Сертификаттау


Стандарттаудың шетелдік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет26/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

1.7 Стандарттаудың шетелдік тәжірибесі 
 
Еуропалық  Одақ  (ЕО).
  Стандарттаудың  еуропалық  жүйесінің  негізгі 
қағидалары  тәуелсіз  және  билік  органдарымен  бірлесу  болып  табылады. 
Америкалық  жүйеден  айырмашылығы  стандарттаудың  еуропалық  жүйесі 
реттілігімен және ұйымдастырушылығымен көрінеді. 
Еуропада  стандарттау  бойынша:  ETSI  (Телекоммуникация  саласындағы 
стандарттардың  Еуропалық  институты),  СЕН  (Стандарттау  бойынша 
Еуропалық комитет) және СЕНЭЛЕК (Элетротехника саласындағы стандарттау 
бойынша  Еуропалық  комитет)  сияқты  үш  ұйым  жұмыс  жасайды.  Бұлардың 
барлығы  жекеменшік  болып  табылады.  Еуропалық  жүйе  Еуропалық  Одақ 
Кеңесімен  1985  жылы  қабылданған,  стандарттау  мен  техникалық 
регламенттерді  жаңаша  қарау  талаптарына  негізделген.  Бұл  құжат  «Ақ  кітап» 
деп аталған. 
Осыған  сәйкес  стандарттау  жөніндегі  мемлекеттің  қызметі  өнеркәсіптік 
өнімдерді  нарыққа  шығаруда  олардың  қауіпсіздігін  немесе  денсаулықты 
қорғауда  негізгі  талаптардың  орындалуын  бақылауға  негізделген.  Ерікті 
стандарттардың  рөлі  осы  талаптарды  сақтауды  қамтамасыз  ету  үшін 
техникалық  мәселелерін  шешеді.  Бұл  үшін  Еуропалық  комиссия  стандарттау 
бойынша  Еуропалық  ұйымдармен  өзара  түсіністік  туралы  Меморандумға  қол 
қойды  (1984  жылы).  Еуропалық  комиссия  осыған  сәйкес  жеке  техникалық 
талаптарды дайындамайтын болды. 
Сонымен  қатар  Еуропалық  жүйе  еуропалық  саудадағы  техникалық 
кедергілерді жоюға көмектесетін сыртқы және ішкі функцияларды орындайды. 
Ұлттық  жүйелерге  қарағанда,  еуропалық  стандарттаудың  артықшылығын 
қамтамасыз ету Еуропалық жүйе үшін тән сипат. 


 
25 
Егерде  берілген  салада  жұмыстар  жалпыеуропалық  деңгейде  жүріп  жатса, 
бұл қағидаға сәйкес ұлттық ұйым өзінің жеке стандарттарын дайындаудан бас 
тартуы  керек.  Сонымен  қатар  Еуропаның  барлық  ұлттық  ұйымдары 
жалпыеуропалық  стандарттарды  қабылдайды  және  еуропалық  стандарттармен 
бірдей  болған  жағдайда  өздерінің  жеке  стандарттарын  дайындаудан  бас 
тартады. 
Стандарттау бойынша негізгі ұлттық құжат Директивтер (directives) болып 
табылады.  Директивтер  мүше  елдердің  бекітілген  уақыт  аралығында 
орындалуы  тиіс  мақсаттарын  орнатады  және  ұлттық  органдарға  осы 
мақсаттарға жету үшін тәсілдер мен формаларды таңдауға мүмкіндік береді.
 
Директивтер  ережелер  сияқты  тікелей  әрекет  ету  құжаттары  емес. 
Директивтер  әрбір  мүше  елдерде  орнатылған  жеке  процедураларға  сәйкес 
ұлттық  заңдылықтағы  имплементацияға  жатады.  Бұл  тәжірибе  жүзінде  жеке 
елдің  деңгейіндегі  салалық  министрлікпен  бекітілген  техникалық  регламент 
болуы  мүмкін.  «Ақ  кітапта»  директивтерді  өнімге  арналған  талаптармен 
толтыру  тәжірибесінен  бас  тартуға  ұсыныс  білдірілген.  Техникалық  реттеу 
саласында  мұндай  тәсілдің  негізіне  немістің  стандарттау  бойынша 
заңдылығынан  алынған  нұсқаулық  әдіс  қойылды.  Бұл  тәсіл  төмендегілерге 
негізделген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет