Сертификаттау


 Қондыруларды құрудың негізгі ауытқулары



Pdf көрінісі
бет80/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
2.7 Қондыруларды құрудың негізгі ауытқулары 
 
Біліктер мен тесіктердің негізгі ауытқуларының 28 нұсқасы қарастырылған. 
Олар латын алфавитінің әріптерімен a; b; c; ….; z; za; zb; zc –вал үшін, A; B; C; 
….; Z; ZA; ZB; ZC – тесік үшін белгіленеді (
2.11-сурет
). 
Негізгі ауытқу  – бір шеті нөлдік сызықпен (номиналды өлшем) жанасатын 
ауытқу  (жоғарғы  немесе  төменгі).  Негізгі  тесік  H  әрпімен,  ал  негізгі  білік  h 
әрпімен. 
Шақтама  алаңы  негізгі  ауытқудың  бірінің  бір  квалитеттің  шақтамасымен 
құрылады. Шақтама алаңы квалитеті көрсетіліп әріппен белгіленеді – A10; H8; 
F7; h7; n11; f6. 
1  ден  500  мм  дейінгі  өлшемдер  үшін  тәуірірек  көретін  шақтама  алаңдары 
бар.  Олар  машина  жасау  саласында  қолданатын  қондырулардың  90-95  пайыз 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  негізінен  нөлдік  сызық  маңына  топталатын  шақтама 
алаңдары.  Тәуірірек  көретін  шақтама  алаңдарын  қолдану  бұйымның 
унификаттау  деңгейін  көтеруге,  кесу  құралдары  мен  калибрлердің  түрлерін 
қысқартуға  мүмкіндік  туғызады,  өндірісті  біріктіру  және  қауымдастыру  үшін 
жақсы жағдай жасайды. 
Қондыруларды тесік пен білік шақтама алаңдарын құрамалаумен алынады, 
шақтама алаңының біреуі  міндетті  түрде  Н  немесе h  болуы  керек.  Стандартта 
ұсынылған тәуірірек қондырулар қоршалған сызықпен беріледі. 
Тесіктің  негізгі  ауытқулары  тесік  жүйесіндегі  қондыруды  қамтамасыз  ету 
үшін  ыңғайланып  жасалған.  Бірдей  әріппен  белгіленген  білік  пен  тесік  негізгі 
ауытқулары  абсолюттік  мәндері  бойынша  бірдей  келгенімен,  белгісі  бойынша 
бір-біріне қарама-қарсы болады. 
Тесіктің негізгі ауытқуын анықтауға арналған жалпы ереже: 
EI = es A -дан H дейінгі негізгі ауытқуларда, 
ES = ei J -дан ZC дейінгі негізгі ауытқуларда. 
Бұл ереже тесіктің негізгі ауытқуы сол әріппен белгіленген біліктің негізгі 
ауытқуына нөлдік сызыққа симметриялы орналасқанын көрсетеді. 
Шақтама  алаңы  негізгі  ауытқумен  анықталатын  көлденең  сызықпен 
шектеледі. Шақтама алаңын шектейтін екінші шекті ауытқу негізгі ауытқу мен 
қабылданған квалитет шақтамасымен анықталады. Егер негізгі ауытқу жоғарғы 


 
75 
болса,  онда  төменгі  ауытқу:  білік  үшін  ei  =  es  –  IT,  тесік  үшін  EI  =  ES  –  IT 
болады. Егер негізгі ауытқу төменгі болса, онда жоғарғы ауытқу: білік үшін es 
=  ei  +  IT,  тесік  үшін  ES  =  EI  +  IT  (ei,  es,  EI,  ES  ауытқулары  белгісі  ескеріліп 
алынады). 
Түйіспелі  тетіктер  үшін  қондыруды,  шақтама  алаңының  ең  жақын 
сызығынан  нөлдік  сызыққа  дейін  негізгі  ауытқудың  мәні  тағайындайды. 
Жоғарғы  (егер  шақтама  алаңы  нөлдік  сызықтан  жоғары  орналасса)  немесе 
төменгі  (егер  шақтама  алаңы  нөлдік  сызықтан  төмен  орналасса)  ауытқуларды 
негізгі  ауытқулар  және  таңдап  алынған  квалитет  шақтамасы  бойынша 
анықтайды. 
 
Саңылаулы қондырулар үшін қолданатын білік шақтама алаңының жоғарғы 
ауытқулары (a-дан g дейін) және сәйкес тесіктердің төменгі ауытқулары (A-дан 
G дейін) абсолюттік мәндері бойынша бірдей алынатындықтан тесік және білік 
жүйесіндегі аттас қондырулардың саңылаулары бірдей. 


 
76 
 
+62 
+39 
+25 
+16 
H6     H7        H8       H9 
 
+17 
+33 
+42 
 
n6       n7 
+25 
+50 
+64 
 F7      F8 
 -25 
-41 
-50 
-64 
  
f6       f7         f8 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет