Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет239/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
9.4 Сапа жөніндегі басшылық 
 
Сапа жүйесін енгізу сапа жөніндегі басшылықты енгізуден басталады. 
Сапа жөніндегі басшылықтың негізгі тағайындалуы сапа жүйесін және оны 


 
228 
құраушы  жүйелерін  жалпы  сипаттау  (сапаны  жоспарлау,  сапаны  басқару, 
сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту) болып табылады. 
Сапа жөніндегі басшылық – бұл негізгі мазмұны мекеме туралы мәлімдеме 
беретін басты концептуалдық құжат, оның визит карточкасы болып табылады. 
Сапа  жөніндегі  басшылық  сапа  жүйесін  енгізу  кезінде,  оны  жұмыс  және 
жетілдірілген күйінде ұстау кезінде тұрақты түсініктеме материал функциясын 
атқарады. Ірі кәсіпорындарда сапа жөніндегі басшылықтың иерархиясы болуы 
мүмкін: 
– сапа бойынша жалпы басшылық
–  әртүрлі  өндіріске  арналған  сапа  бойынша  басшылық  (өнім  түрлері 
бойынша); 
– әртүрлі бөлімшелерге арналған сапа бойынша басшылық
–  өндірістің  және  онымен  байланысты  жобалау,  материалды-техникалық 
жабдықтау  функцияларының  әртүрлі  сатыларына  арналған  сапа  бойынша 
басшылық. 
ИСО  9001  стандартына  сәйкес,  сапа  жүйесі  келесі  элементтерден  тұрады. 
Олардың  әрқайсысы  Сапа  жөніндегі  басшылықтың  сәйкес  бөлімінде 
сипатталады: 
1. БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
2. РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТ 
3. ӨМІРЛІК ЦИКЛ ПРОЦЕСТЕРІ 
4. ӨЛШЕМДЕР, АНАЛИЗ, ЖАҚСАРТУЛАР 
2000  жылғы  нұсқасында  1994  жылғы  нұсқада  бар  20  пункт  алынып 
тасталған. Бірақ олар қосымша 4 ұсынылған бағыттарға кіреді. 20 пункт туралы 
нақты мәліметті процестік әрекеттің үздіксіздігін көрсету үшін алып тасталды. 
Бірақ  сапа  жөніндегі  басшылықты  құрудың  ыңғайлылығы  үшін  (әсіресе,  бұл, 
автордың  пікірі  бойынша,  бірінші  рет  жасалып  жатса)  бұл  пункттерді 
басшылықтың көмекші моменттері ретінде енгізген дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет