Сертификаттау


Бақылау және өлшеу құралдарын таңдау (ГОСТ 14.306-73)



Pdf көрінісі
бет139/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Бақылау және өлшеу құралдарын таңдау (ГОСТ 14.306-73)
 
Таңдау  техникалық  бақылау  (ТБ)  үрдістерінің  берілген  көрсеткіштерді 
қамтамасыз  етуіне  және  бақылау  үрдістерін  жүзеге  асыруға  кететін 
шығындарды  талдауға  негізделеді.  Міндетті  ретте  өлшеудің  дәлдігі, 
дұрыстылық,  еңбек  сыйымдылығы,  бақылау  құны,  қосымша  параметрлер  – 
бақылаудың  көлемі,  периодтылығы,  жалғасымдылығы,  толықтылығы  есепке 
алынады. 
Сызықтық  өлшеу  (СӨҚ)  және  бақылау  (СБҚ)  құралдарын  контакттік  (К) 
және  контактсіз  (Б),  автоматты  (А)  және  автоматтық  емес  (Н)  деп  бөледі. 
Сызықтық  өлшеу  үшін  өлшеу  аспаптарына  өлшеу  және  орнату  базалары, 
есептік  құрылғысы  бар  өлшеу  түрлендіргіштері  жатады.  Орнатылған  есептік 
құрылғысы  бар  алынбалы  өлшеу  түрлендіргіштерін  әдетте,  өлшеу  басшалары 
деп  атайды.  Осы  тұрғыда  автоматты  өлшеу  құрылғыларында  өзі  жазатын 
немесе сан басып шығаратын сандық есептер болуы мүмкін. 
Автоматты  бақылау  құралдарын  бақылау-өлшеу,  бақылау  өлшеу-саралау 
автоматтарына  және  жартылай  автоматтар  мен  активті  (басқарушы)  өлшеу 
бақылау  құралдарына  бөледі.  Автоматты  емес  өлшеу  құралдарын  есептік 
құрылғылардың  (штрихтық,  сандық,  тілшелік  және  түстік)  типтеріне  қарай 
бөледі.  Шкалалар  сызықтық,  бұрыштық  және  дөңгелектік  болуы  мүмкін. 
Бақылау және өлшеу құралдары бір өлшемді (бұйымдағы бір өлшемді өлшейді) 
және  көп  өлшемді  (бұйымдағы  бірнеше  өлшемді  өлшейді)  болады.  Барлық 
өлшеу  құралдарын  олардың  тағайындалуына  сәйкес  әмбебап  және 
арнайыландырылған деп бөлуге болады. 
Өлшеу  құралдарын  таңдаудағы  маңызды  қорытынды  мәліметтеріне: 
өнімділігі,  рұқсат  етілетін  қателігі,  өлшеу  шегі,  өлшенетін  бөлшектің 
механикалық 
сипаттамалары 
(массасы, 
көлемі, 
беттің 
қаттылығы, 
құрылымының  қатаңдығы,  беттің  кедір-бұдырлығы,  бақыланатын  беттің  қол 
жетімді болуы), эксплуатациялау шарттары жатады. 
Бақыланатын  бұйымдардың  үлкен  партияларына  автоматты  өлшеу 
құралдарын  қолдану  қажет.  Бұл  –  компьютерлендірілген  бақылау-өлшеу 
құралдары (БӨҚ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет