кіші болғанына қарамастан, мені
қабылдауын өтінді. Өз арманымды жүзеге асырып,
осылайша алғашқы жеңісіме жеттім.
Боксқа деген қызығушылығым өмір бойы басылған
емес, мүмкіндік бола қалса, əлі күнге дейін айналысып
тұрамын. Ал бала кезімде бокстың арқасында өзіме деген
сенімділікті арттырдым. Əрине, бастауыш сыныптарда
бойдағы
буырқанған
күш-қайраттың
салдарынан
достарыммен ойнап, түрлі еркеліктерге бой алдырдым,
тəртібіме қатысты ескерту де алып тұратынмын. Одан
бөлек, оқу үлгеріміме де зардабы тиді. Ата-анам болса
уайымдап, «ұлымызға нашар тəрбие беріп жүрміз» деп
қынжылды. Сол себепті төртінші сыныпта өзімнен жасы
үлкен достарымның бірінің ұсынысымен боксты
баскетболға ауыстырғанымда, əке-шешемнің қуанышында
шек болмады.
Достарыңызбен бөлісу: