Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет187/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

6.6 Өлшеу әдістемелері (ӨӘ) 
 
ҒТҚ  құрылымына  ӨӘ-ға  міндетті  түрде  тек  метрологиялық  мамандарға 
қоса,  құрастырушы  және  технологиялық  қызметтегі  мамандарды  да 
жұмылдыру  керек.  ӨӘ  типті  және  жеке  болып  бөлінеді.  Типті  ӨӘ  бірнеше 
нұсқаларды:  қолданатын  әдістерді,  құралдарды  және  өлшеудің  шарттарын, 
нәтижелерді  көрсету  қалыптарын,  дайындау  және  өлшеуді  орындау 
алгоритмдерін  қарастырады,  яғни  олар  жеке  ӨӘ-ға  қатысты  талаптарды 
қамтиды.
 
Стандарттау  мен  аттестация  –  әртүрлі  ӨӘ  реттеуші  қалыптары.  Типті  ӨӘ 
стандарттауды талап етеді. Жеке ӨӘ аттестациядан өтуі тиіс. 
Жеке ӨӘ операторы қолданатын арнайы ережелерді бекітеді, сонымен қатар 
өлшеу  шарттары,  құралдары  және  әдістеріне  арнайы  талаптар  қояды  және 
өлшеу  дәлдігінің  көрсеткіштері  сандық  мәні  ретінде  өлшеу  қателігіне  баға 
беріледі. 
ӨӘ  аттестациясы  –  құралдар,  шарттар,  объектілерге,  мақсаттарға  және 


 
166 
өлшеу алгоритмдері мен өлшеу дәлдігіне әсер ететін басқа факторларға нақты 
талаптар орнататын жұмыс құжаты. 
Осы  құжаттағы  талаптардың  сақталуы  құжаттағы  көрсетілген  өлшеу 
қателігінен аспайтынын қамтамасыз етеді. 
МСТ  8.010-72  бойынша  метрологиялық  аттестация  –  осы  әдістемемен 
сәйкес  өлшеу  дәлдігі  көрсеткіштерінің  мәндерін  анықтауға  бағытталған 
зерттеулер. Аттестация кезінде өңдеу кезіндегі байқалған өлшеу қателігіне әсер 
ететін шарттар мен құралдарға қойылған талартарды дәлдеу жүргізіледі. 
ӨӘ  өңдеу  кезіндегі  негізгі  талаптар.  Өлшеу  нәтижесін  талап  етілген 
дәлдікпен алу үшін: 
– Өлшеу объектісін өлшеуге даярлау; 
– Өлшеу шарттарын даярлау; 
– Өлшеу құралдары мен өлшеу әдісін, қосымша құралдарын таңдау
– Өлшеу құралдарының құрамы мен құрылымын даярлау
– Өлшеу құралдарын қосу сұлбасын құру; 
– Өлшеуді жүргізу тәртібін анықтау; 
– Бақылау нәтижесін өңдеу және өлшеу нәтижесін табу әдісін таңдау сияқты 
ережелер мен нормаларды қамту керек. 
ӨӘ-ға ҒТҚ рәсімдеу. ӨӘ-да ҒТҚ келесі негізгі бөлімдерді қосады: 
1) ӨӘ қолдану аймағы мен қызметі. Өлшеу үшін қандай параметрлер және 
қандай  режимдерде  ӨӘ  бекітілген,  қандай  диапозонда өлшенетін  параметрлер 
мен мөлшерлер өзгеруі мүмкін; 
2) Өлшеу құралдары, қосымша қондырғылар ӨҚ үшін қолданатын дананың 
типі мен нөмірлері, оларға талаптарды реттейтін ҒТҚ көрсетіледі. Бұл ҒТҚ -да 
ӨҚ  тексеріс  аралық  интервалдары  көрсетілуі  тиіс.  Көп  жағдайда  ӨҚ 
метрологиялық  сипаттамалар  тізімі  беріледі,  олар  бойынша  өлшеу  дәлдігін 
қамтамасыз ететін ауыстыру жүргізіледі; 
3) Өлшеу әдісі; 
4)  Дайындау  операциясы  алгоритмі  және  өлшеуді  құру.  Өлшеу  объектісіне 
дайындау талаптарын қосады. Үрдіс кезінде техникалық құжаттарды тексеруді, 
жұмыс 
жағдайына 
басқарудың 
барлық 
органдарының, 
қосымша 
қондырғылардың қосылуы, дайындығы қарастырылады; 
5) Оператор біліктілігіне талаптар
6) Қауіпсіздік техникасына талаптар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет