Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет199/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

2)  Климаттық  сынаулар.
  Қиын  климаттық  полярлық,  тропикалық, 
шөлейттік және т.с.с. жағдайларда көптеген объектілер қалыпты жұмыс жасау 
қажет.  Оларға  климаттық  әсерлер  температура,  ылғалдылық,  ауаның  қысымы 
және т.б. әсер етеді. 
Климаттық сынаулар: 
– Температураның циклдік өзгеруі, ол қоршаған ортаның температурасы өте 
төменгіден өте жоғары температураға тез өзгеруі
– Ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты температураның өзгеруі; 
– Атмосфералық концентрлік қонулар (шық және қырау); 
– Атмосфералық түсетін жауын-шашындар (жауын); 
– Тұздық (теңіздік) тұман және басқа агрессивті орта
– Суға және шаңға қорғанушылығы сияқты әсерлер бойынша жүргізіледі. 
Сынауды екі топқа бөлуге болады. 
Бірінші  топ  –  әсер  ететін  факторлардың  шекті  мәні  кезіндегі  пайдалану 
параметрлерінің тұрақтылығына сынау. Екінші топ – әсер ететін факторлардың 
жіберілетін  шекті  мәні  кезіндегі  сапа  көрсеткіштерінің  тұрақтылығына  сынау. 
Бірінші  жағдайда,  бұйымды  пайдалану  кезінде  параметрлер  берілген  мәндер 
шегінде  болуы  тиіс,  екінші  жағдайда  сынау  біткеннен  кейін  де  пайдалану 
параметрі, сыртқы түрі және басқа көрсеткіштері өзгеріссіз қалу тиіс. 
Қоршаған  ортаның  температурасы  200°С  қыздырылған  немесе  –100°С 
төмен  түсіре  алатын  термостатты  немесе  креостатты  арнайы  камераға  сынау 
объектісін  орналастырып,  температураның  өте  жоғарылауына  немесе  өте 
төмендеуіне  сынау  жүргізеді.  Техникалық  шартта  температураны  өзгерту 
жылдамдығы,  ұстап  тұру  уақыты  және  т.с.с.  сынау  режимдері  көрсетіледі. 
Мысалы  оптикалық  құралдардың  бір  бөлігін  +37°С  температураға  дейін 
қыздырса,  келесі  бір  бөлігін  –40°С  температураға  дейін  суыту  арқылы 
температураның ауытқуына сынау жүргізеді. 


 
181 
Температураны  25°С  дейін,  ауаның  ылғалдылығын  98%  дейін  көтеріп, 
буландыру 
жолы 
арқылы 
гидростат 
камерасында 
ылғалдылықтың 
жоғарылауына  немесе  төмендеуіне  сынау  жүргізуге  болады.  Сынау 
объектісінің  ішінде  бір  уақытта  ылғалдылықтың  және  температураның  түсуі 
ішкі  және  сыртқы  беттерге  шықтың  немесе  қыраудың  түсуіне  әкеліп 
соқтырады. 
Судан  қорғанушылыққа  сынауды  жаңбырлатқыш  камераларда  әртүрлі 
бұрыштан  суды  жіберу  арқылы  жүзеге  асады.Объекті  су  шашқыштан  1,5-2  м 
қашықтықта орналасады. Су шашу 30минуттан кем уақыт аралығында болады. 
Тұздық  (теңіздік)  тұманмен  сынау  объектісін  сәйкес  ерітіндімен 
бүріккіштерден шашу арқылы іске асады. 
Шаң  және  құмның  әсеріне  төтеп  беру  тұрақтылығына  сынау.  Камерада 
белгілі  бір  шамада  болатын  шаңның  шамасы  бақыланып  отыратын  қажетті 
шаңтозаңдық орта тудырады. Сынау статикалық немесе динамикалық болуы да 
мүмкін.  Динамикалық  сынау  болған  жағдайда  объектіні  құрамында  тас,  құм 
және саз бар ауа ағынын қысыммен береді. Ұшырылып отырған бөлшектердің 
өлшемі  50  мкм-ден  кем  болмауы  тиіс.  Сынау  процесі  барысында  ауа 
бағытының  қысымы  мен  бөлшектер  мөлшерін  бақыланып  отырады.  Сынау 
біткен  соң  оъектінің  ішіне  түскен  шаңның,  ішкі  және  сыртқы  бұзылуын, 
жұмысқа  қабілеттілігін,  жалпы  объектінің  ішін  және  сыртын  мұқият 
бақылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет