Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет166/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

4.  Фотоэлектрлік 
–  жұмыс  істеу  принципі  төмендегідей,  ақпаратты 
электрлік  сигналдарға,  түрлендіретін  фотоэлементке  өлшеу  ағзасын 
орналастыру туралы ақпарат жарықтық сигналдар түрінде келіп түседі. 
Оптикалық  өлшеу  құралдары  ретінде  өлшеу  растрларын,  дифракционды 
торларды,  штрихтық  өлшемдерді,  кодтық  торларды,  толқын  ұзындықтарының 
шкалаларын пайдаланады. 
 
5.5 Ақпаратты өлшеу жүйелері 
 
Ақпараттарды 
алудың 
дәлдігі 
мен 
кешенділігіне 
талаптардың 
жоғарылауымен  соңғы  уақытта  бірыңғай  аспаптарды  пайдаланудан  өлшеу 
жүйелеріне,  соның  ішінде  өздігінен  орнатылатын  жүйелерге  өту  тенденциясы 
байқала  бастады.  Ақпараттарды  қайта  өңдеу  үшін  өлшеу  жүйелерінде 
микропроцессорлар  қолданылды,  активті  басқару  жүйесі  жетілдірілді,  жұмыс 
істейтін  технологиялық  комплекстерде  (ЖТК)  өлшеу  жүйелері  дамытылды, 
ақпаратты-өлшеу  жүйелерінің  (АӨЖ)  пайда  болуына  алып  келетін  сандық 
бағдарламалы басқару (СББ) үрдістерді өлшеуде қолданылды. 
Ақпаратты-өлшеу  жүйесі  –  бұл  объект  дәлдігінің  жағдайы  туралы  қажетті 
өлшеу  ақпараттарын  бір  уақытта  алуды  қамтамасыз  ететін  өлшеу 
құрылғыларының жиынтығы.
 
АӨЖ-нің  қызметі  бөлек  өлшеу  құрылғысының  қызметіне  өлшеу 
объектісінің  параметрлерін  бөліп  алу  мақсатымен  оларды  жекеше  түрде 
қабылдау  емес,  керісінше,  объектінің  барлық  басты  параметрлерін  біріктіріп, 
оның  толық  сипаттамасын  жасау  болып  табылады.  АӨЖ-нің  айрықша 
ерекшелігі  –  өлшеу  объектісінің  көптеген  параметрлерін  бір  уақытта 
комплекстік  түрде  өлшейді  және  алынған  мәліметтерді  қолдануға  ыңғайлы 
түрде көрсететін бірыңғайландыру орталығына өлшеу ақпараттарын жібереді. 
АӨЖ-н  жасау  жүйелік  сұрақтарды:  өлшейтін  шама  түрлеріне  қатыссыз 
датчиктерді, түрлендіргіштерді, нұсқағыштарды және т.с.с – өлшеу құралдарын 
метрологиялық унификацияландыру, АӨЖ-не кіретін әртүрлі өлшеу құралдары 
арасындағы  қателіктерді  оптималды  түрде  бөлу,  операторлардың  алдында 
нұсқағыштарды мақсатты түрде орналастыру және т.б. шешумен байланысты. 
Датчиктер  өлшеу  объектісінің  әртүрлі  параметрлерін  қабылдайды  және 
сигналдың 
байланыс 
каналдары 
бойынша 
мәліметтерді 
жинайтын 
бірыңғайландыру пунктіне жібереді.  
Бағдарламалық құрылғы датчиктердің ақпараттарын қабылдайды және оны 
ақпараттарды алушыға жібереді. 
АӨЖ-де  бір  уақытта  аспаптардың  барлық  көрсеткіштерін  бірден 


 
148 
қабылдауға  жиі  жағдайы  келе  бермейтін,  аса  жүктелген  буын  бұл  ақпаратты 
алушы  болып  табылады.  Оның  жұмысын  жеңілдету  үшін  мнемотикалық 
сұлбалар  қолданылады,  яғни  аспаптары  шартты  сигнал  бергіштермен 
алмастырылған  өлшеу  объектісінің  сұлбалық  көріністері.  Әдетте  сигнал 
бергіштер тек нормадан ауытқығын өлшеу параметрлерін көрсетеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет