Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Кəсіби шеберлермен дос болудан



Pdf көрінісі
бет25/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Кəсіби шеберлермен дос болудан
қысылмаңыз
Стокгольм бизнес-мектебінде өте жүйелі түрде
берілген озық білімдерден басқа, маған арнайы
экономикалық компьютер ойындары ұнайтын, онда
виртуалды түрде кез келген компанияның даму барысын
жасауға 
болады. 
Ақтық 
кезеңде 
бізге 
берілген
тапсырмалардың бірінде сондай ойын болды: кəсіпорын
директорының рөлінде өз бизнесіңнің 20-30 жылдық
өмірін үш-төрт сағат ішінде көз алдыңа елестетесің.
Өндіріске, маркетингке, ілгерілеуге, зерттеуге жəне т.б.
қанша қаражат құятыныңды компьютерге енгізесің де,
өзіңнің ұзақ мерзімді басқарушылық шешімдеріңнің
қандай нəтижеге əкелетінін көресің. Бизнестің барлық
басты экономикалық көрсеткіштері енгізілген осы
компьютерлік ойынның арқасында мен өз компаниям үшін
іс жүзінде тиімді стратегияны қалай құру керектігін
көрдім. Осы ойында алған сабақтарым да өмірде табысты
болуға көмектесті.
Əрине, қазір ғаламтордың дамуына байланысты
білімнің қолжетімді болғаны соншалықты, оны үйіңнен
шықпай-ақ алуға болады. Мұнымен міндетті түрде
бастапқы кезеңде айналысуға кеңес беремін. Алайда,
жақсы бизнес-мектептегі дəріс өмірдің ерекше ырғағын
бойыңа дарытады, оқуға деген құлшынысыңызды
арттырады, соның нəтижесінде сіз күн сайын жаңа
əлденеңе біліп отыруға үйреніп кетесіз. Дегенмен
бастысы: мұның бəрі сіз сияқты өмірден көп нəрсеге қол
жеткізгісі келетін, белгілі бір қызықты жобалар жасайтын,
жаныңызға жақын адамдармен байланыс орнатуға,
танысуға мүмкіндік береді.


Ондай адам – мен үшін көрнекті тұлға, маркетинг
ұстазы Самвел Аветисян. Осыған дейін айтқанымдай,
оның ізімен мен Стокгольм бизнес-мектебіне оқуға
бардым. Ол жасаған «Техношок», «Дарья», «Тинькофф»
брендтері ресейлік маркетингтің тарихына кірді. Мен одан
сəн жасау мен ілгерілеуге қатысты көптеген нəрселерді
үйрендім.
Сізге дамуға жаңа қарқын бере алатын мұндай бірегей
қызықты тұлғаларды бизнес-мектептерде кездестіруге
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет