524
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
1952 жылғы қазан айында билеуші партияның ХІХ құ-
рылтайы шақырылған. Саяси қуғындалғандар оған зор үміт ар-
тып, рухани жылымық күткен-ді. Амал не, күткені болмады.
Коммунистер құрылтайы, «барлық халықтардың ұлы көсемі»
атанған И.В. Сталиннің
«Социализмге біржола көшер қарсаңда
КСРО-ның өз ішінде және сыртында таптық күрес күшейе
түсіп, қоғамның идеологиялық жауларының қарсылығы барын-
ша өршеленеді...»
деген теориялық жаңа қағидасын саяси бағыт
етіп қабылдады. Соған орай буржуазиялық-ұлтшылдыққа
шалынғандар тобын біржола құрту шаралары бұрынғыдан да
күшейе түскен.
Бұл жолы нысанаға ұлт қайраткерлерінің ең көр нектісі, әдеби
еңбектері Одаққа ғана емес, шетелге де кеңінен мәлім (сол қар-
саңда 22 тілге аударылған) аяусыз сыналса да, ғылыми әріптестері
ұшыраған жойқын дүрмектен тысқары қалып келген, бұрынғы да,
қазіргі де әрекет-пиғылымен «Бас ұлтшыл» әрі «Жас қазақтардың
рухани көсемі» атанған Мұхтар Омарханұлы Әуезов іліккен-ді.
Орталық Комитеттің кәнігі идеологтары (Былтырғы науқанда
орнынан босаған көңіл
шек І. Омаровты тегеуріні мық
тырақ
қайраткер дақпыртына ие Мұхамеджан Сужиков ауыстырған) бұл
жолы тыңғылықты әзірлік жасаған. Анығында жаңа науқанға
мұрындық болмақ мақаланы орысшаға аудартып, әлеуметтік
мән-бағытын тереңдетіп, өткірлігін ұштап сан мәрте түзеттірген.
Тіпті соны қайда, қай уақытта жариялау жөнін де өзара кеңесіп,
ақырында өздері нұсқаған.
«...ХХІ съезд призвал, неустанно развертывая критику и са-
мокритику, вести непримиримую борьбу со всякого рода полити-
Достарыңызбен бөлісу: