Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет133/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Өлшеу құралдары (ӨҚ) 
Техникалық өлшеу құралдары негізгі 3 топқа бөлінеді: 
1.
 
Өлшем
  –  бұл  берілген  өлшемде  физикалық  шаманы  көрсетуге  та-
ғайындалған ӨҚ. Бірмәнді өлшем – бір өлшемдегі физикалық шама (гір тасы). 
Көпмәнді өлшем – бір атты шамалардың әртүрлі өлшемдегі қатары (сызғыш). 
Стандартты  үлгі  –  заттың  құрамы  немесе  құрылымын  сипаттайтын  шама 
бірліктеріне арналған өлшем. 
Үлгілік  зат  –  бұл  белгілі  құрамы  бар  зат,  затты  дайындағанда  бекітілген 
көрсеткіштерді сақтайды. 
2.
 
Калибрлер
  –  берілген  шекарада  өлшемдерді,  бөлшек  пішіндерін  және 
беттердің  өзара  орналасуын  табу  мен  бақылауға  тағайындалған  құрылғылар 
болып  табылады.  Оларға  тығындар,  жақтамалар  және  бұрандалық  калибрлер 
жатады. 
3.  Әмбебап  ӨҚ 
–  диапазонда  нақты  мәндерді  анықтайды,  олар  берілген 
диапазонда  өлшемді  анықтай  алатын  калибрлерден  осы  қасиетімен 


 
126 
ерекшеленеді. Олардың төмендегідей түрлері бар: 
– өлшеу аспабы – бұл бақылаушыға тікелей қолжетімді  пішінде өлшенетін 
ақпараттардың дабылын туғызатын құрылғы; 
–  өлшеу  жүйесі  –  бұл  өлшемдердің,  өлшеу  аспаптарының,  өлшеу 
түрлендіргіштерінің  және  өзара  байланыс  каналдарымен  байланыстырылған 
көмекші  құрылғылардың,  яғни  ӨҚ-ның  жиынтығы.  Ол  автоматты  өңдеуге 
ыңғайлы пішінде, өлшенетін ақпараттардың дабылын алуға, оларды автоматты 
басқару жүйелеріне қолдану үшін беруге тағайындалған. 
Үлгілік  ӨҚ  –  эталондардан  физикалық  шама  бірліктерінің  өлшемін  беруге 
немесе  жұмысшы  ӨҚ-на  дәлдігі  жоғары  үлгілік  өлшеу  құралдарын  беруге 
тағайындалған. 
Үлгілік  өлшеу  құралдарына  арналған  талаптар  ГОСТ  8.382-80 
мемлекетаралық стандартына сәйкес. 
Үлгілік ӨҚ – бұл өлшеу құралдарынан бірлік өлшемі ең жоғарғы дәлдікпен 
беріледі. Үлгілік өлшеу құралдары разрядтарға бөлінеді, 1 разряд – ең жоғарғы 
дәлдік. 
Жұмысшы ӨҚ – тәжірибеде өлшеу үшін қолданылады. 
Өлшеу  аспабы  –  бұл  бақылаушыға  тікелей  қолжетімді  түрде  өлшенетін 
ақпараттардың  дабылын  алуға  тағайындалған  ӨҚ.  Нәтижелер  есептік 
құрылғыларда – шкалалық, сандық және тіркеуші түрінде беріледі. 
Аспаптар әрекет ету қағидасы бойынша төмендегідей болады: 
1.  Тікелей  әрекет  ету.  Шама  өлшемін  тікелей  алады.  Аспапта  алынған 
нәтижелерді басқа аспаппен (термометр) салыстырудың қажеті жоқ; 
2.  Салыстыру.  Шаманы  белгілі  шамамен  салыстыру  арқылы  анықтайды 
(рычагты таразылар). 
Аспаптар  көрсеткіштердің  түзілу  тәсілі  бойынша  көрсетуші  (аналогтық 
және сандық) және тіркеуші болып бөлінеді. 
Аналогтық – бұл шкаласы бар тілшелік аспаптар, көрсеткіштер – өлшеудің 
үздіксіз функциясы. 
Сандық – таблодағы дискретті мәндер. 
Тіркеуші аспап – баспа құрылғысы бар аспап. 
Өлшеу  түрлендіргіш  –  алдағы  уақытта  беруге  және  түрлендіруге  ыңғайлы 
түрде  өлшеу  ақпараттарын  алуға  қызмет  ететін  ӨҚ,  бірақ  тікелей  қабылдауға 
ыңғайлы емес. 
Кез  келген  әмбебап  өлшеу  құралы  тағайындалуымен,  әрекет  ету 
қағидасымен, 
құрылымының 
ерекшелігімен 
және 
метрологиялық 
сипаттамаларымен сипатталады. 
Метрологиялық сипаттамалар: 
1. Y
н
 – бірмәнді өлшемнің номиналды мәні; 
2. Өлшеу аспабының шкаласының бөліну бағасы: 
I = X
i+1 
- X

мұндағы  X
i+1 
,  X

–  шкаланың  екі  көрші  белгілеріне  сәйкес,  өлшенетін 
шаманың мәндері;
 
3. Өлшеу аспабының шкалаларының шектері Х
max , 
X
min 

R = Х
max  
- X
min. 


 
127 
4. Аспаптың сезімталдығы – аспаптан шығардағы дабылының өзгеруінің 
өлшенетін шамаcының өзгеруін туғызған шамаға қатынасы; 
S
t
U


мұндағы t – аспаптың нұсқағыш тілшесінің ығысуы, S – өлшенетін 
шаманың өзгеруі (өлшегіш стерженнің ығысуы) 
5. Басты көрсеткіш – дәлдік қателікпен Δ сипатталады. Өлшеудің абсолютті 
қателігі – бұл өлшеу арқылы алынған мән Х
изм
 мен оның нақты мәнінің Х
ист
 
өзара айырымы болып табылады. 
ист
изм
Х
X



 
Өлшеудің қатысты қателігі – бұл өлшеудің абсолютті қателігінің Δ 
өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасы Х
ист

ист
ист
изм
ист
отн
Х
Х
Х
Х





 
Эталон
  –  бұл  ерекше  дайындалған  және  орнатылған  ретпен  арнайы 
бекітілген өлшеу құралы. Бұл құралдар салыстырып тексеру сұлбасы бойынша 
төменде  тұратын  өлшеу  құралдарына  (ӨҚ)  өлшемді  беру  мақсатымен  өлшеу 
бірліктерін сақтауды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет