594
Медеу СӘРСЕКЕ
дарланып шықты. Тап қазір қақ маңдайда, «Қуа ныштымын бұл
сапарға!» деп құптап тұрғандай...
«Ненің қуанышы? Сағыныш па? Сағыныш болса – мынау кең
көсілген дала, анау жақпар тасты биік тау іңкәр көңілдің жай-
лауы шығар? – Есіктің әйнегін кеңірек түсіріп еді, салқын ауа
бетін жуып, сау-сау құйыла бастады. Арқаның дару самалы. Бұ
да жанын тебіренткендей, маңдайын емірене сипаған ата-ананың
жұмсақ алақанындай сезілді. – Самал жел, сені де сағындым.
Туған жердің шәрбат ауасы, саған да құштармын бүгін!..»
Осы ма еді көкейінде тұнған сыр? Көптен бері жүрегін
лүпілдеткен сағыныш жыр? Айырған жоқ, шамасы да келмеді.
Күм бір леген әнге айналып құйқылжи төгілсін:
«Шықшы тауға, қарашы кең далаға:
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?!»
Машинаның артқы креслосында қалғып отырған Бөпежан,
ғалымның даусы оқыс шыққанда селк етіп, алдына қараған: ма-
нағы бір әзірде көз ұшында бұлдыраған көкшіл таудың оқшау
басы одырайып жақындай түскен, етегіндегі қалың тал да дара-
ланып айқын көріне бастапты. Алабас екенін айнытпай таныды.
Ғалымның ата қыстауы – осы таудың арғы бауырында, қол созым
жер.
Достарыңызбен бөлісу: