4. Сәйкестік сертификатын беру. Өтінілген бұйымның сертификаттау
сынақтары нәтижелері оң болған кезде, сертификаттау органы тағайындалған
үлгіде басылған сәйкестік сертификатын береді. Берілген сәйкестік
сертификаттары ҚР МСЖ мемлекеттік реестрінде тіркеледі. Сәйкестік
сертификатының түрі мен жұмыс жасау мерзімі сертификаттау сұлбасына
байланысты және сертификаттау органымен бекітіледі. Көбіне, өнім
сертификатының мерзімі бұйымның жұмыс жасау, пайдалану немесе тарату
мерзіміне беріледі, бірақ 3 жылдан артыққа берілмейді. Өнімнің ілеспе,
техникалық, пайдалану құжаттарында жүргізілген сертификаттау туралы белгі
қойылады.