38
4.
Өнім сапасының, түрлерінің, маркаларының және типтік өлшемдерінің
тиімсіз көптігін болдырмау мақсатымен жобалау және өндіру саласындағы
нормалар, талаптар мен әдістерді тағайындау.;
5.
Бұйымды жөндеу мен пайдалануды тиімді ету, өзараауыстырымдылық
деңгейін көтеру, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және
мамандандырудың маңызды жағдайы болып табылатын, өнеркәсіп өнімдерін
бірдейлендіру және машиналарды агрегаттауды дамыту;
6.
Елімізде өлшеу бірыңғайлығы мен өлшем сенімділігін қамтамасыз ету,
физикалық шамалар бірлігінің мемлекеттік эталондарын, сондай-ақ жоғары
дәлдікті құралдар мен әдістерін одан әрі дамыту мен
жақсарту;
7.
Бірыңғай құжаттамалар жүйесін, автоматтандырылған басқару
жүйелерінде
қолданылатын
бірдейлендірілген
құжаттамалар
жүйесін,
техникалық-экономикалық ақпараттарды кодтау және жіктеу жүйесін, еңбекті
ғылыми ұйымдастыру техникалық құралдары мен өндірісті ұйымдастыру
пішімі мен жүйесін тағайындау;
8.
Ғылым мен техниканың маңызды аймақтарында бірыңғай терминдер
және белгілерді тағайындау;
9.
Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесін тағайындау;
10.
Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту
саласы стандарттары жүйесін тағайындау мәселелері қойылады.
Стандарттау жүйесі ұйымдастыру, қаржылық, кадрлық шаралар жүргізу
жолымен тұрақты жетілдіріледі. Мемлекеттік стандарттау жүйесі Қазақстан
Республикасы экономикасы мұқтаждықтарын максималды қанағаттандыру,
отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бәсекелестік қабылетін
жоғарылатуы, республикамыздың азаматтарының мүддесін қорғауы, нарықта
шет жақтан сапасы төмен тауар және қызметтің пайда болуының алдын алуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: